Сыртқа қолдануға арналған гомеопатикалық сұйық дәрілік түрлер.
Сұйық оподельдоки – Масса бойынша 1: 10 қатынаста гомеопатиялық затттар негіздермен қоспасы, гомогенді дисперсті жүйе, сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр. Оподельдок этанолды линимент болып табылады. Линимент негізі: сабынды спирттің 2 массалық бӛлігі (Этил спиртінде калий сабынының ерітіндісі), тазаланған судың 1 массалық бӛлігі, 93,9% этанолдың бір бӛлігі (2 : 1: 1). Сабынды спирттің құрамы: калий сабыны (жасыл) – 63,953 г ; 86% этил спирті - 27,836 г; тазаланған су – 8,5 г; лаванда эфирінің майы - 0,096 г.
Жағар майлар біркелкі таралған гомеопатиялық дәрілік заттар негізінен тұратын сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр. Гомеопатиялық жағар майлар дисперстік жүйесі және консистенциясы бойынша жіктеледі. Жағар майлар үшін негіз ретінде алдымен вазелин және ланолин қолданылады. Құрамында 10% тұндырмасы бар жағар майлар дайындау үшін 85% вазелин, 5% ланолин негіздері қолданылады. Кӛз жағар майлары адсорбционды негіз – вазелин және сусыз ланолин 9: 1 қатынаста дайындалады. Белгілі құрамдағы жағар майлар негізі жеке НҚ – кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |