Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет242/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Шадиев Кайратбек Хамзаханович
№178 лицейдің физика пәнінің мұғалімі

Пікір жазған: Қошанов Б. Д. – Математика және модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.




Түсініктеме хат
Курстың өзектілігі:
Білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты, мектеп физикасында табиғат құбылыстарын зерттеп оқып-үйренуде, оқыған материалды терең меңгеруде, теориялық материалдарға қатысты әртүрлі деңгейдегі есептерді шығаруда және оқушылардың сауаттылығын арттыруда бұл бағдарламаның үлкен роль атқаратыны, қажеттілігі - өмір талабынан туындап отыр.
Қазіргі заман талабына сай физика және астрономияны оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін құру жеке оқушыны жан-жақты дамыту және оның ой-өрісін кеңейту мақсатында жүргізіледі. Элективті курстың бұл түрі физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету – бағдарлы оқытуды ұйымдастыру, оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға дайындау, жеке тұлғаны интеллектуалды дамыту мақсаттарын басты бағытта ұстайды.
Орта жалпы білім беретін мектептердің физиканы тереңдетіп оқытылатын сыныптарына арналған бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама физиканы меңгерудің жоғары деңгейін қалыптастыруды қамтамасыз ететін негізгі бағдарлы элективті курсы мазмұны жағынан мектептегі негізгі курстың оқу бағдарламасына сәйкес құрылған және негізгі бағдарламалық курстың толықтыруы, онда қамтылмай қалған қажетті материалдарды оқушыларға қамтамасыз етеді.
Бағдарламада теориялық материалдар, практикалық жұмыстар, оқушылардың курс бойынша алған білімдерін тексеру, бағалау мақсатындағы бақылау , тест жұмыстары толық қамтылған.
Ұсынылып отырған бағдарлама қазіргі заман талап етіп отырған қажеттілік пен сұранысқа сәйкес туындап отыр.
Элективті курстың мақсаты:
Қоғам талабына сай білім беруде элективті курстың бұл түрі төмендегі мақсаттарды басты бағытта ұстайды:

  • физика пәні бойынша білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету – бағдарлы оқытуды ұйымдастыру;

  • мектеп бағдарламасын тереңдетіп оқыту және эксперименттік дәлелдемелеріне көз жеткізу;

  • пәнаралык (химия математика т. б) байланысты нығайту, физиканын қажеттілігін, маңыздылығын ұғындыру;

  • оқушыларды олимпиадалық есептерді шығаруға элективті курстар арқылы әзірлеу;

  • алған теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету;

  • дүниенің қазіргі замандағы физикалық бейнесі – табиғаттың біртұтастығы оның физикалық мәнін жеке тұлғаның саналы түрде түсінуін, интеллектуалды дамуын қалыптастыру.

Курсты оқытудың басты мақсаттарынан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Есеп шартын, әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай талдау дағдысын қалыптастыру;

  • Есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құрылыста сипаттай білуге үйрете отырып, математикалық аппаратты дұрыс қолдана білу; есептің дұрыс шығарылғандығын «БХЖ» жүйесінде анықталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін тексеруге айырықша көңіл бөлу керек.

  • физикалық процестерді түсінуге және есеп шығаруды жеңілдетуге икемдік беретін есептердін суреттеріне, графиктеріне, сызбеларына, кестелерге, физикалық тұрақтылар ға назар аудару.

  • оқушыларды теорияны берік меңгеруге, есеп шығарудың дағдылары мен мәдениетін қалыптастыруға үйрету.

  • лабораториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерін эксперименттік түрде дәлелдеуіне назар аудару.

Элективті курсты оқу барысында оқушылар төмендегі теориялық материалдарды оқып үйреніп, практикада қолдана білуі тиіс.

  • оқушылар теорияны толык меңгеріп, есеп шығарудың дағдылары мен мәдериетін қалыптастырады;

  • лабораториялық жұмысты орындау барысында теориялық білімдерін эксперименттік түрде дәлелдей білуі керек;

  • әрбір тақырыпта есептің барлық түрлері, оның ішінде сапалық, графиктік, есептеуге арналған тапсырмаларды күрделігіне қарай орындай білуі керек;

  • есеп шығаруда анықтамаларды, кестелерді, сызбаларды, қосымша материалдарды тиімді пайдалана білуі керек;

  • есеп шығаруды бастамас бұрын физикалық құрылысты сипаттай, математикалық аппаратты дұрыс қолданып, аныкталатын физикалық шаманың өлшем бірлігін «ХБЖ» жүйесінде тексере білу керек;

«Физиканы терең меңгеруге қажетті жоғары деңгейдегі есептер шығару» курсының ерекшеліктері:

  • Оқушылардың білім дәрежесінің және жеке қабілеттілігінің әртүрлілігіне байланысты деңгейлік тапсырмалар беру:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет