В. В. Иванов атындағы ботаника кафедрасының доценті Отаубаева А. У., Жамалиева Л. С



бет11/23
Дата29.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#12670
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Әдебиеттер:


  1. К.Қ.Мұхамбетжанов “Генетика” Алматы, 1994 ж. Б. 31-32, 37-121 беттер.

  2. Р.І.Берсімбаев, К.Қ. Мұхамбетжанов “Генетика” І бөлім, Алматы 2002 ж.

  3. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомиров М.М. "Генетика с основами селекции" - М., Просвещение, 1979.

4.К.Қ.Мұхамбетжанов “Генетика және селекция негіздері” Алматы, 1996 ж.

5.Азимов, Айзек, Бойд, Уильям “Расы и народы”. “Генная мутация и эволюция человека” М., 2004. “Генетика” (под ред. А.Жученко) М., 2004.

6.Азимов, Айзек “Краткая история биологии” от алхимии до генетики М., 2002.
15 дәріс

Тақырып: Цитоплазмалық тұқым қуалау.

Дәрістің мақсаты: Хромосомдық емес (цитоплазмалық) тұқым қуалау, плазмоген ұғымдарына анықтама беру. Плазмон туралы түсінік беру.

Дәрістің мазмұны: Популяциядағы тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің көрінуінің заңдылықтары. Харди-Вайнберг заңы, оны бұзатын факторлар.

Популяция және оның генетикалық құрылымы. өздігінен ұрықтанатын және айқас ұрықтанатын организмдер популяциясы. Популяциялар мен таза линиялар туралы В.Иогансен ілімі. Популяциядағы тұқым қуалау. Пакмиксиялық мендельдік популяциядағы генетикалық тепе-теңдік және оның Гарди- Вайнберг заңына теориялық тұрғыда сәйкес келуі.

Популяциялардың генетикалық динамикасының факторлары. Популяциялар динамикасындағы имбридингтің рөлі. Гомозиготалану процесі.

Генетикалық гомеостаз және оның механизмдері.



Бақылау сұрақтары:

  1. Плазмоген дегеніміз не?

  2. Хромосомдық емес (цитоплазмалық) тұқым қуалау дегеніміз не?

Әдебиеттер:


1. К.Қ.Мұхамбетжанов “Генетика” Алматы, 1994 ж. 120-132 беттер. беттер.

2.Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомиров М.М. "Генетика с основами селекции" - М., Просвещение, 1979.

3.К.Қ.Мұхамбетжанов “Генетика және селекция негіздері” Алматы, 1996 ж.
16 дәріс

Тақырып: Өзгергіштіктің жіктелуі.

Дәрістің мақсаты: Қазіргі заманғы генетикалық тұрғыдан мутацияларды жіктеу туралы айту. Генеративтік және соматикалық мутацияларға анықтама беру.

Дәрістің мазмұны:

Қазіргі заманғы генетикалық тұрғыдан мутацияларды жіктеу. Генеративтік және соматикалық мутациялар. Фенотиптің өзгеруіне қарай мутацияларды жіктеу. Адаптивті маңыздылығына қарай мутациялардың айырмашылықтары. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік туралы негізгі ұғымдар. Өзгергіштіктің жіктелуі. Фенотиптік және генотиптік өзгергіштік.

Өзгергіштіктің классификациясы. Тұқым қуалайтын генотиптік (комбинативтік және мутациялық) өзгергіштік пен тұқым қуаламайтын фенотиптік (модификациялық, онтогенетикалық) өзгергіштіктер туралы түсініктер. Мутациялық өзгергіштік. Мутациялар классификациясының принциптері. Генотиптік және сомалық мутациялар. Мутацияны фенотиптің өзгеруіне қарай классификациялау – морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық. Мутациялардың өздерінің адаптивтік маңызына байланысты айырмашылықтары: летальды және жартылай летальды, нейтральды және пайдалы мутациялар, мутациялардың адаптивтік маңызына қарай әр түрлі болуының салыстырмалы сипаты.

Мутациялардың генотиптің өзгеру сипатына қарай классификациялануы: гендік, хромосомдық, геномдық, цитоплазмалық.

Гендік мутациялар, тура және кері. Көп аллелизм.

Хромосомдық өзгерістер. Хромосом ішілік өзгерістер: жетімсіздіктер (дефишенсиялар мен делециялар), ұқсас участоктердің көбеюі (дупликациялар), инверсиялар. Хромосомалдық өзгерістер – транслокациялар. Хромосом ішілік және хромосомалық өзгерістердің әр түрлі типтері кезіндегі мейоздың ерекшеліктері. Хромосомдық өзгерістерді анықтаудың цитоплазмалық әдістері.

Геномдық мутациялар. Хромосомалардың гаплоидты спанының артуы – полиплоидия. Полиплоидияның фенотиптік эффектілері. Полиплоидтарды жасанды жолмен алу. Автополиплоидия. Автополиплоидтарды будандастыру кезінде фенотип пен генотип бойынша ажырау. Аллополиплоидия.

Анеуплоидия (гетероплоидия): нулисумиктер мен моносомиктер, полисомиктер. Анеуплоидтерде гаметалардың түзілуі мен мейоздың ерекшеліктер. Анеуплоидты формалардың тіршілік қабілеті мен өсімталдығы.

Цитоплазмалық мутациялар, олардың табиғаты мен ерекшеліктері.

Дарвин, Фогель, Вейсманның тұқым қуалаушылық теорияларының негіздерінің тұжырымдары. Генетика ғылымының дамуындағы аталмыш теорияның маңызы.

Популяциялық әдіс жекелеген гендердің ел арасына таралуы мен кездесу жиелігінанықтау тәсілі екендігі. Изоляттар.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қазіргі заманғы генетикалық тұрғыдан мутацияларды жіктеу нешеге бөлінеді?

  2. Генеративтік мутация дегеніміз не?

  3. Соматикалық мутация дегеніміз не?

Әдебиеттер:


1.Азимов, Айзек “Краткая история биологии. От алхимии до генетики”. М., 2002.

2.Ч. Дарвин “Происхождение вида”.

3.Фогель “Генетика человека” I-III т.

4.Weismann A., Das Keimplasma. Eina Theorie von der Veererbunq, Jena, Ficher, 1891.


17 дәріс

Тақырып: Мутациялық өзгергіштік.

Дәрістің мақсаты: Мутациялық өзгергіштікке анықтама беру. Мутагендік факторлар, мутагенездің молекулалық механизмдеріне анықтама беру.

Дәріс мазмұны: Генотиптің өзгеруіне қарай мутациялардың жіктелуі: гендік, хромосомалық, геномдық, цитоплазмалық. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі Н.И. Вавиловтың гомологтық қатарлар заңы.Мутагендік факторлар. Мутагенездің молекулалық механизмдері.

Әдебиеттер:

1. Р.І.Берсімбаев, К.Қ. Мұхамбетжанов “Генетика” І бөлім, Алматы 2002 ж.

2. Лобашев М.Е., Ватти К.В., Тихомиров М.М. "Генетика с основами селекции" - М., Просвещение, 1985 жыл

3. М.Е., Ватти К.В., Тихомиров М.М. "Генетика с основами селекции" - М., «Высшая школа» 1989 жыл,



Бақылау сұрақтары:

  1. Мутагендік фактор дегеніміз не?

  2. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктегі Н.И. Вавиловтың гомологтық қатарлар заңы туралы не білесіз?

  3. Генотиптің өзгеруіне қарай мутациялар қалай жіктеледі?

18 дәріс



Тақырып: Модификациялық өзгергіштік.

Дәрістің мақсаты: Модификациялық өзгергіштікке, өзгергіштіктің реакция нормасына толық мағлұмат беру. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің математикалық әдісі туралы айту.

Дәріс мазмұны:

Модификациялық өзгергіштік. Өзгергіштіктің реакция нормасы туалы түсінік. Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің математикалық әдісі. Варияциялық қатардың константалары және оларды реакция нормасын анықтаудағы генотиптің ролін білу үшін пайдалану.



Бақылау сұрақтары:

  1. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?

  2. Өзгергіштіктің реакция нормасы дегеніміз не?

  3. Реакция нормасын анықтаудағы генотиптің ролін білу не үшін қажет?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет