В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет82/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
160
 


Мыс пен жезді пісіруді аргонда, гелийде немесе азотта 
БрКМц3-1, БрАМц9-2 және МНЖКТ маркалы сымдармен жүргізеді. 
Мыс бөлшегінің қалыңдығы 4 мм артса оны 200°С қыздырады. 
Пісіру режимін мыс қалыңдығы бойынша таңдап алады, бірақ 
төмендітілген кернеулерді пайдалана отырып электродты мыс 
жағына ауыстырады. Импульсты-доғалы пісіруді пайдалану 
арқасында шашырау мен жұқа мыс түтіктерінің балқуын жоққа 
шығарып тік және төбелік жіктерді орындауға болады. 
Қалайылы 
қолаларды 
пісіру 
бірнеше 
қиындықтармен 
байланысты, өйткені олар жік маңындағы аймақта жарықтардың 
пайда болуына бейім. Жарықтардың пайда болуын жоққа шығару 
үшін жік маңындағы аімақтың ұзындығын азайту немесе енін 
арттыру керек. Осының арқасында температураның өзгеруі баяу 
өтеді. Қалыңдығы 10 мм-ге дейін қатаң мес жалғастардың пісіруін 
қыздырысыз жүргізеді. Осы жағдайда бөлшектредің минимальды 
қыздырылуын және жалғастағы кернеудің минимальдығын 
қамтамасыз ету керек. Қалыңдау металды 300-350°С дейін 
жергілікті немесе жалпы қыздырумен пісіреді. Қалайылы 
қолаларды аргонда, гелийде немесе азотта қорғаушы газдарсыз 
пісіреді. Құрамында қорғасын жоқ қолаларды пісіру үшін 4,5-7,5 % 
мырышы бар фосфорлы қола сымын ұсынылғын. Қорғасыны бар 
қолалардағы ақауларды пісіру үшін оларға құрамы бойынша жақын 
сымдарды қолданылуы ұсынылған.

Кремнийлі және алюминийлі қолалар мыспен жақсы пісіріледі. 
Пісіруді аргонда, гелийде немесе азотта БрКМц3-3 және БрАМц9-2 
маркалы сымдармен жүргізеді. Мыс жиегімен балқыуын арттыру 
үшін пісіру доғасын мысқа бағыттайды, ал мыс қалыңдығы 5 мм-ден 
артса жалғасты қыздырады. Пісіру режимін мыс қалыңдығынан 
таңдап алады. 
Алюминийлі қолалар болатпен де жақсы пісіріледі. Пісіруді 
БрАМц9-2 маркалы сыммен аргонда жүргізеді. Пісіру режимдері 
қолаларды 
пісіргендегідей 
болады. 
Көпқабатты 
жіктерді 
қабаттардың толық суығанда ғана жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет