■
жарық
техникасы
және
жарық
сигналды
аспаптарды
қосып-
сӛндіргіштердің істемей қалуы;
■
қысқа
тұйықталулар
салдарынан
қоректендіру
тізбектерінде
сақтандырғыштардың жанып кетуі;
■
генераторық қондырғының жоғары реттеуіш кернеуінен жоғарылауынан
қызу шамы
талшығының жанып кетуі;
■
генераторық қондырғының тӛмен реттеуіш кернеуінен немесе тот басу
және ылғал мен қоқыстық түсіуі нәтижесінде паторн мен шам түпшесі
арасында кернеудің кӛп түсуінен шам талшықтарының әлсіз жануы;
■
оптикалық элементтің тот басуына немесе фараларды реттеудің бұзылуына
не болмаса автомобильді асырып жүктеу және шинадағы қысымның
ауытқуынан жолды дұрыс жарықтандырмау.
Жарық техникасы аспаптары клеммаларында
немесе олардың минус
сымдары мен автомобиль шанағы арасында түйіспенің жартылай немесе толық
болмауы олардың жұмысын бұзады. Нашар плюс түйіспе болғанда шам
жарығының күші тӛмендейді, ал нашар минус түйіспе болғанда кӛп функциялы
аспаптардың кейбір секциялары ӛзідігінен қосылады: стоп-сигналдық орнына,
мысалы, бұрылыс белгісі немес артқа жүру сигналы қосылуы мүмкін. Мұндай
жағдай орын алғанда жарық техникалық аспаптарының
жұмысын фонарьдің
барлық секцияларын бір уақытта қосумен тексереді.
Жарық техникасы мен жарық сигнализациясы бұйымдарын пайдалану
кезінде жарық кӛздерін дұрыс қолдану ӛте маңызды. Тиісті фонарьға сай
келмейтін шамды орнату оның ақпараттылығын тӛмендетеді (мысалы, түсі жоқ
шашыратқышты бұрылыс кӛрсеткішіндегі түссіз шам немесе габаритті
панельдегі қызғылтсары шам сигналдың түсін бұзады, бұған тыйым салынған).
Кез келген фонарьдағы қызғылтсары колбалы шам
немесе қуаты аз шам аспап
жарығының күшін тӛмендетеді. Қуаты жоғары шамдарды қолдану фонарьдың
қызып кетуіне, оның пластмасс бӛлшектерінің және оқшаулауыштардың
балқуына, басқаратын реле немесе ауыстырып-қосқыш түйіспелерінің жанып
кетуіне, сызбалы тақша сымдарының жанып
кетуіне және сымдардың
тұйықталуына әкеледі. Жарық техникалық аспаптарда жанып кеткен шамдарды
ауыстырғанда конструкциямен кӛзделген фонарьдің және штекерлік
қосылыстардың тұмшалылығын қалпына келтіру керек.
ТО-2 жүргізген кезде кӛбіне пайдалану үрдісінде бұзылған фаралар
қондырғысын реттеуге тура келеді (2.18-сурет). Фараларды дұрыс орнатпау
қараңғы уақытта жол-кӛлік оқиғасын тудыруды жоғарылатады.
Фараларды орнатудағы ақаулар бекітпе элементтердің
немесе реттеуіш
бұрандалардың босауына немесе ӛздігінен бұралып кетуіне, аспа темірінің
отырып қалуынан, автомобиль ауырлығы
әсерінен жылжып кетуіне, жарық
кӛзін ауыстыруға байланысты.
Фаралар тексеруге арналған аспаптармен немесе автомобильде
орналасқан фараларға сәйкес арнайы белгіленген экран кӛмегімен тексеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: