В. А. Корнев, К. А. Елеусизова аналогты қҰрылғылардағы элекроника мен сұлбатехника 5В071900 «Радиотехника, электроника мен телекоммуникациялар»


Жартылайөткізгіштердегі токтар. Дрейф және диффузия



бет2/17
Дата29.11.2022
өлшемі2,16 Mb.
#160386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
лекция 15

1.1 Жартылайөткізгіштердегі токтар. Дрейф және диффузия.

Жартылайөткізгіштерде электр заряды қозғалысының екі түрлі механизмі мүмкін:


1) Дрейф – заряд тасымалдаушылардың электр өрісі әсерінен қозғалысы (4 сурет);



4 Сурет – Заряд тасымалдаушылардың дрейфтіу механизмі [6]


Электр өрісі әсерінен пайда болатын ток – дрейфтік ток.


2) Диффузия – еркін заряд тасымалдаушылардың материалдың көлемі бойынша біркелкі емес болып таралуы әсерінен туындайтын қозғалысы. Диффузия үрдісі негізгі екі параметрмен бағаланады:
- τn – артық, тепе-теңдік емес заряд тасмыладаушылар өмір сүру уақыты. Егер өткізгіштің қандай да бір аймағында n0 артық, тепе-теңдік емес заряд тасымалдаушылар туғызсақ және қандай да бір уақыт мезетінде заряд тасымалдаушыларды туғызатын әсерді тоқтата қойсақ, онда диффузиялық күштердің әсерінен артық концентрация кеми бастайды, яғни, материалдың барлық көлеміне жайылады. Бастапқы n0 концентрция е есе кемитін уақыт (тегістелуге кететін уақыт) тепе-теңдік емес зарядтардың өмір сүру уақыты болып табылады. - lnдиффузиялық ұзындық, диффузия әсерінен артық зарядтардың ену тереңдігін көрсететін ара қашықтық.
2 ЖАРТЫЛАЙӨТКІЗГІШ МАТЕРИАЛДАРДАҒЫ
ЭЛЕКТРЛІК АУЫСУЛАР

Жартылайөткізгіш материалдарда арнайы электрлік қасиеттері әртүрлі аймақтар жасалады. Жартылайөткізгіштердің осындай электрлік қасиеттері әртүрлі аймақтарының түйіскен тұсындағы қабат электрлік ауысу деп аталады. Жартылайөткізгішітк материалдардың аймақтарының арасында болатын ауысу түрлері 5 суретте келтірілген.





5 Сурет – Материалдардағы ауысу түрлері


Металлдық-жартылайөткізгіштік. Металлдан және жартылайөткізгіштен электронның шығу жұмысы шамасының қатынастарына қарай (AMe > < Aж/ө) металл-жартылайөткізгіш шекарасында екі түрлі ауысу болады:


Омдық контакт – берілген кернеудің бағытына тәуелсіз және төмен кедергілі ауысу қабаты. Электр сигналдарын жартылайөткізгіштерге өткізу үшін омдық өткізгіш ретінде қолданылады.
Түзеткіш контакт – бірбағытты өткізгіштікке ие электрлік ауысу, Шоттки диодтарында қолданылады [5].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет