Қазақстан ауылдары- күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуде. Қалаға қарағанда жұмыссыз және кедей адамдар саны жоғары. Себебі көптеген ауылдардың инфрақұрылымының жоктығы - сапасыз жол, ірі қалалардан шалғайда орналасуы, кішігірім мекемелердің жабылуы, сапалы судық жетіспеуі, т.б.
Бұл проблема көбінесе экономикалық және экологиялық тұрғыдан болашағы жоқ ауыл дарга тән. Қазіргі кезде мемлекетіміз ауылды дамыту үшін қыруар қаржы бөлуде. Нәтижесінде Қазақстан ауылдарының сырт келбетінің жақсаруына әсерін тиғізуде (барлық жерде бірдей емес). Негізгі ауыл саясаты бірінші — болашағы бар ауылдарды жаңғырту, екінші - болашағы жоқ ауылдың тұрғындарын қолайлы ауыл немесе қалаға көшіру.
Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану.
Сендер білетіндей халықтың орналасуы - кеңістіктегі халықтың
қоныстануы. Негізгі әсер етуші процесс - табиғат, тарихи-экономикалық жағдайы. Алғашында өмір сүруге қолайлы аудандарға қоныстану басталды. Техниканың дамуына сай және халықтың көбеюіне байланысты қолайсыз аудандарда біртіндеп игеріле бастады. Қазақстанда тарихи қалыптасқан екі қоныстану аймағы бар. Солтүстік және Оңтүстік Алтай тауының етегінде бірігіп негізгі қоныстану белдеуі болып есептелінеді. Негізгі белдеуі 1 / 3 аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған аудандар да осы белдеуде орналасқан (солтүстік, оңтүстік). Бұл белдеуде басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркөсіптер орналасқан.
Қазақстанның ішкі аймақтары маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет) және кішігірім жерлерге шоғырланып қоныстану басым. Ең ірі ресурстар осы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде салыстырмалы түрде табиғат жағдайының қолайсыздығынан өмір сүру қиын. Соңғы жылдары халық негізгі белдеуде жинақталуда.
Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы агломерациялар негізгі белдеуде қалыптасады. Нәтижесінде барлық еңбек әлуетін мемлекетті модернизациялау бойынша жұмылдыруға мүмкіншілік жасайды.
Ендігі жерде халықтың облыстар және ірі аудандар бойынша орналасуына көңіл бөлейік.
Аймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км²-нан келеді. Маңғыстау облысындаАймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км²-нан келеді. Маңғыстау облысында 3 адамнан артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді.
Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы. Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық).
1) қаланың және халқының өсуі;
2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;
3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.