78
Ортаңғы және ересек топтарда: балалар тобы әдетте екі-екіден үстелге
отырғызылады. Себебі, таратпа материалмен жұмыс жүргізіледі және
ұйымдастырылған оқу әрекетінде отыру дағдылары әзірленеді.
Ұйымдастыру кезеңі жұмыстың мазмұнына, балалардың жас және жеке
ерекшеліктеріне байланысты. Оқу әрекеті ойын бөлмесінде,
спорттық немесе
музыкалық залда, серуенде және т.б. тұрып, отырып, тіпті кілемде жатып та
өткізуге болады. Оқу әрекетінің басталуы эмоционалды, қызықты, қуанышты
болуы керек. Сәбилер тобында:
тосын сәттер, ертегі сюжеттері қолданылады.
Ортаңғы және ересек топтарда: мәселелік жағдаяттарды шешу орынды.
Мектеп
алды
даярлық
топтарында
кезекшілердің
жұмысы
ұйымдастырылады, өткен оқу әрекетінде өтілген тақырыпты еске алу, сұрақ
қойылады (мектепке дайындық мақсатында).
2. Ұйымдастырылған оқу әрекетінің барысы
Математикалық оқу әрекетінің үлгі бөліктері:
1. Математикалық жаттығу (әдетте ересек топтан);
2. Демонстрациялық материалмен жұмыс;
3. Таратпа
материалымен жұмыс;
4. Дене шынықтыру (әдетте орта топтан);
5. Дидактикалық ойын.
Бөлімдер саны мен олардың тәртібі балалардың жасына және қойылған
міндеттерге байланысты болып келеді. Кіші топта: жылдың басында бір ғана
бөлік болуы мүмкін — дидактикалық ойын;
Жылдың екінші жартысында кіші топта-үшке бөлікке дейін(әдетте
демонстрациялық материалмен жұмыс істеу,
таратпа материалымен жұмыс
істеу, қозғалмалы дидактикалық ойын). Орта топта: әдетте төрт бөлік (таратпа
материалымен жұмыс, содан кейін сергіту сәті қажет).
Ересек топта: бес бөлікке дейін, ал дайындық тобында: жеті бөлімге дейін
болады. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың зейіндері 3-4 минут, ересек
балалардыкі 5-7 минутке дейін тұрақты болады. Осы уақыт шамамен бірінші
бөлімнің ұзақтығы.
Сергіту сәттерінің түрлері:
1.Өлең формасы (балаларға
сөйлеспеу керек, дұрыс дем алу керек) —
әдетте 2-ші кіші және орта топта жүргізіледі.
2. Қол, аяқ, арқа және т. б. бұлшықеттеріне арналған дене
жаттығуларының жиынтығы музыкамен - жоғары топта өткізген орынды.
3.Математикалық мазмұнмен - дайындық тобында жиі қолданылады.
4. Арнайы гимнастика — саусақ, артикуляциялық, көз және т. б.) – үнемі
дамуында проблемалары бар балалармен жүргізіледі.
Ескерту:
* егер сабақ қозғалмалы болса, онда сергіту сәтін өткізбеуге болады;
* сергіту сәті орнына релаксация жүргізуге болады.
3. Оқу әрекетінің қорытындысы.
Кез келген оқу әрекеті аяқталған болуы керек.
79
Кіші топта: тәрбиеші оқу әрекетінің әр бөлімінен кейін қорытынды
шығарады. Мысалы:"Біз қалай жақсы ойнадық.
Ойыншық жинап, серуенге
киінейік".
Орта және ересек топтарда: оқу әрекеті соңында тәрбиеші өзі қорытынды
шығарады. ("Біз бүгін не білдік? Бұл туралы не айтты? Не ойнады?").
Дайындық топта: балалар өздері қорытынды жасайды. ("Біз бүгін немен
айналыстық?")
Оқу әрекеті аяқталғанда балаларды бағалау қажет.
Математика пәні бойынша сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар:
1. Білім беру міндеттері үлгілік оқу бағдарлама негізінде қойылады;
2. Бір сабақта бір жаңа міндетті шешкен жөн, қалғандары
қайталау және бекіту;
3. Білім жүйелі және дәйекті түрде қолжетімді түрде
беріледі;
4. Әртүрлі көрнекі материал қолданылады;
5. Алған білімдерінің өмірмен байланысы көрсетіледі;
6. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі, деңгейлік тапсырмаларды есепке
алу;
7. Балалардың материалды меңгеру деңгейін бақылау, олардың
білімдеріндегі олқылықтарды алдын алу;
8. Барлық жұмыстың дамытушылық, түзету-тәрбие бағыты;
9. Математика оқу әрекетін аптаның бірінші жартысында өткізіледі;
10. Математика оқу әрекеті
жеңіл оқу әрекеттерімен, дене шынықтыру,
музыка, сурет салу бойынша қатар жүргізуге болады;
11.Егерде міндеттері үйлессе, әр түрлі әдістемелер бойынша біріктірілген
және аралас оқу әрекеттерін өткізуге болады;
12.Әр бала әр оқу әрекетіне белсенді қатысып, ақыл-ой және практикалық
іс-әрекеттер, өз білімдерін көрсетуге жағдай жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: