В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет51/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)
10 А Сынып сагатынын жоспары, DOC-20230228-WA0013. (2), Псих
Көлденең қалпында пісіру
. Көлденең қалпында пісіру кезінде 
доғаны жіктің шетінде тұтатқан жөн. Кейін жанарғыны жайғастыру 
керек: көлденең бойынша төмен қарай 15°-қа және пісіру 
бағытынан артқа қарай 15°-қа еңкейту. Пісіру ваннасы қалыптасқан 
соң пісіру сымын оның сыртқы шетіндегі бөлшектің үстіне қарай 
жақындатып, жанарғыны пісіру жүрісі бойынша жылжыту (3.8-
сурет). Дұрыс таңдалған доға ұзындығы мен тиісті пісіру 
жылдамдығы күйіктеспе мен өтпелі балқытуды болдырмайды. 
12
3
4
3.8-сурет. Көлденең қалпында пісіру кезінде жанарғы мен қоспа сымының 
қалпы: 
1
— жанарғы; 
2
— қоспа сымы; 
3
— жік; 
4
— пісірілетін бөлшектер 
104


Тік қалпында пісіру. 
Төменнен жоғары қарай тік қалпында 
пісіруді (3.9, а-суреті) қосылыстың төмен жағынан бастап, қоспа 
металды үстінен қосады. Бұл ретте «шағын сөре» жасауға тырысып, 
пісіру сымын тигізген сайын оны жоғары қарай көтеріп отыру 
керек. Яғни, қоспа металының кезекті порциясын салуға арналған 
жері болу керек. Пісірілген жік кең болса, «шағын сөрені» алдымен 
жіктің бір жағынан, кейін екінші жағынан жасап, оларды 
қосылыстырғышпен қосу керек. 
Жиектерін бөліп, түйіспе жігін пісіру кезінде электродтың 
шығуын ұлғайтып, бұл жағдайда шүмектің бүйірі жіктің шетіне 
тірелу мүмкін. Бұл ретте жанарғы жоғары және төмен қарай 
кішкене теңселу керек. Пісірудің осындай техникасы қолдың 
тұрақты қалпын қамтамасыз етіп, бірақ, пісіру ваннасын бақылап 
отыруды қиындатады. 
Төменнен жоғары қарай пісіру кезінде (3.9, 
ә-суреті)
балқытылған металдың беткей кернеуін және балқытылған металды 
пісіру ваннасында ұстап тұратын доға қысымын пайдаланады. 
Төменнен жоғары қарай тік қалпында пісіру негізінен жұқа металды 
қосу үшін пайдаланылады. 
Жиектерін тік қалпында бөлмей де, оларды бөліп те түйіспе 
жіктерін дәнекерлеу техникасын меңгеру пісірушіге құбырларды 
пісіруді елеулі түрде жеңілдетеді. Себебі барлық дерлік құбырлар 
осы технология бойынша пісіріледі. 
3.9-сурет. Төменнен жоғары қарай (а) және жоғарыдан (ә) төмен қарай тік 
қалпында пісіру кезінде жанарғының 1 және қоспа сымының 2 қалпы 
105


Пісіріуді төбелік қалпында орындау ең қиын тәсіл болып 
табылады. Тік қалпында пісіргендей, пісіру ваннасынан 
балқытылған металды ағызып шығаратын ауырлық күші пісіру 
процесін қиындатады. Шағын сөрені жасап, оны бірте-бірте ұлғайта 
отырып, пісірілген жікті алуға болатын тік қалпында төменнен 
жоғары қарай пісіруге қарағанда, төбелік қалпында пісіру кезінде 
пісіру ваннасының балқытылған металының беткеу кернеуі мен 
доғаның қысымы ғана пайдаланылады. 
Төбелік қалпында жиектері мен бұрыштық жіктерін бөлмей 
түйіс жіктерін пісіру кезінде, электродтың шығып кетуін ұлғайтып, 
жанарғы шүмегінің бүйірімен түйіспенің бір немесе екі жағына 
тірелуге болады. Пісіру процесі кезінде пісіруші қолының бірнеше 
саусағымен немесе жанарғыны немесе қоспа сымын ұстап тұратын 
қолымен пісірілетін бөлшектің бетіне тіреле алады. Бұл қолды 
тұрақты қалыпта ұстауға көмектеседі. 
Көлденең және төмен қалпында пісіруге қарағанда, төбелік 
қалпында пісіру кезінде пісіру ваннасына берілетін жылу азырақ 
болу керек, яғни пісіру тогы 5-10%-ға азырақ болу керек. Бұл ретте 
пісіру ваннасының одан да кіші өлшемдері қамтамасыз етіледі. Бұл 
пісірілген жіктің балқытылған металының пісіру ваннасынан ағып 
кетуін немесе түсіп қалуын болдырмайды. Оған қоса, кішірек пісіру 
ваннасын басқарған оңайырақ. 
Былай пісіру кезінде қорғаныш газының ағыншасын ұлғайтқан 
жөн. 
3.10-сурет. Төбелік қалпында пісіру кезінде жанарғы мен қоспа сымының 
қалпы: 
1
— жік; 
2
— қоспа сымы; 
3
— жанарғы; 
4
— пісірілетін бөлшектер 
106


3.10-суретінде төбелік қалпында пісіру кезінде жанарғы мен 
қоспа сымының қалпы көрсетілген. 
Әрине, пісіруші үшін төбелік қалпында пісіру ең қиын әрі ол 
жалықтырып кетеді. Пісіру процесі баяу болғандықтан, оған көп 
уақыт кетеді. Тәжірибесі аз пісірушілердің көбісі төбелік қалпында 
пісіруді ыңғайсыз деп есептейді. Төбелік қалпында пісіру кезінде 
қолайлы әрі еркін тұру пісірушіге жанарғыны тұрақты және түзу 
ұстап, қоспа сымымен жұмыс істеуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет