Жауабы:майдағы зарядтардың, өзара әсерлесу күшi ауадағыдай болуы үшiн, бiр-бiрiнен арақашықтығы 8,9 см болуы керек.
Есеп 2. Тепе-теңдiк күйде болуы үшiн көлемi 9мм3 темiр В кiшкене бөлшектiң керосинге батырылған А шариктен (4.1 – сурет) қандай арақашықтықта орналасуы керек? Шарик заряды 7нКл, ал кiшкене бөлшектiң заряды –2,1 нКл-ға тең.
Темiрдiң тығыздығы 7800 кг/м3, керосиннiң тығыздығы – 800 кг/м3, керосиннiң диэлектриктiк өтiмдiлiгi (енуi) – 2,1.
Шешуi. Кiшкене бөлшекке әсер ететiн күштердiң кескiнiн саламыз (4.2 – сурет). Кiшкене бөлшек тепе-теңдiкте болуы үшiн, оған әсер ететiн барлық күштердiң векторлық қосындысы нөлге тең болады:
Y осiне проекциялап, алатынымыз:
(4.1)
Архимед күшi Fарх = ρкgV,
кулондық күш Fк = kq1q2/εr2,
кiшкентай бөлшектердiң массасы мынадай белгiлi формула бойынша анықталады m =εсV.
Бұл өрнектердi (4.1) формулаға қойып, алатынымыз:
Арақашықтық терiс болмайтындықтан, ақырғы жауапты аламыз:
Өлшем бiрлiгiн тексерейiк:
Сандық мәндерiн қойып:
(м).
Жауабы: кiшкене бөлшек В тепе-теңдiк күйде болуы үшiн, ол зарядталған А шариктен 1 см қашықтықта болуы керек.
Есеп 3. Нүктелiк зарядтар ортасында жатқан нүктедегi электр өрiсiнiң кернеулiгiн табыңыз
q1 = 8·10-9 Кл, q2 = -6·10-9 Зарядтар арасындағы арақашықтық 10 см-ге тең.
Шешуi. Бiрiншi зарядтың жасайтын электр өрiсi кернеулiгiнiң модулi мына формула бойынша есептеледi:
,
ал екiншi зарядтың жасайтын электр өрiсi кернеулiгiнiң модулi:
.
Өрiстердiң суперпозиция принципi бойынша қорытқы өрiстiң кернеулiгi мынаған тең
.
Бiзге қажет өрiс нүктесi, бiрi оң екiншiсi терiс зарядталған, екi зарядтың ортасында орналасқандықтан, және векторлары бiр бағытта бағытталған және олардың геометриялық қосындысы қарапайым өрнек түрiнде берiледi: