В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Төменгі қалыпта жалғасты үсті-үстіне пісіру



Pdf көрінісі
бет50/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Төменгі қалыпта жалғасты үсті-үстіне пісіру
. Доғаны 
қоздырып, пісіру ваннасы тең қабырғалы үшбұрыш жасай отырып, 
үстіңгі табақтың бүйірі мен астыңғы табақтың бетін жабатындай 
етіп қалыптастыру керек. Пісіру процесі кезінде үстіңгі табақ 
шетінің балқытылған беті тілікше жасап ағып кететіндіктен, 
жанарғыны дұрыс еңкейту бұрышын таңдау өте маңызды. Қоспа 
сымы толық профильді жіктің қалыптасуына жеткілікті көлемде 
әрбір 5-6 мм сайын пісіру ваннасының алдыңғы шетіне беріледі. 
Кратердің түзілуін болдырмау үшін пісіру жігін түйіспе қосылысты 
орындағандай аяқтау керек. 
Бұрыштық таңбалы жалғас төменгі қалпында пісіру

Осындай пісіруді орындау кезінде жалғастың бүйірлік (тік) бетінің 
қаттырақ қызып, тезірек балқытылатынын ескеру керек. Жылудың 
көп бөлігі көлденең бетке түсетіндей етіп, жанарғыны еңкейту 
бұрышын таңдау керек. Қысқа доғаны ұстау және жік түбірін пісіру 
мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін электродтың шығуын ұлғайту 
керек. 
103


Қоспа сымын металл балқытыла бастайтын нүктеге пісіру 
ваннасының шетіне беру керек. Пісіру процесі кезінде жанарғыны 
еңкейту бұрышын және қоспа сымын орналастыруды түзету 
тіліктерді болдырмауға көмектеседі. Бұл ретте жіктің ойыстығын 
болдырмау үшін пісіру ваннасының ойымы қоспа сымымен 
толтырылу керек. Бұл ретте берілетін қоспа сымының көлемін жік 
дөңестігінің қалыптасу шарттарына сүйеніп таңдайды. 
Бұрыштық жалғасты төменгі қалыпда және «қайықша» 
түрінде пісіру
. Жіктің «қайықша» түрінде орындалуын бұрыштық 
жіктің сыртқы жағын төменгі қалыпта пісіру мысалында 
қарастырайық. Осындай пісіру процесі кезінде қасындағы 
бөлшектердің шеттері балқытылып, ал пісіру ваннасы орталық 
сызық бойынша өту керек. Қоспа металын дөңес жікті алуға 
жеткілікті болатын мөлшерде қосқан жөн. Жұқа материалдарды 
пісіру кезінде қоспа материалын пайдаланбай, түйісетін 
бөлшектердің жиектерін балқытуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет