В.А.Жылқыбаева
№65 мектеп-гимгназия
Астана қаласы
5 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: 5санының құрамын меңгеруге орта құру,сандар қасиетті жайлы түсінік беру.Ойындар, ойнату арқылы есептеуге,білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың байқағыштық қабілеті мен логикалық ойын дамыту.
Білуге деген құштарлыққа,ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:аңдардың суреттері,өрнектер,плакат,сандар, хат,карточка,себет, жеміс-жидектер.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік.
Пән аралық байланыс: дүниетану, дене шынықтыру, әліппе
Сабақтың түрі:Жаңа ұғым беру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың ережесімен таныстыру.
Ұйымшылдықпен қатысу.
Бірін-бірі тыңдау.
Сұрақтарға нақты жауап беру.
Белсенділік таныту.
Ойын жүйелі жеткізе білу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабаққа көңілді келеміз,
«Сабақтан қалмаймыз «дегенбіз,
«4» пен»5» -ке оқып бәріміз,
Жалқаулықты жеңеміз!
Өткенді қайталау.
3+1 1+1 4- 3
4-2 2- 1 1+3 (Қосу амалымен азайту амалының компаненттерін атап өту)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Есік қағып сырттан хат келеді.
Балалар! №65 мектептің 1 «З» сынып оқушыларының кабиниетінде орманның аңдары адасып қалыпты.Егер де берілген тапсырмалардыорындасаңыздар аңдар орманына оралады. Көмектесіңіздерші.
Сәлеммен: Аң патшасы Арыстан.
Балалар көмектесемізбе?
Иә.
Олай болса бірінші тапсырмамыз.
І.Жұмбақ. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
-Балалар біз сендермен нешеге дейін санап үйрендік?
- 4ке дейін таныстық.
- Қане тура кері санаймыз?
- Кім кері санайды?
Балалар киелі сандар туралы не білесіңдер?
5 саны туралы ұғым беру, түсіндіру.
Қоянды орманға жеткізу.
ІІ. Түлкі қасқырдан қулау,
Қайсысы аңқау? (Қасқыр)
а) Қазір қай мезгіл?
- Күздегі адам еңбектерін айтыңдаршы?
«Жемістер жинау»ойыны.
ә)Плакатпен жұмыс
5 санының құрамы
5
5
5
5
5
Қасқырды тауып алып орманға жеткізу.
ІІІ.Жұмбақ.
Өзі айлакер,өзі қу,
Жүрген жері айғай шу. (Түлкі)
Енді түлкіні тауып алу үшін карточкамен жұмыс жүргіземіз.
І-нұсқа. ІІ-нұсқа.
5 = +1 4 =5-
4 = 2 + 5= 5= +3
3 = +1 2= 1+
4 = 2+ 4=3+
Түлкіні орманға жеткізу.
Сергіту сәті:
Бір үйде біз нешеуміз?
Қане санайық екеуміз?
Бас барғым –әкем,
Балаң үйрек – анам,
Ортан терек –ағам,
Шылдыр шүмек –інім,
Кішкене бөбек –мен
Біз үйде нешеуміз?
Біз үйде бесеуміз.
ІV.Жұмбақ:
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылтетеді,
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғарғы өрлеп кетеді. (Тиін)
Ал ,тиінді тауып алу үшін орманға саңырауқұлақ теруге барайық.Сол жақтардағы тапсырмаларды орындайық.(Тақтамен жұмыс)
Тиінді орманға апарайық.
V.Жұмбақ.
Қоян кірпіге қарағанда қорқақ.
Қайсысы батылдау? (Кірпі)
Олай болса кірпіні тауып алу керек.Кірпіні тауып алу үшін келесі тапсырмамызды орындаймыз.
Өзіндік жұмыс.
Кірпіні орманға жеткізу.
-Ал балалар , барлық аңдар орманға жетті ме?
-Иә.
-Олай болса сабағымызды плакатпен қорытындылаймыз.
Белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау.
Смайликтермен бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |