Бақылаушы топпен бірге жоспарланған тізбектелген 4 сабағымның 3-сабағы «Предложение» тақырыбында өтілді. Сабақты «1-2 қайырлы күн » деген тренингпен бастадым. Оқушылардың сөздік қорын нығайту , зеректігін байқау мақсатында. Оқушылар сөйлемді құрастыру арқылы екі топқа біріктірілді.Сөйлемдер қайтадан оқушылардың мектептегі достарына байланысты берілді, әрі сөйлем құрылып оқылған соң, тақырып анықталды. Бұл әдіс әрі миға шабуылмен біріктірілді.
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап бойынша сұралды. Жаңа тақырып электронды оқулық арқылы түсіндіріліп, мәлімет слайд арқылы толықтырылды. «Кинотүсірілім» әдісі бойынша оқушылар тобына берілген мәтін бойынша әр топ мүшесі А4 бір сөйлемге бейне түсірді. Сергіту сәтінде балдарды ортаға шығарып «Браун қозғалысы» әдісі бойынша орындады. Сосын «Супермаркет» стратегиясында топ мүшелері тобындағы бір оқушыны жарнама жасап, бойындағы бар жақсы қасиетін айтып шығады. Оқулықпен жұмыс болып, бір-бірін бас бармақ арқылы бағалады. Кері байланыс алынды.
А оқушы өзің тапсырмаларын мінсіз орындады. Үй тапсырмасын жоғары деңгейде айтып берді.Топ мүшелерін барлық стратегия бойынша жетелеп отырды.
В оқушы үй тапсырмасын орындап келген, ережені кішкене кідіріп жауап берді. «Кинотүсірілім» әдісі бойынша өзіне бөлінген сөйлем бойынша жақсы атқарып шықты. «Супермаркет» стратегиясында топ мүшелеріне көмек берді.
С оқушы психологиялық жағдаятта «1-2 қайырлы күн » тренингте жаңылысып барып туралап айтты.Үй тапсырмасын мұғалімнің жетелеуімен мысал келтірді.
«Кинотүсірілім» әдісі бойынша өзіне берілген сөйлемге сурет салған. Сөйлемді оқып берді. «Супермаркет» стратегиясында қызығушылық танытты. Ең бастысы жауапкершілікті сезінді.
Достарыңызбен бөлісу: |