В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


Оңтайландырылған қысқа доғамен пісіру режимі



Pdf көрінісі
бет57/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Оңтайландырылған қысқа доғамен пісіру режимі
. Қысқа 
доғамен пісірудің циклдық режимі мен пісіру сымын өте жоғары 
беру жылдамдығы кіретін бұл процесс қысқа әрі күшті доғаны 
пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жалғастардың 
минималды жылу беру мен жік металының төмен тотығу 
деңгейімен пісірілуі қамтамасыз етіледі. 
Пісірудің ірі тамшылы режимі. Бұл процесте электродты металл 
пісіру ваннасына жиі емес, құралсыз көзбен жақсы көрінетін, 
әртүрлі өлшемдегі бөлек әрі ірі тамшылармен тасымалданады. Бұл 
ретте доғаның технологиялық қасиеттері нашарланып, төбелік 
қалпында пісіруге қиындық туғызылады. Ал қалдық пен 
шашырауына кететін электродты металдың шығындары 15%-ға 
дейін ұлғаяды. 
Металдың ірі тамшылы тасымалдануы сапасыз пісірілген жіктің 
қалыптасуын белгілейді. Металдың ірі тамшылы тасымалдануына 
диаметрлері электрод диаметрінен асатын тамшылар тән. 
Инерттік қорғаушы газдарын пайдалану кезінде электродты 
металдың 
оське 
бағытталған 
ірі 
тамшылы 
шашыраусыз 
тасымалдануына қол жеткізіледі. Бұл ретте доға ұзындығы тамшы 
балқытылған металға 
114



3
.16-сурет. Электродты металдың ірі тамшылы тасымалданудың сұлбасы: 
а
— инерттік газдарда дәнекерлеу кезінде оське бағытталған; 
ә
— 
көмірқышқыл газда пісіру кезінде оське бағытталмаған; 
1
— доға; 
2
— 
электродты металл тамшысы 
тимегенше, оның жақсы бөлінуі үшін жеткілікті болу керек (3.16, а-
суреті). 
Ірі тамшылы процесс кезінде көмірқышқыл газды қорғаушы 
газы ретінде пайдалану электродты металл тамшыларының оське 
бағытталмаған тасымалдануын әрдайым қамтамасыз ету керек 
(3.16, 
ә-суреті
). Бұл балқытылған тамшылардың төмен бөліктеріне 
электр магниттік тебу әсерінің салдары болып табылады. 
Көмірқышқыл газдық қорғаныс кезінде электродты сымның 
ұшы балқытылған тамшы арқылы берілетін доға жылуының 
әсерімен балқытылады (3.17, а-суреті). Бұл ретте доға арқылы ерікті 
түрде жіберілетін пішінсіз шариктер түріндегі тамшылар металдың 
қатты шашыралуын туғызады (3.17, ә-суреті). Бұл жағдайда 
пісірілген жік қатты әрі оның бетті толқынды болып қалады. 
Бұл процесс кезіндегі доға әдетте тұрақсыз болып, өзіне тән 
сатыр естіледі. Шашырауын азайту үшін электродтың ұшы
3.17-сурет. Электродты металдың ағындық (а) және ірі тамшылы (ә) 
тасымалдануының сұлбасы: 
1
— электродты сым; 
2
— доға; 
3
— металл тамшысы; 
4
— пісіру 
ваннасы; 
5
— негізгі металл 
115


металл бетінен төмен, бірақ, доға жасайтын жазық шегінде 
орналасу керек. Доға энергиясының көп бөлігі пісіру ваннасының 
бетіне бағытталғандықтан, пайда болатын пісірілген жікте өте терең 
балқытылу болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет