В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет15/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
36
 


Желілі түзеткіштің кернеуін арттыру арқылы жоғары жиілікті 
кернеудің амплитудасын көбейтуге, яғни түзетілген кернеудің 
орташа мәнін реттеуге болады. Сонымен бірге инверторлы 
түзеткіште режимді амплитудалы, ендік және жиілік реттеу 
қолданылады.
Инверторлы нірлендіру көздерінің жұмыс жасау қағидасы 
өндірістік жиіліктің (50 Гц) айнымалы тоғын электронды 
сызбаның көмегімен ирелең жоғары жиілікті тоққа (жиілігі 35-55 
кГц) алдын ала өзгертуге негізделген. 50 Гц жиілікті кернеудің 
трансформациясынан бұдан мың есе артық жиілікті кернеудің 
трансформациясына аралық жоғары жиілікті, шағын габаритті 
және салмағы аз трансформатордың көмегімен ауыстыруға 
болады. Транзисторлы кілттерде жоғары жиілікті өзгертуді 
қолдану сұлбадан желілі трансформаторды шеттетіп қана қоймай, 
аппараттың ПӘК шамасын 82,85% дейін арттыруға мүмкіндік 
береді(дәстүрлі аппараттың ПӘК шамасы 75,80%). 
Бос жүріс режимінде инвертордың қуатты пайдалануы 
әдеттегі трансформатормен салыстырғанда шамамен 10 есеге аз. 
Жоғары жиілікті құрамдас бөліктің есебінен пісіру доғасын орау 
және тұрақтандыру жүзеге асады, магнитті үрлеудің әсері 
айтарлықтай 
бәсеңдейді, 
балқыма 
металдың 
құрылымы 
жақсарады. Бұл сұлбаларда тоқтың ауытқуы пайыздың оннан бір 
бөлігінің деңгейіне дейін кемиді. Өз кезегінде бұл қалыпты ғана 
емес, жемірілуге төзімді болаттардың да жоғары сапалы 
пісірушіге жағдай жасайды. Сонымен қатар инверторлы 
нәрлендіру 
көздері 
оған 
ұқсас дәстүрлі 
аппараттармен 
салыстырғанда шағын габаритті және жеңіл.
Аз қуатты инверторлардың жеңілдігі пісіру жіктеріне қатаң 
талап қойылатын, бірақ монтаждау жағдайы цехта қолданатын 
ауыр өндірістік жабдықты қолдануға арналмаған аса маңызды 
металл құрастырылымдар мен құбыр желілерін монтаждауда өте 
тиімді.
Бір ток көзіне негізделетін модульдік қағидаға сай 
жасалған қуатты өндірістік инверторлар доғалы пісірудің кез 
келген түріне арналған пісіру кешендерін жасауға мүмкіндік 
береді. Барлық инверторларда пісіру тоғының жатық реттеуі бар. 
Ал микропроцессордың сандық сұлбасы мен жады ұяшықтарын 
енгізу дпісірудің жиі қолданылатын бірнеше режимдерінің 
жадталуын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет