т.ғ.к., аға оқытушы: Жанганатова Калимаш Нуратдиновна
Жоспар :
Жаңғыру және урбанизация.
Миграция. Жаһандық урбанизация. Ауылдық жердегі өмір.
Қоғамдық қозғалыстардың бастаулары мен түрлері.
Қоғамдық қозғалыстарға әсер ететін микро және макро-факторлар.
Қоғамдық қозғалыстың өмірлік циклы.
Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын халыққа арналған Жолдауында экономикадағы жаңа бағыт-бағдары айқындайды. Жолдауда урбанизация және құрылыс саласын дамыту жолдары нақтыланды.
Агломерациялар мен қала маңы арасында көліктік инфрақұрылымды дамыту туралы ұсыныстар әзірлеу
Урбанизация
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы «қалалық» деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл - қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
«Урбанизация» ұғымын «урбанизациялану» ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны («урбанизация қарқыны»)
Урбанизация үрдісі осылардың арқасында жүреді:
ауылдық елді мекендердің қала статусын алуы;
қала маңы аудандарының пайда болуы;
ауылдық жерлерден қалаға қарай миграция.
қала халқының табиғи өсімі;