блоктың негіздемесіне қарай линзаны бекітуге және реттеуге арналған
кронштейндер орналасқан. Сыртқы фотоқабылдағыш
тасымалды сәуле
қабылдағыштан, сӛндіруге арналған ұяшығы бар ұстағыштан,
жіптен және
сорғы-қақпақтан тұрады.
Аспаптың әрекет ету қағыдасы мынадай. Жарық сәулесі тексерілетін
фарадан Френель линзасы, сәуле сүзгісі арқылы ӛтіп, фотодиодқа түседі. Сәуле
күшіне пропорционал фотодиодтың электр тоғы басқарылатын күшейткішпен
күшейтіледі және басқарудың және индикацияның
электрондық тақшасында
орналасқан микропроцессорға түседі. Аналогты сигнал цифрлық түрде
түрлендіріледі және осы деректер негізінде микропроцессор жарық күшін
есептейді. Есептеу нәтижелері және басқа қызметтік хабарламалар екіжолды
индикаторда кӛрсетіледі. Автомобильдің бұрылыс белгісінің жанып-ӛшу
жиілігін ӛлшеу үшін сыртқы
фотоқабылдағыш пайдаланылады, одан түсетін
электрлік сигнал басқарылатын күшейткішпен күшейтіледі және басқарудың
және индикацияның электрондық тақшасында
орналасқан микропроцессорға
түседі. Бұрылыс белгілерінің жанып-ӛшу жиілігі және басқа да жарқылдағыш
сипаттамалар микропроцессормен есептеледі
және екіжолды индикаторда
кӛрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: