Узнать больше



бет14/15
Дата02.06.2022
өлшемі395,5 Kb.
#145755
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
электр орыс

Түсiнiктеме сөздiк
Вольт – кернеу өлшем бiрлiгi.
Диэлектриктер (немесе изоляторлар) – электр тогын өткiзбейтiн заттар.
Ортаның диэлектриктiк енуi – бiртектi диэлектрик iшiнде электр өрiсi кернеулiгiнiң модулi вакуумдегi өрiс кернеулiгiнiң модулiнен неше есе кем екендiгiн көрсететiн физикалық шама.
Конденсатор – әр аттас зарядталған модульдары бойынша тең және диэлектриктiң жұқақабатымен бөлiнген екi өткiзгiштен тұратын жүйе.
Кулон – электр зарядының бiрлiгi.
Кернеулiк сызықтары немесе электр өрiсiнiң күш сызықтары деп ол сызықтардың әрбiр нүктесiндегi жанама өрiс кернеулiгi векторының бағытымен сәйкес келетiн (беттесетiн) сызықтарды айтады.
Кернеу (потенциалдар айырымы) – зарядтың бастапқы нүктеден соңғы нүктесiне орынауыстырғанда өрiстiң электростатикалық жұмыстарының қатынасына тең шама.
Электр өрiсiнiң кернеулiгi – берiлген нүктедегi электр өрiсiн сипаттайтын және өрiстiң берiлген нүктедегi нүктелiк зарядына әсер ететiн күштiң осы заряд шамасына қатынасына тең векторлық шама.
Полярлық емес диэлектриктер – молекулаларындағы және атомдарындағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келетiн (беттесетiн) заттар.
Поляризация – сыртқы электр өрiсiнiң қарама-қарсы жаққа әсерлерiнен диэлектриктiң байланысқан оң және терiс зарядтарының араласуы.
Полярлық диэлектриктер – молекулалардағы оң және терiс зарядтардың таралу центрлерi сәйкес келмейдi (беттеспейдi).
Потенциал – электростатикалық өрiстi энергетикалық сипаттайтын және өрiстегi зарядтың потенциалдық энергиясының сол зарядқа қатынасына тең скалярлық шама.
Потенциалдық өрiс – заряд тұйықталған траектория бойымен орынауыстырғанда жұмысы нөлге тең өрiс.
Өткiзгiштер – электр өрiсiнiң әсерiнен орынауыстыруға қабiлеттi зарядталған бөлшектерi бар зат.
Фарада – электр сыйымдылықтың өлшем бiрлiгi.
Эквипотенциал бет – электр өрiсiнде потенциалдары тең геометриялық нүктелер орны.
Электрлеу – нәтижесiнде денеде электр заряды пайда болатын процесс.
Электрлiк диполь – үлкен арақашықтықта модульдары бойынша тең таңбалары қарама-қарсы бiр-бiрiнен белгiлi бiр қашықтықтағы екi нүктелiк заряд жиыны ретiнде қарастыруға болатын молекула.
Электр заряды (электр мөлшерi) q – дененiң немесе бөлшектiң электромагниттiк өзара әсерлесуге түсу қасиетiн сипаттайтын және бұндай әсерлесудiң қарқындылығын анықтайтын шама.
Электродинамика – электромагниттiк өрiс табиғатының заңдылықтарымен қасиеттерi туралы ғылым.
Электр сыйымдылық – екi өткiзгiштiң электр зарядтарын ұстап қалу қабiлетiн сипаттайтын шама.
Екi өткiзгiштiң электр сыйымдылығы – өткiзгiштердiң бiрiнiң зарядының ол өткiзгiшпен көршiсiнiң потенциалдар айырымына қатынасы.
Элекртомагниттiк өрiс – электрлiк зарядталған денелер немесе бөлшектер арасындағы өзара әсерлесудi болдыратын өрiс.
Электростатика – тыныштықтағы электрлiк зарядталған денелердi зерттеуге арналған электродинамиканың бөлiмi.
Электростатикалық индукция – электр өрiсiне енгiзiлген өткiзгiште зарядтардың қайта орналасу құбылысы.

Электростатикалық өрiс – қозғалмайтын зарядтардың электр өрiсi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет