ІV. Электромагниттік толқындардың толқын ұзындығы, Т периоды, с жылдамдығы, ν тербеліс жиілігі арасындағы қатынастар механикалық толқындардағы сияқты өзгеріссіз қалады: λ = сТ = с/ν . Вакуумдегі толқын ұзындығы λ, ал заттағы шамасын λʼ деп белгілесек, онда жоғарыдағы формулаларды ескере отырып, мына өрнекті аламыз: λʼ = υТ = υ/ν = с/n•с/λ = λ/n V. Тербелмелі электрлік контурда пайда болатын электрлік тербелістердің периоды Томсон формуласымен анықталады: Т = 2π √ LC λ = сТ = с/ν өрнектеріне сәйкес берілген жиіліктегі немесе толқын ұзындығы кез-келген электромагниттік сәулелерді ала аламыз (117-сурет). Алайда, осының бәрінде электромагниттік толқындардың вакуумдегі таралу жылдамдығы өзгеріссіз қалады. Сондықтан электромагниттік толқындардың ваккумдегі таралу жылдамдығы (с = 3 • 10(8) м/с) бүкіләлемдік іргелі тұрақты болып табылады.
Жарық толқындары да, радиотолқындар да, рентгендік сәулелер де электромагниттік сәулелердің басқа түрлері де нақ осындай жылдамдықпен тарайды. Олар тек бір-бірінен толқын ұзындығы немесе жиілігі бойынша ғана өгешеленеді (117-сурет). Сөйтіп, біз барлық электромагниттік сәулелердің табиғаты бірдей, яғни олар электромагнитік толқындар. Ультракүлгін сәулесінің үлкен дозасы көз бен теріні зақымдаса, ал рентгендік және гамма сәулелері өмірге қауіпті. Адам өміріне ең қолайлы нұр – жеке түсті біртекті (монохроматты) сәулеkердің қосындысынан тұратын ақжарық . 3-кестеде жарықтың құрамына кіретін монохроматты сәулелердің вакуумдегі толқын ұзындықтары және оларға сәйкес келетін кейбір заттардың сыну көрсеткіштері келтірілген.
Электромагниттік толқындарды жиілік бойынша жіктеу электромагниттік толқындар шкаласы деп аталады. Олар (ν = 10-3 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (ν < 1021 Гц) аралықты қамтиды. Жиілігі мен толқын ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі.Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер және γ – гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған: