Управление образования города алматы городской научно-методический центр новых технологий в образовании



бет13/384
Дата05.12.2023
өлшемі2,35 Mb.
#195116
түріСборник
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   384
Байланысты:
Факултатив

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім
«Қазақтың көне өлшем бірліктерін математикада қолдану» курсы бағдарламасы аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат және мынадай мазмұннан тұрады:
1. Кіріспе. Бағдарламаның өзектілігі, мақсаты мен міндеті 1 сағат;
2. І модуль Ұзындық өлшем бірліктері - 5 сағат.
Саусақпен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері(елі,тұтам,буын,сүйем,сере,қарыс,кере қарыс)
Қолмен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері (білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кез, кереқұлаш)
Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшем бірліктері (табан, адым-қадам, аттам)
Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшем бірліктері (көген, арқан бойы, қазық бойы)
3. ІІ модуль Қалыңдық пен тереңдік өлшем бірліктері- 2 сағат.
Қалыңдық өлшем бірліктері (бұлт, пышақ сырты,шынашақ, елі, бармақ, сере, табан)
Адам бойына байланысты тереңдік өлшем бірліктері (тізе бойы, белуар, кіндік бойы, кісі бойы)
4. ІІІ модуль Қашықтық өлшем бірліктері-3 сағат.
Өте жақын қашықтық өлшем бірліктері (аттам жер, бөрік тастам жер, қозы көген жер, қол созым жер, иек артпа жер,қырық қадам, тас лақтырым жер, таяқ тастам жер)
Жақын қашықтық өлшем бірліктері (ат жетер жер, ат шаптырым жер, аяқ жетер жер, әудем жер, қозы көш жер, құнан шаптырым жер, тай шаптырым жер, сәскелік жер, талай жер, дауыс жететін жер)
Өте алыс қашықтық өлшем бірліктері(ит өлген жер, )
5.ІV модуль Салмақ өлшем бірліктері-2 сағат.
Салмақ өлшем бірліктері (мысқал, қадақ)
Ауырлық өлшем бірліктері (келі, пұт, батпан)
6. V модуль Сыйымдылық өлшем бірліктері-2 сағат.
Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшем бірліктері (шымшым, шөкім, бір уыс,тілім,түйір)
Бұйымға байланысты сыйымдылық өлшем бірліктері (бір жұтым,бір көнек сүт, бір шелек, бір қап)
7. VІ модуль Аудан өлшем бірліктері-2 сағат.
Аудан өлшем бірліктері (алақандай, етектей, танап, тепе, түймедей, теңгедей, ауыл аймағындай, бір жапырақ ет,)
8. VІI модуль Көлем өлшем бірліктері-4 сағат.
Азық - түлікке қатысты өлшемдер (бір бұршақ, бір пітір бидай, бір әшімөңке шай, бір қайнатым шай, бір шөкім тұз)
Көлем өлшем бірліктері (бармақтай, жұдырықтай, ат басындай, үйдей, таудай)
Шығармашылық жұмыстар (Қазақтың көне өлшем бірліктерінің нақты өлшемдерін есептеу)
9. VІII модуль Уақыт өлшем бірліктері-2 сағат.
Аптаға байланысты уақыт өлшем бірліктері (бүгін, ертең, бүрсігүні, арғы күні, қасиетті күн, соңғы
күн, азына, түнеугүні)
Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері (ас пісірім, ет асым, ет қайнатым, сүт пісірім)
10. IX модуль Мезгіл өлшем бірліктері-2 сағат.
Тәулік мезгілдерінің атауы ( алаң-елең, құлан сәрі, таң сәрі, сәске,таң, таңертең, алатөбе, сәске түс,
ұлы сәске, сиыр сәске)
Жыл мезгілдерінің атауы (жазғұтыры, жаз, күз, қыс)
11. X модуль Экологиялық уақыт өлшем бірліктері-1 сағат.
Экологиялық уақыт өлшемі (ай туғанда, күн батарда, күн күркірегенде, қансонарда, қырау түскеде,
шөп сарғайғанда, таң бозарып атқанда)
12. XI модуль Жыл санау және мүшел жас-2 сағат.
Қазақша жыл санау (тышқан жылы,сиыр жылы, ..., биыл, былтыр, бұрынағы жыл, одан арғы жыл,
бұрынғы жылдары)
Мүшелі жас (13 жас-ер жете бастау, 25 жас-жігіттік шақ, 37 жас-ақыл тоқтау, 49 жас-орта жас)
13. XII модуль Қорытынды-6 сағат.
Қазақтың көне өлшемдерін практикада қолдану (бөлменің ауданын табу, қоршаудың ұзындығын
табу, шұңқырдың тереңдігін өлшеу, арақашықтықты есептеу, уақытты болжау, статистикалық дерек, және т.б.)
Қазақтың көне өлшемдерін математикалық есептеулерде қолдану (периметр, аудан, көлем,
жылдамдық, қатынас және т.б.)
Қазақтың қара есептерін шығару («Түлкі мен ешкі» есебі, «Шырылдауық шегіртке» есебі, «Сәтемір
хан және ақсақ құмырсқа» есебі, «Баянауыл омартасы» есебі, «Жылқыға жем беру» есебі, т.б.)
Шығармашылық жұмыстар (Қазақты көне өлшем бірліктерін қолданып есептер қрастыру)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   384




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет