В ближайшее полвека стоимость передачи информации не будет зависеть от расстояний



бет8/92
Дата08.11.2022
өлшемі4,95 Mb.
#157240
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92
Байланысты:
treatise177480

1.2.2 Token Ring желілік технологиясы

Token Ring желісін алғаш IBM компаниясы 1970 жылдары жасаған. Бұл әйгілі Ethernet-тен кейінгі локалды желілер үшін екінші орында тұрған IBM негізгі технологиясы.


Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:
-дәстүрлі топология сақина
-басқа топологиялар жұлдыз-сақина
-берілу түрі тар жолақты
-қол жеткізу әдісі маркер берумен
-деректер беру жылдамдығы 4 және 16 Мбит/с
-кабельдік жүйе UTP және STP

Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркет өндіреді. Маркер сақина бойынша компьютерден компьютерге өтеді, қашан олардың біреуі деректерді жіберуге дайын екендігі туралы хабарламайынша жүреді және маркермен бақылауды өзіне алады.


Маркер – бұл компьютерге деректерді кабель арқылы жіберуге мүмкіндік беретін биттердің (деректер ағынының) алдын-ала реттілігі.
Маркерді түсіріп алғаннан кейін компьютер желіге деректер кадрын жібереді. Кадр қабылдағыштың мекен-жайына сәйкес келетін адресі бар түйінге жеткенге дейін сақина бойынша жүреді. Қабылдағыш-компьютер кадрларды қабылдау буферіне көшіріп алады және кадрдың күйі өрісіне ақпарат алынғандығы туралы жазба жасайды.
Кадр деректер берудің сәтті болғандығын растайтағанша, жіберген компьютерге жеткенше сақина түрінде берілуін жалғастырады. Осыдан кейін компьютер кадрды сақинадан шығарып, маркерді сол жерге қайтарады. Желіде бір уақытта бір ғана маркер берілуі мүмкін және бір бағытта ғана болады. Маркерді беру – детерминистік процесс. Бұл кез келген соңғы станцияның берілуіне дейін өткен максималды уақытты есептеуге болатындығын білдіреді. Бұл сипаттама Token Ring желісін желінің тұрақты жұмыс жасауына маңызды, күту уақытын білу қажет болғанда қолданса өте ыңғайлы етеді. Мұндай қолданыстарға мысал зауыттардағы автоматтандырылған станциялар ортасы болып табылады.
IBM Token Ring желілік станциялары үлкен сақина желісін құру үшін кабельдер көмегімен біріктірілген MAU (Multistation Access Unit) торабына тікелей қосылған (1.7 сурет).

1.7 сурет – Концентраторда сақинаның қалыптасуы (маркердің қозғалысы көрсетілген)


Ажыратқыш кабельдер MAU аралас MAU арқылы қосады. Жапырақшалы – кабельдер MAU-ны станцияларға қосады. МAU құрамына станцияларды сақинадан шығаруға арналған шунттаушы реле кіреді. Осылайша, сәтсіз компьютер (немесе қосылыс) бүкіл Token Ring желісінің жұмысына әсер етпейді. Оған сегіз компьютерге дейін қосуға болады. Алайда, Token Ring желісі бір сақинамен шектелмейді, әр сақинада 33 концентратор есептелген болуы мүмкін.


Сақина толған кезде, яғни әр MAU портына компьютер қосылған, желіні басқа сақина қосу арқылы кеңейтуге болады. Негізгі басты звңдылықты ұстану керек: әрбір MAU сақинаның бөлігі болатындай етіп қосылуы керек. MAU-дегі «кіріс» және «шығу» ұяшықтары кабельдің көмегімен бір сақинада жиналған 12 MAU-ға дейін қосылуға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет