СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР
`(Кілем тоқып үйренеміз)
8-9 сынып оқушыларына арналған
( аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
Исмаилова Санимгуль Исраиловна
№148 Мектеп гимназиясының технология пәні мұғалімі
Пікір жазған: Алашабаева Ұ., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, кәсіптік білім кафедрасы, техника ғылымдарының магистрі
Түсініктеме хат мазмұны
Сәндік - қолданбалы өнер сабақтарын өткізгенде, бағдарламада тек қолмен жасалатын жұмыс түрлері қарастырылған. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері әр түрлі болып келеді және өте бай өнер. Сәндік - қолданбалы өнерге адам тұрмысын көріктендіретін, күнделікті адам пайдаланатын бұйымдарды, үйдің ішкі бұйымдарын жатқызады. Сондықтанда оның дәстүрлерін және тұрмыста қажетті, пайдалы заттарды жасау үстінде оқып үйренгені жөн.
Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен білім деп түсінген халқымыз «Білім таусылмас кең, өнер өлмес мұра» дегенді насихаттап келген. Демек, жас ұрпақты қол өнерге уағыздай отырып, тәрбиелеу деген ұғымды білдіріп отыр. Оқушылардың бойындағы шеберлікті дамыту, талантты балаларды табу. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, қолөнерді қастерлеуге тәрбиелеу. Өнер адамдарының іс-тәжірибесін оқып үйрену, қолдану шеберлігін дамыту. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді деп ойлаймын. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу. Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлікті талап етеді және адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйретеді.
Бұл авторлық бағдарламаны жасауда өзімнің жылдар бойы жасаған тәжірибемді пайдаландым. «Кілем тоқып үйренеміз» бағдарламасы оқушыларға тәрбиелік мәні бар, көркемдік шеберліктің үлгісі. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп тәрбиелеуді көздейді. Бағдарлама бойынша жас ерекшеліктеріне байланысты 8-9 сыныпта оқитын оқушылармен сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |