Пісірлген жалғастардың қасиеттері электродты сымның
құрамы, пісіру режимі және жалғастың келесі термиялық өңдеуі
арқылы анықталады. Сонымен қатар, диаметрі 0,8-ден 7,0 мм-
ден басталатын пісіруге арналған сымдар қатары шығарады,
олар вакуумды күйдіруден өтеді.
Техникалық титан және бір фазалы қорытпаларды пісіру үшін
– ВТ1 маркалы сымды, ал берік материалдар үшін - ВТ2, ВТ5
және т.б. Сызат пайда болуға қарсы иілгіштік, тұрақтылық, және
майысқақтығын
арттыру
үшін
термиялық
қатайтылған
қорытпалар термиялық жолымен өңделеді. Оның режимі
қорытпа құрамы мен қажетті пісіру қасиеттеріне байланысты.
Электродты сымдарды, пісіру режимдерін және термиялық
өңдеуді дұрыс таңдау арқылы алынған жалғастардың
механикалық қасиеттері вольфрам электродтарымен орындалған
жалғастардың қасиеттеріне жақын.
Титан қорытпаларының пісірілген жалғастарының негізгі
ақаулары – әдетте пісіру аймағына оттек, азот, сутегінің түсуі
және пісірудің жоғарғы жылдамдығы арқылы пайда болатын
кеуектер мен жарықтар.
Таза электр сымын қолдану, таза газдарды тазалау және
пісіру жылдамдығын төмендету кеуектердің және сызаттардың
пайда болуына жол бермейді.
Титанды балқытылмайтын электродпен пісіру тікелей
полярлықтың тұрақты тоғымен жүзеге асырылады, яғни
электрод мұнда катод болып табылады. Балқытылмайтын
электродтың жұмыс жасайтын бөлігі конусқа ұшталады. Ұштау
бұрышы пісірілетін металлдың қалыңдығына байланысты 30-
45°. Үлкен бұрыштары бар электродтар пайдаланылуы мүмкін,
бірақ ену тереңдігі азаяды. Қоспалы сыммен автоматты пісіру
кезінде жікті жақсарту және электродтың тұрақтылығын
арттыру үшін, оның конусы диаметрі 0,5-0,8 мм дейін
мұқалтады. Бұл доғаны бұзу және негізгі металдан күшеюге
бәсең ауысуға септігің тигізеді. Балқымайтын электродтың
жұмыс жасауы оның конустық бөлігінің кедір-бұдырының азаю
кезеңінде жоғарлайды.
Үлкен қалыңдықтағы титан табақтарының түйіс жалғастарын
көпқабатты пісіру арқылы жиегін кесу және шөгілетін сымды
беру арқылы жасалады. Қолмен пісіру оттықтың қысқа доға
бұрышының алға жылжуы бар тербелгіш қозғалыссыз
орындалады. Электрод пен толтырғыш сым арасындағы бұрыш
90 ° -де сақталады, сым беру үздіксіз жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: