Негізгі эссенциялардан, тұнбалардан, ерітінділерден сұйықтықты сұйылту (сұйылту) технологиясының алгоритмі.
Тритурациядан сұйық сұйылту жасау.
Сұйық препараттың талап етілген мӛлшері оның алдынғы сұйылтуын қосымша затпен араластырады. 47 Егер ылғал масса түзілсе оны технологиялық реглементте кӛрсетілген температурада кептіреді және қажет болған жағдайда ұнтақтайды, араластыру алдында елейді. Сулы немесе сулы – этанолды ерітінді 1:100 қатынаста (2 кесте) және олардың сұйылтуларын тритурация дайындау үшін лактозамен мынадай қатынаста араластырады:
2 Кесте Сулы-этанолды ерітінді қатынасы 2 тамшы сулы ерітінді (0,1 г) 9,9 г лактозамен ысқылайды; 4 тамшы сулы- этанолды ерітінді (0,1 г) 9,9 г лактозамен ысқылайды; 1: 100 қатынаста тритурация дайындау үшін тұндырма және эссенциядан (С1) лактозамен(3 кесте)мұқият араластырады.
3 Кесте Тұндырма және эссенцияның лактозамен қатынасы 1,0 г тұндырма 1:10 (0,1) – 99 г лактозамен 2,0 г тұндырма (эссенция) (1:2 ) – 99 г лактозамен 3,0 г тұндырма (эссенция) (1:3) – 99 г лактозамен
1 кг-нан астам мӛлшердегі тритурациялар жинақтайтын құралы бар механикалық тәсілмен араластырылады. Дайындау уақыты 1 сағаттан кем болмайды. Бұл үшін бӛлшектердің ӛлшемімен және басқа да кӛрсеткіштерінің талап етілетін сапасы бойынша жинағыш құралдары бар тритурация алуды қамтамасыз ететін машиналар (араластырғыштар) қолданылады. Араластырғыштар түрін және оның жұмыс істеу уақытын тәжірибе түрде анықтайды және технологиялық процестің регламентінде кӛрсетіледі. Машина кӛмегімен тритурация дайындау кезінде лактозаның жалпы массасынан үштен бір бӛлігін ысқылайды, сосын дәрілік зат қосылады.