Лидер дүниетаным жолсерігі
ретінде топтық дүниетанымды құратын
құндылықтар мен нормалардың қайнар кӛзі қызметін атқарады. Жалпы ол
топқа тиісті қоғамдық идеологияны бейнелейді. Мұнда жетекшінің
дүниетанымына жеке топ мүшелерінің кӛзқарастары емес, топтың
дүниетанымы сәйкес келеді. Кӛзқарастар жоғарыдан тӛменге қарай таралады,
51
әсіресе, топқа сырттан келген ақпаратты бақылауда ақпаратқа деген кӛзқарас
жетекшіден тӛменге қарай жүреді [119,с.89].
«Әке» ретіндегі лидердің қызметі топ мүшелері үшін бәрін қамтитын роль
атқарады. Нағыз лидер топ мүшелерінің барлық жағымды эмоцияларының
орталығы, сәйкестендіру объекті. «Әкелік» роль кӛбінесе шексіз билікпен
түсіндіріледі.
Лидер агрессия объектісі
ретінде топтық мақсаттарға жеткен жағдайда
жағымды сезімдерінің объектісі болса, дәл солай мақсатқа жетуде сәтсіздікке
ұшыраған жағдайда топ мүшелерінің агрессия нысанына айналуы мүмкін
[92,с.16].
Келтірілген лидерлердің қызметтерінің мәні экономикалық,
педагогикалық тұрғыдан түрлі топтарға қатысты әртүрлі болып келеді.
Лидерлердің берілген рольдерінің арасынан басты және басты еместерін бӛліп
кӛрсету мүмкін емес, олардың мәні ішкі және сыртқы факторларға байланысты
ауытқиды деген ойдамыз.
Лидердің сипаттамалары мен іс-әрекеттерінің түрлері топтың мақсаттары
мен нормаларын, сонымен қатар лидер тұлғасын бейнелейді. Б.Халипин мен
Б.Вайнер лидерлердің әрекетіне екі тәуелсіз параметрлер бойынша
тӛмендегідей сипаттама береді [121]:
1)
лидер топ мүшелерінің іс-әрекетіне қалай түрткі болу, ынталандыруға
болатындығына мән беріп, топішілік теңдікке, тұрақтылық пен қанағаттану-
шылыққа қол жеткізеді.
2)
лидер топтық мақсаттарға жету жолдары мен құралдарына айрықша мән
бере отырып, топ мүшелерінің іс-әрекеттеріне бағыт береді және болжамның
шынайы жүзеге асуына қол жеткізеді.
Жоғарыда айтылған әр кӛрсеткіштер аясында лидерлер ӛздерін әртүрлі
ұстайды. Келісімге қол жеткізуге бағыт алған лидер топ мүшелерінің іс-
әрекеттеріне кӛңіл бӛліп, атқарылған жұмысты топпен бірлесе атқаруды
кӛздейді, бұл белсенділік танытпайтын топ мүшелеріне сенім ұялатады және
бұл қатынас барысында топішілік бірлік орнайды.
Әрекеттің әріптестік типіндегі лидер жаңа идеяларды топ мүшелерімен
келісіп қабылдайды, тапсырманы орындауды жеңілдетіп, жұмыс кезеңдерін
мүмкіндігінше бірлесе атқаруға тырысады. Ал, директивті типті лидер топ
мүшелерін нашар атқарылған жұмыс үшін жазалайды, топ мүшелерінің
эмоционалды кӛңіл-күйіне назар аудармайды, ешкіммен кеңеспейді, қатардағы
топ мүшесінің ұсыныстарын қабыл алмай, ӛз шешімдеріне түсінік бермейді.
Лидердің іс-әрекетінің екінші кӛрсеткіші әсіресе топ қандай да бір күрделі
мәселеге тап келгенде маңызды болады. Лидер іс-әрекетінің жалпы
сипаттамалары басқару, жоспарлау, жұмыстың орындалуына бақылау жасау
сияқты бастапқы қызметтермен байланысты болады. Мұндай жағдайда
педагогикалық оқу-тәрбие үдерісінде жағымды психологиялық орта орнатуға
бағытталған топтық жұмыс шараларын қолдана отырып, бұл кӛрсеткішті
ӛзгертуге болады деген ойдамыз.
Кӛптеген ғалымдардың зерттеулерінде кӛрсетілгендей лидер іс-
әрекетіндегі айырмашылықтардың 83 пайызы осы екі параметрлермен
52
анықталады. Осылайша, қандай да бір ықпалға ие оқу – тәрбие үдерісін
ұйымдастыру топ мүшелерінің қызметін қадағалап, топішілік тұрақтылық пен
қанағаттануды қамтамасыз етуі қажет, сонымен қатар, топ күшін мақсатқа жету
бағытына жұмылдырып, бағыттауы қажет екендігін айтқан.
Лидерлік сипаттар теориясына жауап ретінде мінез-құлықтық теория
лидердің ақыл-ой, физикалық немесе әлеуметтік сипаттарына емес,
қылықтарына
шоғырланатын
жаңа
кӛзқарасты
ұсынады.
Сонымен,
психометриядағы эволюциямен, атап айтқанда, факторлық талдау арқылы
зерттеушілер орташа статистикалық халық пен лидер қылықтарының нақты
нысандарының себеп-салдарлы байланысын ӛлшеуге қол жеткізді. бұл
теорияның авторлары - Левин мен Лайкерт кез-келген дұрыс мінез-құлық
мәнеріне ие адам бұрын жабық болған туғанынан лидердің элиталы «клубқа»
қол жеткізіп, кіре алады деген қорытынды жасады. Басқаша айтқанда,лидер
болып туылмайды, лидер болып қалыптасады.
Мінез-құлықты теориялар басынан лидерді екі санатқа бӛлді [122].
Қойылған
міндетті
орындаумен
байланыстылар
және
адамдармен
байланыстылар. Стильдер теориясы лидерлер қандай қасиеттерге иелігі емес,
ӛздерін қалай ұстайтынына екпін жасайды. Мысалы, атқарылуы тиіс нәрселерді
бұйырады және жауабына ынтымақтастықты күтеді ма? Әлде олар қолдау,
мойындау атмосферасын дамыту үшін шешім қабылдау үдерісіне ӛз
командаларын кіріктіреді ме? 1930 жылы Курт Левин лидер қылығына
негізделген құрылымды әзірледі. Ол лидердің үш түрі немесе лидерлік
стильдері бар деп тұжырымдады:
1)
Авторитарлық лидерлер шешімді ӛз командасының мүшелерімен
кеңеспей қабылдайды. Лидерліктің бұл стилі шешімдер жылдам қабылдануы
қажет, талқылауға басқа тұлғаларды тарту қажеттілігі жоқ және командалық
келісім табысты нәтиже үшін қажет болып табылмайтын жағдайларда оңтайлы
болып есептеледі.
2)
Демократиялық
лидерлер
қол
астындағыларға
ағымдағы
проблемаларды талқылауға қатысуға, шешім қабылдамас бұрын ӛз пікірін
айтуға мүмкіндік береді, дегенмен, басқа адамдарды тартып қатыстыру
дәрежесі лидерден лидерлікке қарай ӛзгеруі мүмкін. Бұл стиль топтың пікірі
рӛл ойнайтын жағдайда маңызды, бірақ түрлі кӛзқарастар мен идеялар кӛп
болуында жағдайды басқару қиын болуы мүмкін.
3)
Либералдық лидерлер араласпайды; олар команда ішіндегі адамдарға
кӛптеген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл команда ӛте қабілетті,
ынталандырылған және оны мұқият бақылау қажет жағдайда жақсы жұмыс
істейді. Дегенмен, мұндай қылық лидер еріншек немесе әрдайым кӛңілі
бӛлінетін болған жағдайда туындауы мүмкін; бұл лидердің аталмыш стилінің
сәтсіздікке ұшырау мүмкін сәті [122,с.79].
Сонымен,қорыта келе топ ең алдымен, лидердің тұлғасын емес, оның
бейнесін қабылдайды. Топ мүшелерінің лидермен бірегейлігін сезінуі үшін
қажетті шарты – лидер бейнесі «ӛзіміздің біреуімізге» сай келу қажеттігі.
Топтың негізгі құндылықтары мен нормаларын қабылдау лидер болу үшін
53
жеткіліксіз, «ӛзіміз сияқты» ғана емес, «ӛзіміздің арадағы ең жақсысы» болуы
қажет. Тек ерекше тұлғалық қасиеттерге ие адам ғана топқа үлгі болып, топтың
«әкесінің» нышаны бола алады. Лидер топ міндеттеріне қатысты осы
міндеттердің орындалуы үшін сарапшы болуы қажет. Лидер «ең жақсы» болуы
керек болғанымен, аса жақсы немесе аса ақылды болмауы керек. Біріншіден,
аса ақылды «ӛзіміздің бірі» ретінде қабылданбайды. Екіншіден, онда оның
мүдделері топ мүдделерінен алшақтауы мүмкін. Үшіншіден, сананың үлкен
айырмашылығы салдарынан қарым-қатынас қиындықтары пайда болуы мүмкін.
Психологиялық ағарту мүмкін болатын лидерлердің ӛзіндік тәрбиеге деген
мотивациясын арттыруға әсерін тигізеді, оның нәтижесінде тӛмендегідей
маңызды сапалардың дамуы орын алады, жеке ұйымдастырушылық, ӛзіндік
тәртіп, эмоционалды- еріктік әлеуетті дамыту және нығайту, ӛзін – ӛзі реттеу
және ӛзін – ӛзі бақылау, және де демотивация факторларын жою (тӛмен ӛзіндік
баға, жеке құндылықтардың нақты болмауы, құндылықты – бағдар
деструкциясы, ӛзіндік даму тежеу, ӛзін – ӛзі шектеу) . Есепке алатын жайт ӛзін
– ӛзі реттеудің негізгі компонентері ерік – жігер және ӛзіндік бағалау, ол «ӛзін –
ӛзі реттеу үдерісінің барлық деңгейде іске асу тірегі болып табылады және қол
жеткізген мінез – құлық интерпретациясына маңызды түрде әсер етеді».
Субъектінің лидерлік әлеуетін ашу ұжым қалыптасу үдерісімен тікелей
байланысты. Топтың және лидердің құндылықты – бағдарлы бірлігі
тӛмендегідей негізде орындалады, егер лидер ұстанған құндылықтар, оның
рухани – адамгершілік және тұлғалық бағыттылығының ӛмірлік мәні, ӛзге топ
мүшелерімен қабылданған болса. Жетістікке бағдарланған лидер ӛзі ӛсіп,
дамып, маңызды базалық құзыреттіліктерді ӛзі ғана игеріп қоймай және де ӛз
әріптестерін оқуға ынталандыру қажет.
Субъект таңдап алған іс-әрекет, мінез – құлық, басым әлемдік кӛзқарас,
әрекет етуші құндылықты – мәнді бағдарлар координат жүйесі әлеуметтік –
мәдени моделін таңдап алуына сәйкес, А.Г.Асмолов тұлға дамуының екі
стратегиясын ерекшелейді: пайдалы мәдени парадигмада және абыройлы
мәдени парадигмада [123]. Сәйкесінше студенттердің лидерлік әлеуеті іске
асуы мүмкін. (кесте 4).
Біршама жағымды лидерлік әлеует дамуының стратегиясы, абыройлы
мәдени парадигмада болуы, ӛйткені субъектінің тұлғалық мәніне сүйене
отырып ол лидердің маңызды сапаларын дамытуға әсер етуі мүмкін: жетістікке
бағдар, ерік – жігер, толеранттылық, жауапкершілік. Абырой – бұл интегралды
сапа, ол тұлға ӛзіндік құндылығын кӛрсетеді, «ӛзіндік сана және ӛзіндік
бақылау негізі, адамның эталонды бейнесі, индивидтің ӛзінің алдында тұлға
ретіндегі жауапкершілігі». Тұлға абыройы – психологиялық жаңа түзіліс, ол
қалыптасу дәрежесін кӛрсетеді, ӛзге сапалар дамуын кӛрсетеді, ол ӛз кезегінде
субъект тұлғалық дамуының детерминанты болады.
54
Кесте 4 - Лидерлік әлеуеттің пайдалы мәдени парадигмада және абыройлы
мәдени парадигмада іске асыру
Пайдалы мәдени парадигмада
Абыройлы мәдени парадигмада
1. Заң, ереже, нормалармен шектелген
ӛмірлік кеңістіктегі іс-әрекет
1. Ұятпен шектелген ӛмірлік кеңістіктегі іс-
әрекет
2. Ӛмірлік позиция жауапкершіліктен –
тұлға құқықтарына жүргізілген вектормен
анықталады
(жауапкершілік
басымдылығы)
2. Ӛмірлік позиция тұлға құқықтарынан -
жауапкершілікке
жүргізілген
вектормен
анықталады
(тұлға
құқығының
басымдылығы)
3. Басты іс-әрекеттің прагматикалық,
корпоративті мақсаттарға және ұйым
міндеттеріне қол жеткізуге бағытталуы
3. Басты іс-әрекеттің тұлғалық даму
қажеттіліктері
мен
қызығушылықтарын
қанағаттандыруға бағытталуы.
4. Тұлға типі авторитарлы бағынышты,
ескілікке
ұмтылушы,
догматикалық
ережелерді сынға алмастан қабылдау,
ресми заңға бағыну, ӛзге ойларды
қабылдай
алмау,
ойлау
ригидтілігі,
диалогқа
түсе
алмау,
корпоративті
бірлестіктер арқылы ӛзіндік орнын табу,
корпорпцияға кірмейтін адамдарға деген
менсінбеушілік
4. Тұлға типі демократиялық бағытта, ӛз
әлемді тануын реттеуге ұмтылушы, диалогқа
ашық,
Сыни
ойлау,
дербестік,
ынтымақтастыққа даярлық және автономды
түрде әрекет ету. Адамдарға деген жақсы
қатынас, толеранттылық, іштей ӛзіндік орнын
табу, рефлексия, психологиялық бейінділік.
5. Экстреналды локус – бақылау: сәтсіздік
жауапкершілігін сыртқы факторлардан
кӛру.
5. Интерналды локус – бақылау: сәтсіздікте
ӛзіне жауапкершілік ала білу;
6. Ӛмір іс-әрекет мотивтері ӛзімшіл немесе
әлеуметтік шартталған
6. Ӛмір іс-әрекет мотивтері рухани –
адамгершілік
факторлармен
детерминацияланған
7. Онтогенездің негізгі сызығы ӛзімшіл
бағыттылық немесе ӛзімшіл бағыттылық
рухани – адамгершілік бағыттылықпен
бірлескен.
7. Онтогенездің негізгі сызығы рухани –
адамгершілік
және
тұлғаның
мәнді
бағыттылығымен байланысты.
8. ЖОО түсу мотиві оқуға деген қатынасы
мамандық, жоғары білім алу болып
табылады. Болашақ мамандық беделінің
жоғары болуы, материалдық қамсыздануы,
шешуші фактор болады.
8. ЖОО түсу мотиві оқуға деген қатынасы
білімді, мәдениетті адам, құзыретті маман
иесі болу. Мамандыққа деген қызуғышылық
жоғары, оның ӛзіне сай болуына басты назар
бӛлінеді. Ерте ӛзіндік орнын табу
9.
Лидерлік
стилдері:
авторитарлы,
бағындырушы, экспертті
9. Лидерлік стилі: демократиялық, қамқор,
коучинг стилі
Осы негізде студенттердің лидерлік әлеуетін дамыту үшін тӛмендегідей
тұлға құрылымының компоненттеріне мотивациялық (ішкі позициялардың
келіскен болуы) танымдық ( ӛзіндік орнын табу әлеуметтік мүмкін болатын
табиғатын түсіну және білу, ӛзін-ӛзі іске асыру, ӛз мүмкіндіктерін қалыпты
бағалау, топ мүмкіндіктерін қалыпты бағалау) және іс-әрекеттік (жетістікке
жетудің әлеуметтік мақұлданған құралдарын жобалау және талдау, кикілжіңді
конструктивті негізде шешу, топ мүшелеріне әсер ету әдістері) кешенді
психологиялық әсер ету. Мұндай әсердің тиімділігінің маңызды психологиялық
шарттары ЖОО-нда адамгершілік-психологиялық орта құру, ол ӛзіндік
55
бастамашылдық танытуға, сабақта лидерлік позициядан шығармашылық жарыс
ахуалының болуы, студенттің қол жетімді барлық іс-әрекетінде жетістікке жету
мүмкіндігін құру (оқу, ғылыми, қоғамдық, кӛркем шығармашылық, спорт,
қызығушылығына байланысты іс-әрекеттер).
Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, әлеуметтік – психологиялық аспектіде
студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым
жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен
ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса
жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік
кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады.
Белгілі болғандай, кӛптеген жылдар бойы ғалымдар лидерліктің негізгі
ерекшеліктерін айқындауға тырысты. Бірақ зерттеулер нәтижесінде оларға
жеке сапалардың нақты санын анықтау мүмкін болмады. Кейде олардың саны
тым артық болып жатса, кей жағдайларда практика жүзінде дәлелденбеді.
Ғалымдардың зерттеу үдерісінде бұл мәселені қарастыра келіп лидерлік
қабілеттің 4 тобын бӛліп кӛрсетті: физиологиялық, психологиялық,
интеллектуалдық және жеке - іскер. Ал, Р.Стогдилл осындай 5 ерекше сапаны
бӛліп кӛрсетеді [18,с.56]. Олар: ақыл немесе интеллектуалдық қабілет;
басқаларға басымдық таныту; ӛзіне деген сенімділік; белсенділік пен
алғырлық; ӛз ісін білуі.
Бірақ егер адам бойында осы қабілеттер бар болса да, бұл міндетті түрде
лидер дегенді білдірмейді, бұл қасиеттер, яғни қабілет сапалары студенттің
әрекет барысында ізгілікті жағдайда кӛрінуі тиіс екендігін айта кету қажет.
Адамның жүйке жүйесі мен темпераменті кӛп жағдайда бірқалыпты
формада қалып, кӛп ӛзгермейді. Кез – келген темпераменттегі адам әлеуметтік
ӛмірде нәтижеге жетуге қабілетті, бірақ әрқайсысы әр түрлі жолмен жетуі
мүмкін. Лидер болу үшін туындайтын жағдайлар бір темперамент үшін
қолайлы, екіншісі үшін қолайсыз болуы мүмкін.
Ғалым Т.Сабыров еңбегінде темпераментке мынадай анықтама беріледі:
«Әрбір адамның жаратылыс бойынша тума бір түрлі мінезі болады. Мысалы,
сыртқы дүние әсерлерінен ӛзінше бір түрлі әсерлену, яки ішкі сезімдердің
ӛздерінше бір түрлі оянуы сияқты. Міне, осындай тума мінез темперамент деп
аталады» [124]. Ғалым сангвиник «сыртқы әсерлерді һәм тез» алатын, бірақ
«терең» алмайтын, «ұшқыр, ойнақы, еті тірі» болатын, «бір әсерден екінші
әсерге секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын тиянақсыз» адам
екенін, «істі бастап тұрып, тастап» кететінін, холериктің «сыртқы әсерлерді
һәм терең» қабылдайтын, «табанды, қайратты, қиын – қыстау мәселесін тез»
шешетін, бірақ ашушаң болатынын айтады. Флегматиктің «әсерлерді» әлсіз
болатын, «ауыр мінезді,...іс –істегенде» аспайтынын, оңайшылықпен ӛздігінен
жұмыс бастамайтынын, бірақ бір бастаса аяғына дейін жеткізуге
тырысатынын, «меланхоликтің» «адамның ішкі сезімінің билігінде болып,
«тұрмыста кедергіге ұшыраса, оны жүні жығылып, қайраты сӛніп¸ жасып»
қалатынын дәлелдеп кӛрсетеді [124,с.54].
56
Мектеп пен жоғары оқу орнындағы қазіргі білім беру жүйесінің
ұйымдастырылуы жүйке жүйесі мықты адамдар үшін қиындықты кӛп
тудырмайды. Сондықтан мұндай темпераменттегі адамдар қабілетті және
жақсы оқитындар тобында болады. Ал, жүйке жүйесі әлсіз типтер жаңа ӛмірге
бейімделуі қажет.
Психологтар әлсіз типтерге жауапкершілігі жоғары, психологиялық,
эмоционалдық ӛздік жұмыстар мен бақылау жұмысы қиындық
тудыратындығын айтады. Сондай – ақ, оқытушының ауызша жауап беруді
талап ететін сұрақтары, жұмыс уақытындағы жағдаяттар, шулы ортадағы
жұмыстар – барлығы да оларға әсер етеді. Сондықтан да әлсіз типтегі
студенттерге қандай да бір тапсырманы орындатуда уақытты кӛбірек беріп,
күрделі, кӛлемді тақырыптарға берілген тапсырмаларды бірнеше шағын
бӛліктерге бӛліп беріп немесе топтағы белсенді студенттермен топтаса
орындауды ұсынып, студентті үнемі қолдап, бағыт - бағдар беріп отыру
қажет. Қоғамдық жұмыстарға араласқанда оның ӛз қабілетіне сенуіне жағдай
туғызу ӛте маңызды қадам болып саналады. Сонда ғана белгілі бір нәтижеге
қол жеткізуге болады.
Жүйке жүйесі селқос, жігерсіз студенттерге мазмұны мен орындалуы әр
түрлі тапсырмалар бір уақытта беріліп және қысқа мерзімде нәтижесін
кӛрсетуді талап еткен жағдайда, тапсырманы орындау оларға соншалықты
қиын болып кӛрінеді. Сол себепті оқытушы жүйке жүйесі селқос, жігерсіз
студенттерге бірден жұмысқа араласуды және әр түрлі тапсырмаларды
орындауды талап етпеуі керек. Жұмысты бірітіндеп орындауға мүмкіндік
берген жӛн. Оқу үрдісін олардың мінез – құлқына лайықтап ұйымдастыру
тиімді нәтиже береді. Дегенмен бұл типтегі студенттер асықпай, белгілі бір
сызба бойынша орындалатын тапсырмаларды атқаруға және ӛздік жұмысты
ұйымдастыруға қабілеттері жоғары болуы мүмкін. Ӛздік жұмысты жақсы
жолға қойып, нәтижеге жетулері де ықтимал. Ӛздігінен іздену арқылы
аталған типтегі студенттер оқу материалын терең игеріп, тіпті берілген білім
шеңберінен тыс малғұматтармен танысуға ұмтылады. Схема, графика, т.б.
қосымша тірек сызбаларды қолдану арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізеді.
Бұл типтегі студенттердің ӛздік жұмысты орындауда басқа типтерден
айырмашылығы анық байқалып тұрады.
Жоғарыда аталған студенттер типінің еркешеліктеріне сай оқу – тәрбие
ісін ұйымдастырушы пәнді игертуде немесе қоғамдық жұмысқа араласу
шараларын ұйымдастыру барысында мотивациялық ықпал жасауы және бағыт
– бағдар ұсынып отыруы аса маңызды болмақ.
С.Д.Смирнов ӛзінің жоғары оқу орындарына арналған тұлғаның
педагогикалық – психологиялық ерекшелігін анықтау жӛніндегі еңбегінде
студенттің қабілетінің оқуда белсенді болуына, жақсы оқуына ықпал
ететіндігін айтады [125]. Ғалым студенттің психологиясында орын алатын
қабілеттерді айқындап кӛсетеді: жалпы қабілет, әлеуметтік қабілет және
арнайы қабілеті мен креативтілігі.
57
Әлеуметтік қабілетке сенсорлық, маторлы, кәсіби қабілеттерді жатқызады.
Кәсіби қабілеті тӛмен болса, жоғары оқу орнында жақсы нәтижеге жете
алмайтындығын айтады.
Студенттік жас субъектінің барлық құндылықты бағдарлар жүйесінің
ӛзгеруімен байланысты, оның мотивациясы, кәсібіне байланысты арнайы
мүмкіндіктердің қарқынды қалыптасуы. Ӛзіңді іс-әрекет субъектісі ретінде
сезіну және белгілі бір қоғамдық құндылықтар иегері болу, әлеуметтік пайдасы
бар тұлға болу, мінез – құлық саналы мотивтерінің күшеюі, бұл кезеңді
бастамашылдық, шығармашылық дамуы үшін сезімтал келеді, оған жетістікке
жету қажеттілігі, жеке тиімділігінің кӛтерілуі де кіреді. Сол себепті студент
бойында лидерлік мүмкіндіктер әлеуетін айқындау мен мақсатты түрде дамыту
басқарушы элита қалыптастырудың тиімді шамасы бола алады.
ЖОО ортасы лидерлікті түрлі іс-әрекетте кӛрсетуге мүмкіндік береді: оқу -
танымдық, ғылыми, қоғамдық, кӛркем шығармашылық, спорт, қарым-қатынас.
Ғалымдар пікірінше, «лидерлік – белгілі деңгейде дарын, бірақ ол үйренуге
және дамытуға болатын біліктілік деп те аталады». Барлық біліктіліктер сияқты
лидерлік те кӛптеген қайталау мен практика негізінде дамиды.
ЖОО – нда білім алу болашақ маманның әлеуметтік – кәсіби құрылуының
кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде тұлғада кӛптеген психикалық ӛзгерістер
орын алады, олар ӛзекті және алдыңғы кездегі ӛмір іс-әрекеті кезіндегі
міндеттерді шешу үшін керекті негіз болады [126].
Студенттік жаста адам белсенділігі қалыпты жағдайда Э.Эриксон
бойынша, ӛмірлік ӛзін-ӛзі анықтауды іске асыру, болашаққа деген
жоспарларын нақтылау, бастама «іске қосу» бойынша әрекет ету, ӛзіндік
ізденіс, түрлі рӛлдерде ӛзін-ӛзі тану, әлемдік кӛзқарас құрылуы және ӛзіне
лидерлік қызмет жауапкершілігін алу. Әлеуметтік белсенділіктің кӛптеген
түрлеріне және кәсіби рӛлдерді игеруге ену бойынша студенттік кезеңде
ашылатын мүмкіндіктер тӛмендегідей баяндауға жол ашады, сәйкес ӛмір
кезеңінде адамның дербес жұмыс жолын, жеке ӛмірін құруда маңызды
қадамдар жасалады [127].
Сонымен, жоғарыда қарастырылғанды қорыта келе мынадай тұжырым
жасауға болады. Студент белгілі бір жастағы адам ретінде және тұлға ретінде
үш жақтан сипат алуы мүмкін:
1) психологиялық тұрғыда, ол тұлғаның психологиялық үдерістері,
жағдайы мен қасиеттерінің бірлігін білдіреді. Психологиялық жақтағы бастысы
– психикалық үдерістер жүретін, психикалық күйлердің пайда болуы,
психикалық түзілістердің кӛрініс табуы байланысты болатын психикалық
қасиеттер (бағытталу, темперамент, мінез, қабілеттер). Алайда, нақты бір
студентті зерттегенде әрбір индивидтің ерекшеліктерін, оның психикалық
үдерістері мен күйлерін ескеру қажет.
2) әлеуметтік, студенттің белгілі бір әлеуметтік топқа жатуынан
туындайтын қоғамдық қатынастар, қасиеттер жүзеге асады.
3) биологиялық, жоғары жүйке қызметі, шартсыз рефлекстер,
талдамалардың құрылымы, түйсіктер, физикалық күш, дене бітімі, бет әлпеті,
58
тері, кӛздердің түсі, бой және т.б. Бұл жақ негізінен тұқым қуалаушылық және
туа біткен қабілеттермен алдын алынған, бірақ, ӛмір шарты ықпалынан белгілі
бір шектерде ӛзгереді.
Бұл жақтарды зерделеу студенттің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның
жастық және тұлғалық ерекшеліктерін ашады. Басқа жастармен салыстырғанда
бұл жаста оперативті жад пен назарды ауыстыру, вербальды-логикалық
есептерді шешу және т.б. орындаудың ең жоғары жылдамдығы байқалады.
Сонымен, студенттік жас алдыңғы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік
даму үдерістерінің барлығына негізделетін ең жоғары нәтижелерге қол
жеткізумен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |