Ушатов марат әбдікаламҧлы педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің лидерлік әлеуетін дамыту



Pdf көрінісі
бет16/63
Дата03.02.2023
өлшемі3,6 Mb.
#167289
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Ushatov Marat Abdikalamuly D2

Лидер әкімшілік өкілі
ретінде топ қызметінің жоғарғы бағыттаушысы 
ретінде айқындалады. Топ саясатының негізгі бағыттарын ӛзі немесе 
жоғарыдан келген тапсырма арқылы анықтап, тапсырманың орындалуын топ 
мүшелерінен талап етіп, тапсырманың орындалу жауапкершілігін бақылау 
арқылы жүзеге асырады.
Лидер жоспарлаушы ретінде
топтық мақсатқа жету әдістері мен 
құралдарын ӛңдеу қызметін атқарады. Бұл қызметке ұзақ уақытқа арналған 
жоспарлар құру да жатады. Мұнда кӛбінесе, лидер іс - әрекет жоспарларының 
бірден бір сақтаушысы, болашақ бағытты тек ӛзі ғана біліп, басқалары мұндай 
жағдайда тек жоспардың жеке бӛлшектерімен ғана таныс болады.
Лидер саясаткер
ретінде ең маңызды қызметтерінің бірі топтың іс - 
әрекет бағыты мен мақсаттарын белгілейді. Негізінен топтық мақсаттар мен 
оларды іске асыру әдістеріне байланысты: 
1)
топтың жоғары басшылықтан тапсырма алуы, яғни, лидерлер
кеңесшілер ретінде іс - әрекетке жұмылдырылып, кеңесші дауыс құқығына ие 
болуы; 
2)
топтың және лидердің шешімдеріне сәйкес топтың мақсаты мен міндетін 
анықтап және оның іске асырылуына лидер жауапты болуы; 
3)
лидер ӛзінің нұсқаулары (оның шешім қабылдауда автономияға ие 
болған жағдайда) негізінде мақсатының анықталып, жүзеге асырылуына 
жетекшілік етуі сияқты әдістердің түрлерін қолдана алады. Осылайша, шығу 
кӛзіне қарамастан, топтық мақсаттар мен оларды жүзеге асыру әдістерін 
анықтау лидердің міндетті қызметі болып табылады. 


50 
Лидер сарапшы
ретінде кӛбінесе білікті маман немесе сенімді ақпарат кӛзі 
қызметін атқарады. Қызмет бӛлінісінің жоғары деңгейінде үлкен топтарда 
лидерлер (ұйым басшылары) түрлі орынбасарлардың, мамандар мен 
кеңесшілердің кӛмегіне жүгінеді.
Лидер сыртқы ортадағы өкіл
ретінде бәрінің атынан әрекет ететін топтың 
ресми ӛкілі болып табылады. Сондықтан топ мүшелері үшін оларды кім және 
қандай ақпарат арқылы таныстыратыны маңызды. Мұндай жағдайда лидер 
топтың барлық мүшелерін, олардың ұжымдық ойы мен еркін және т.б.
бақылай отырып теңестіреді. Лидер сонымен қатар, топ ішіндегі қарым-
қатынастарды реттеуші ретінде қызмет атқарады. Топ ішіндегі тұлғалық және 
іскерлік қарым-қатынастар коммуникативті желі арқылы жүзеге асады. Кейбір 
топтарда барлық ақпараттардан алдымен лидер, содан кейін ғана басқа топ 
мүшелері хабардар болатындай желіде жүруі мүмкін. Кейде топ ішінде лидерге 
жақын адамдар болады, олар осы желіні ӛздеріне тұрақтандырып, ақпарат басқа 
топ мүшелеріне жетпей тұйықталатын жағдай орын алуы мүмкін екенін лидер
ескергені жӛн[119,с. 92]. 
Лидер ынталандыру мен жазалау көзі
ретінде топ мүшелерінің іс-әрекетін 
қадағалау үшін ынталандыру мен жазалау жүйесін қолданады. Бұл қызмет 
лидердің жеке тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қояды, әсіресе, басты 
назар топтардың материалды емес, моральды факторларға аударылатын 
жағдайында лидердің қызметінің жеке мотивациясын білуі қажет. 
Ынталандырудың ресми тәсілдерімен қоса лидер кіші топтарда болатын ресми 
емес санкцияларды тиімді қолдануына болады [98,с.76]. Топ ішінде дау – дамай
болған жағдайда лидер тӛреші және жұбатушы ретінде әрекет етуі керек, яғни,
біреуді жазаласа, біреуді ынталандыру қызметін атқаруда моральдық 
сапалардан асып кетпейтіндей, ӛз шегінде әрекет етуі тиіс. 
Лидер топтың басқа мүшелері үшін іс - әрекеті үлгі 
ретінде, яғни, оларға 
қандай болу және не істеу керектігінін ұсынатын кӛрнекті мысалы болуы тиіс. 
Адамдар санасында үлгілі топтар ерекше орын алады [119,с. 98-99].
Лидер топ нышаны
, жоғары деңгейде біріккен топтар ретінде басқа жеке 
адамдардан ішкі ғана емес, сонымен қатар сыртқы келбеті бойынша 
ерекшеленуге талпынады. Мұндай топ мүшелері жүріс-тұрыста, киім киісте 
түрлі айырмашылық белгілеріне жүгінеді. Лидерлер топтың ядросы ретінде 
нышан қызметін атқарады: олардың есімдерін қызметтің барлық түріне 
тағайындайды, жеке салада ӛнеркәсіп иелері ӛзінің тұлғасына ӛз ісінің
кӛрінісі ретінде қарап, мұндай тағайындауларды ӛздері атқарады. Түрлі 
ғылыми мектептерде топ мүшелері лидер қызметінен кеткеннен кейін де 
ӛздерін соның атымен байланыстыратын жағдай орын алуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет