Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма.
«Ассоциограмма», адамның мінезіне байланысты өзің білетін сөздерді жазып, диаграмманы толытырып, толық ашып түсіндіреді. Талдап, талқылайды.
|
Айтылым.
3-тапсырма. Суретке қарап, зат есім мен сын есімнің қандай түрлерін қолданғанын айтады.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
Дескриптор: Жалпы - 5 балл.
- Зат есім мен сын есімнің қандай түрлерін қолданғанын айтады.
-Өзара талқылау, талдау жасайды.
|
ДК
Оқулық
|
|
№9-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Жазылым. Берілген сөздің мағынасын түсіндіре отырып, 5 сұрақ жаз, ішінде антоним сөздер болсын.
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың жазылым дағдысы қалыптасады.
|
|