Математикадан білім алушыларды математикалық заңдылықтармен таныстыра отырып өмірде еркін бағдар алуына қажетті білім мен біліктіліктерін қалыптастыру;
Білім алушылардың математикалық білімдерін өмірде қолдануға үйрете отырып функционалдық сауаттылығын арттыру және сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Ұлттық сана және білім берудің байланысын жандандыру;
Білім алушыларға тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеп, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстыра, салыстыра отырып асыл қазынамызды бойына сіңдіру;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы құндылықтары негізінде төл тарихы мен салт-дәстүрін білетін, бағалайтын және мақтан ететін болашақ ұрпақты тәрбиелеу.
Бағдарламаның міндеттері:
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін шыңдау;
Пәнаралық байланысты жетілдіру;
Қосымша әдебиеттермен, ғаламтор ресурстармен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
Оқуда алгоритм құра білу және берілген алгоритм бойынша жұмыс істей білу;
Оқушылардың интеллектуалды дамуына, өз білімін өз бетімен толықтыруына жол ашу;
Оқытылып отырған мағлұматтардың адам өміріндегі маңыздылығынан туындап отырғанын көрсету;
Тарихи мағлұматтарды зерттеп, мәліметтерді математикалық тұрғыда есептей білу;
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау;
Математикалық сауаттылықты қалыптастыру, математикалық формулаларды практикада қолдана білуге жаттықтыру;
Топпен жұмыс жасау қабілетін дамыту;
Кері байланыстың тиімділігін арттыру;
Оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану;
Сөз қорын толықтырып әрі өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу;
Математикалық термин сөздерді латын әліпбиі арқылу жазуға үйрету.