Қарым-қатынастың интерактивті жағы– адамдар арасындағы қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы– адамдар арасындағы қарым-қатынастың, адамдардың бір-бірімен әрекеттесуімен байланысты аспектілерін белгілеуге арналған шартты термин.
Қарым-қатынас барысында қатынасқа түсу үшін тек мәліметпен алмасып және өзара түсіністікке қол жеткізумен шектелу жеткіліксіз, әрекеттермен алмасу, ортақ іс-әрекетті жоспарлап, бірлескен әрекеттердің формалары мен нормаларын қалыптастыру да маңызды. Қарым-қатынастың осы жағын сипаттағанда жеке адамаралық қарым-қатынастың түрлерін талдау мен қарым-қатынасқа түсушілердің әрекеттесудің қай түрін таңдауға итермелейтін мотивтен де қарастыру керек. Жеке адам аралық әрекеттесу стратегиясының сипаттамасы төмендегідей болады. Әртүрлі зерттеулерде, адамның басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуіне бірнеше маңызды әлеументтік мотивтер айқындалған. 1. Ортақ жетістікті барынша жоғарылату мотиві (немесе кооперация мотиві); 2. Өзінің жетістігін барынша жоғарылату (немесе индивидуализм); 3. Салыстырмалы жетістікті барынша жоғарылату мотиві (конкуренция); 4. Басқаның жетістігін барынша жоғарылату (альтруизм); 5. Басқаның жетістігін барынша төмендету (агрессия); 6. Жетістіктердегі айырмашылықты неғұрлым төмендету (теңдік). Әртүрлі мотивацияға байланысты қарым-қатынас стратегиясын анықтау үшін әрекеттесуді координат жүйесінде тұрғызуға болады.