Мүдделі тараптар
|
Абай облысы Семей қаласының әкімі
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы
«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы
(Медициналық мекемелер)
Дәріханалар (Кәсіпкерлер) Альфамед
БАҚ (Бұқаралық ақпарат құралдары)
Жергілікті тұрғындар
Санитарлық эпидемиологиялық станция
Өрт қауіпсіздік қызметі
«RAYSON» компаниясы
«Шығысэнерготрейд» ЖШС
Басқа өндірушілер өкілдері
Булат Утемуратов фонды, Алматы каласы
«Аман саулық» фонды, Алматы қаласы
|
Тапсырыс беруші
|
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы
|
Жоба миссиясы
|
Денсаулықты жақсарту;
Медициналық ұйымдарға бір реттік қолданылатын жабдықтарды алуды жеңілдету;
Жұмыссыздықты азайтуға үлес қосу.
|
Жоба жетекшісі
|
Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Сандыбаев М.Н.
|
Жоба командасы
|
Александрова Зарина Аликовна – бас маман;
Жандос Дәулетұлы – бас маман;
Жуманбаева Жаннат Самалқызы – бас маман;
Мұратқазы Бек Мұратқазыұлы – бас инспектор;
Сеитказина Балдана Балтабекқызы – бас маман;
Ташыбаева Айжан Мейрамбекқызы – бас маман.
|
Жалпыұлттық басымдық
|
1-бағыт. "АЗАМАТТАРДЫҢ ƏЛ-АУҚАТЫ":
2) Қолжетімді жəне тиімді денсаулық сақтау жүйесі. Басымдықтың мәні: адамдардың денсаулығын жақсартуға, қолдауға және қалпына келтіруге, сондай-ақ қазіргі және болашақ ұрпақтың әл-ауқатына ықпал ететін орнықты денсаулық сақтау жүйесінің тұжырымдамасын дамыту.
3-бағыт. "ҚУАТТЫ ЭКОНОМИКА":
10) Теңгерімді аумақтық даму. Басымдықтың мәні: өңірлердің әлеуетін ашу және олардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін нығайту.
|
Мақсат
|
Семей қаласында 2023 жылдың желтоқсан айына дейін бір реттік медициналық өнімдерді шығаратын шағын цех ашу.
|
Жоба міндеттері
|
Цех ашатын ғимаратты жалға алу.
Жалға алынған ғимаратқа жөндеу жұмысын жүргізу.
Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу және оларды орнату.
Өнімге қажетті шикізаттарды сатып алу.
Кәсіби мамандарды жұмысқа алу.
Лицензия алу.
Құжаттарды дайындап өткізу.
Өнімді нарыққа дайындау.
Өнімді жарнамалау.
Мекемелермен және жеке кәсіпкерлермен келісім-шартқа отыру.
Дайын өнімді нарыққа ұсыну.
|
|