Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет336/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Түсініктеме хат мазмұны

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.


Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру – біздің парызымыз.
Мәдениетімізді бір қырынан көру үшін сол өнердің хас шеберлері А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерін, қазақ сурет өнеріне енген рухани байлығын мұражайларға саяхат барысында танысып, білімдерін молайту.
Өнер – адамның әлемді көркемдік жағынан игеру жөніндегі әрекеті. Өнер арқылы адам өзінің эстетикалық дүниетанымын білдіреді. Өнерге неғұрлым дұрыс анықтама берген Н.Г. Чернышевский: "...Өнердің мазмұны – өмірдегі жалпы қызығушылық... өмірде адамның қызығушылығын тудырғанның бәрін бейнелеу" ("Өнердің шындық болмысқа эстетикалық қатынасы") деп жазған.
Өнер – өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнелейтін, қоғамдық сана мен адам іс-әрекетінің өзіне тән ерекшеліктерімен дараланатын форма. Өнер халықтың өмірін жай сәулелендіріп қана қоймай, ойын жетілдіреді, шығармашылығын дамытады. Өйткені өнер – әсемдіктің ең жоғары түрі.
Өнер өмірде болған оқиғаларды қаз-қалпында алмай, өзгертіп, түрлендіріп, көркем образдарды типтендіру арқылы сомдайтын эстетикалық құбылыс. Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты – дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру. Көркем шығарманың бел ортасында нақты бір тарихи жағдайда алынған жеке адам тағдыры, адамдардың қоғамдық қатынастары мен қызметтері тұрады. Олар суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі, құрылымдық келбеті, көркем бейне жасаудың материялдық арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай өнердің:
1   ...   332   333   334   335   336   337   338   339   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет