В. Н. Комиссаров аударма жайлы Д. Селесковичтің мына пікірін келтіреді: кез келген аударма бұл түсініктеме (интерпретация). Аудармаға төрт элемент қатысады: Х тілдегі сөйлеу сөйленімі (речевое высказывание), ауда



Дата01.08.2020
өлшемі15,39 Kb.
#76003
Байланысты:
акпарат
matem10, matem10

В.Н.Комиссаров аударма жайлы Д.Селесковичтің мына пікірін келтіреді: «...кез келген аударма – бұл түсініктеме (интерпретация). Аудармаға төрт элемент қатысады: Х тілдегі сөйлеу сөйленімі (речевое высказывание), аудармашының осы мағынаны түсінуі және У тіліндегі мағынасын беруі. Жалпы алғандабұл тілдік бірліктерге жүргізілетін операция емес, идеяларға жүргізілетін операция, сондықтан аудармашы тілдік мазмұнды ғана емес, сөйленім мазмұнын түсіндіріп, түпкі мағынаға жетеді» [4, 39-б.].

Аударма процесі үш кезеңнен тұрады: 1) талдау кезеңі – түпнұсқа құрылымы шығыс тілдің ядролық құрылымына айналады (шығыс тіл аясындағы трансформация); 2) аудару кезеңі – шығыс тілдің ядролық құрылымы кіріс тілдегі балама ядролық құрылымдармен ауыстырылады (тіларалық трансформация); 3) жинақтау (синтез) кезеңі – кіріс тілдің ядролық құрылымы аударма мәтінінің («терминальды») құрылымына айналады [5]. Демек аудармашы аударатын мәтінді оқып шығады да, оның негізгі мазмұн межесін саралайды. Содан кейін осы мазмұн межесін аударылатын тілдің қандай тұрпат межесі арқылы беруге шешім қабылдайды. Алайда осы мәтінді аудару кезінде аудармашы тек тілдік бірліктердің жиынтығын екінші тілдің құрылымдық тілдік бірліктері арқылы беріп қана қоймайды.

Аударма процесінде мәтінді аударуда төмендегідей факторлар әсер етеді:

1) аударылатын мәтіннің ерекшелігі мен сипаты: а) мәтіннің функционалдық сипаты; ә) түпнұсқа мен аударма арасындағы уақыт және кеңістік қатынастары; б) түпнұсқаның жанрлық сипаты; в) түпнұсқаның шығыс (аударылатын) тілдің жалпыхалықтық нормасына қатынасы;

2) аударма процесінің жүргізілу жағдайлары немесе шарттары:

3) аударма процесіне қатысушылар [4, 172-184-бб.]. Осы факторлардың барлығына дұрыс бағдар жасап, мәтіндегі тілдік және экстралингвистикалық жағдаяттарды меңгере алған аудармашы ғана толыққанды мазмұнда аударма жасай алады деуге болады.

Жоғарыда аударма тек тілдік бірліктерді ғана тәржімалап қою емес дегенбіз. Алайда аударма процесінде негізінен басты рөл атқаратын – мәтін, яғни тілдің әртүрлі деңгейіндегі бірліктердің сөйлеудегі жұмсалымы. Ал аударма тілдің қай деңгейінде жүзеге асады деген сұраққа Л.С.Бархударовтың төмендегі пікірімен жауап беруге болады:

1) фонема (графема) деңгейіндегі аударма;

2) морфема деңгейіндегі аударма;

3) сөз деңгейіндегі аударма;

4) сөз тіркесі деңгейіндегі аударма;

5) сөйлем деңгейіндегі аударма;



6) мәтін деңгейіндегі аударма [1, 176-184-бб.]. Бұл пікірге былайша кеңірек түсінік береміз: фонема деңгейіндегі аудармаға аударатын тілдегі бірліктерді аударылатын тілдің фонетикалық заңдылықтарына сай икемдеу болса, аударатын тілдегі бірліктерге аударылатын тілдің морфологиялық қосымшаларын жалғау; ал қалған деңгейлердегі аударма түрлері аударма процесімен айналыспайтындарға да түсінікті деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет