Сабақтың мақсаты
|
оқушыларға етістіктердің мағынасына қарай сабақты етістік пен салт етістіктер болып бөлінетіндігі жайлы толық мәлімет беру.
ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру. Әулеттің дәстүрлері туралы айта білуге жаттықтыру, сыни ойлау қабілеттерін арттыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Сыни ойлауға жаттығады;
Етістіктің сабақты және салт түрлерін ажырата алады;
Өзін-өзі бағалай алады;
Топпен ,жеке, жұппен жұмыс жасай алады.
|
КЕЗЕҢДЕРІ
|
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ
|
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
|
БАҒАЛАУ
|
РЕСУРСТАР
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық тренинг «Шеңбер шаттығы».
Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолдарынан кезекпен алып, үш тілде «сәлем, привет, hello » - деп, бір-бірімен амандасады.
3.Топқа бөлу түрлі түсті кеспелер арқылы).
|
Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.
3 топқа бөлінеді.
|
|
кеспелер
|
Үй тапсырмасы
|
Ережелерді жатқа сұрау.
Мәтін мазмұны.
Сөйлемдерін тексеру.
|
Өзара әңгімелейді. Ережелерді жатқа айтып береді.
|
|
|
Қызығушылықты ояту
|
«Сұрақ-жауап» әдісі.
1. Етістік деген не?
2. Сұрақтары.
3. Түрлерін атаңдар.
4. Етістіктің шақтары.
5. Етістіктің райлары.
6. Сөйлемде қандай қызмет атқарады?
7. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
8. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптардың
айырмашылығы.
Топтастыру әдісі.
Әр топ әулеттің дәстүрлері туралы постер құрастырады.
|
Сұрақтарға жауап беру.
Постер құрастырып, қорғайды.
|
Үш шапалақ
Мадақтау
«Екі жұлдыз бір тілек»
-Не ұнады?
-Не ұтымды болды?
-Менің ұсынысым!
|
Постер, А3 парағы, маркер
|
Мағынаны тану
|
Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс
Әр топқа мәтін таратылады.
Әр топқа тарауларды таратып беріп тапсырма беру.
Оқиды, мазмұндайды.
*/Тіл білімі.
Етістіктер мағынасына қарай сабақты етістік және салт етістік болып екіге бөлінеді. Мағынасы жағынан табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер сабақты етістіктер деп аталады. Сабақты етістіктер кімді? нені? деген сұрақтарға жауап беретін табыс септіктегі сөзбен байланысады. Мағынасы жағынан тура нысанды – табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістіктер салт етістіктер деп аталады. Мысалы: Қаладан қайт, үйден келді, баламен келді.
Етістік заттың қимылының, іс-әрекеттің аты болса, адамға тән қимылды атау.
**Ойлан, орында. Сәйкестендіру әдісі.
Сәйкесін табыңыз
• Қонақасы ------------------ Алыс сапардан келген жолаушының туыстарына сыйы
• Дәм ауыз тию ------------ Жақын туыстарға сүр еттерден жіберу
• Ерулік ----------------------- Алыс сапардан келген жолаушының туыстарына сыйы
• Қалау ------------------------ Қымыз ашыту маусымына байланысты
• Қымызмұрындық ------- Қарызынан құтылуға көмек көрсету
• Жұртшылдық ------------- Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізу
• Базарлық ------------------ Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін иеленуі
Сарқыт ------------------------ Туған – туыстарға, жаңа көршілерге дастархан жаю -
|
Берілген тапсырманы топтасып орындайды.
Сабақты мен салт етістікті меңгереді.
Тапсырманы топта орындайды.
|
Бақылау
Мадақтау
Формативті бағалау
Бақылау
Өзара бағалау
|
Үлестірмелі парақшалар
Кесте
Үлестірмелі парақшалар
|
Ой толғаныс.
|
Кері байланыс: Нысанаға стикер жапсыру арқылы өзді-өзі бағалау
|
Нысанаға стикер жапсыру арқылы өз-өзін бағалайды.
|
Үш шапалақ
|
Стикер
|
Сабақты қорытындылау
|
Үйге тапсырма:
Мазмұндау. Ережелер, әр топ коллаж жасайды.
|
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.
|
|
|