Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет12/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Иманбаева Кульжамал Джакизовна


№148 мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі
Пікір жазған: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қадырбаева Б.А.


Түсініктеме хат
Тұңғыш президент «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс...» -деп ерекше атап өткен. Осы мақсатқа жетуде математика пәнінде қазақтың көне өлшем бірліктерін пайдаланып әртүрлі деңгейдегі математикалық есептер шығару және шығармашылық зерттеулер жүргізу өте маңызды деп ойлаймын. «Қазақтардың көне өлшем бірліктері» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар бере отырып, оқушылар ауқымды зерттеулер жүргізеді.
Курс барысында мұғалім мен білім алушылардың жинаған мәліметтері мен құрастырған есептері оқушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттырумен қатар математикалық білім деңгейін көтереді. Яғни шәкірттеріміздің математика пәніне деген қызығушылығын арттыруда аталмыш курстың маңыздылығы зор. Білім алушыларға тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеп, өткен күн мен бүгінгі өмірді байланыстыра, салыстыра отырып асыл қазынамызды бойына сіңдіруде бағдарламаның орны ерекше деп ойлаймын.
Курс барысында білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті дамып, пәнаралық байланысты жетіледі, оқушы зерттеп, есептей біледі.
Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұны аясында және 6-сынып оқушысының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жоғары сыныптардағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың алғашқы қадамдарының бірі болып саналады.
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақтың көне өлшемдерін жастарға таныту, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру, яғни оны күнделікті өмірде, практика жүзінде және математикалық есептеулер жүргізуде қолдана білуге жаттықтыру.
Бағдарламаның міндеттері:

  • Қолданыста болған математикалық өлшемдер атаулары мен бірліктерін саралау;

  • Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептерін жинақтап, бір жүйеге түсіру;

  • Қазақтың ежелгі өлшеулер әлемінен хабардар болу, қазақ халқының тәжірибесіндегі заттың ұзындығы мен сыйымдылығын саусақпен өлшеу жолдарын ұғыну және халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен ата –бабамыздың тыныс-тіршілігі екенін дәлелдеу. Осы орайда көшпелі ұлы халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан есептеріне байланысты наным-сенімдерінің құпиясын ашып, сырына қанығу;

  • Қазақтың байырғы қара есептерімен танысып, оған есептеулер жүргізу;

  • Математикалық сауаттылықты қалыптастыру, математикалық формулаларды практикада қолдана білу;

  • Оқушының білімін тереңдету, мұғаліммен бірлескен шығармашылық жұмысын дамыту;

  • Білім алушының зертеушілік қабілетін дамыту, жинақталған мәліметтерді талқылау және қортынды жасау әрі математикалық пайымдау жасау;

  • Математикалық білімдерін өмірлік жағдайда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде қолдана білу;

  • Топпен және жеке жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет