В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет34/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз
орыс философиясы, Органика тесты Жанулька (копия), treatise4936, Ðê-1 ?àé çàòòàðäû? ò?ç³ëó æûëóû í?ëãå òå? O, 1554621626, 8-2тоқсан-БЖБ (1)
Жұмыс нәтижелерін өңдеу:
Бақылау ерітіндісі мен стандарт ретінде таңдалған буферлік ерітіндісінің рН мәнін көрсетіңіз. Буферлік әсер ету механизмін көрсететін реакция теңдеуін жазыңыз.
Компоненттердің әртүрлі қатынастарындағы стандартты буферлік ерітінділердің [Н+] және рН мәндерін келесі формула бойынша есептейді:
және ,

мұнда




Са s) -

қышқыл (тұз) ерітіндісінің концентрациясы;

Va (Vs) -

қышқыл (тұз) ерітіндісінің көлемі;

Ка -

қышқылдың иондану константасы



Алынған мәліметтерді кестеге толтырыңыз.

Сынауық №

Көлем, мл

Буферлік қоспа

Қышқыл

Тұз

Ацетат буфері
0,1М СН3СООН
0,1М СН3СООNa
Ка=1,810-5

Фосфат буфері
0,1М NaH2PO4
0,1М Na2НРO4
Ка=1,610-7

+]

рН

+]

рН

1

0,5

4,5













2

1,0

4,0













3

1,5

3,5













4

2,5

2,5













5

4,0

1,0















Қорытынды: Бақылау ерітіндісінің рН мәнін көрсетіңіз.


Көрнекілікті эксперимент «ЕРІТІНДІНІҢ БУФЕРЛІК СЫЙЫМДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ»
Жұмыстың мақсаты: Ерітіндінің буферлік сыйымдылығын қышқыл және негіз бойынша тәжірибемен анықтау.
Жұмыстың орындалу тәртібі: Бірінші және екінші колбаларға көлемдері бірдей компоненттерінің қатынасы 1:1 болатын 10 мл-ден екі ацетат буферлік ерітіндісін дайындайды (зерттелетін ерітінділер). Қышқыл және тұз ерітінділерінің концентрациялары 0,1 моль/л.
Үшінші және төртінші колбаларға натрий ацетаты мен сірке қышқылы ерітінділерін 1:9 қатынаста (3 колба үшін), 9:1 қатынаста (4 колба үшін) араластырады (куәгер ерітінділері).
Қышқыл бойынша буферлік сыйымдылықты анықтау. 1 және 3 колбаларға 5 тамшы метил қызыл сарысы ерітіндісін тамызады, ерітіндіні араластырады. 1 колбадағы зерттелетін ерітіндіні 3 колбадағы куәгер ерітіндісінің бояуымен бірдей бояу алынғанша 0,1М хлорсутек қышқылы ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу нәтижелерін кестеге жазады.
Негіз бойынша буферлік сыйымдылықты анықтау. 2 және 4 колбаларға 5 тамшы метил қызылы ерітіндісін тамызады, ерітіндіні араластырады. 2 колбадағы зерттелетін ерітіндіні 4 колбадағы куәгер ерітіндісінің бояуымен бірдей бояу алынғанша 0,1М натрий гидроксиді ерітіндісімен титрлейді. Титрлеу нәтижелерін кестеге жазады.


Жұмыс нәтижелерін өңдеу:

Колба

Ерітінді



Титрлеуге дейінгі
рН мәні

Титрант көлемі, мл

Титрлеуден кейінгі
рН мәні

В, моль/л

Қышқыл бойынша (индикатор – метил қызыл сарысы)

1

Зерттелетін

1:1













3

Куәгер

1:9




-




-

Негіз бойынша (индикатор – метил қызылы)

2

Зерттелетін

1:1













4

Куәгер

9:1




-




-

Титрлеуге дейін ерітіндінің рН-ын Гендерсон-Гассальбах теңдеуі бойынша есептейді. Қышқыл бойынша буферлік сыйымдылықты (Ва, моль/л) келесі формула бойынша есептейді:


.
Негіз бойынша буферлік сыйымдылықты (Вb, моль/л) келесі формула бойынша есептейді:
,



мұндағы




С(HCl) -

хлорсутек қышқылы ерітіндісінің молярлық концентрациясы, моль/л;

С(NaOH) -

натрий гидроксиді ерітіндісінің молярлық концентрациясы, моль/л;

V(HCl) -

титрлеуге кеткен хлорсутек қышқылы ерітіндісінің көлемі, мл;

V(NaOH) -

титрлеуге кеткен натрий гидроксиді ерітіндісінің көлемі, мл;

Vб -

буферлік ерітіндінің көлемі, мл;

ΔрН -

рН(зерттелетін ерітінді) – рН(куәгер ерітіндісі).



Қорытынды: Қышқыл және негіз бойынша анықталған зерттелетін ерітіндінің буферлік сыйымдылығының мәнін көрсетіңіз.
№4 Тәжірибелік сабақ


ТАҚЫРЫБЫ: Беттік құбылыстар және дисперсті жүйелер. Темір және мыс иондарын хроматографиялық әдіспен бөлу. Қағаздық хроматография әдісімен темір(ІІІ) иондарын сапалық анықтау. Коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алу және олардың кейбір қасиеттерін зерттеу


МАҚСАТТАРЫ:

  • адсорбция құбылысын сипаттайтын негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • хроматографиялық әдіспен иондарды анықтау және бөлудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру;

  • дисперсті жүйелер және олардың жіктелуі, коллоидты ерітінділерді алу әдістері, мицелланың құрылысы туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру;

  • электролиттің коагуляция табалдырығы мен оның коагуляциялау қабілетін есептей білуді үйрету;

  • дәрілік препараттарды, биологиялық сұйықтықтарды талдауда және соттық-медициналық сараптамада хроматографиялық әдістердің, сонымен қатар диализдің әртүрлі әдістерін медицинада қолданылу мүмкіндігін қарастыру арқылы студенттерде химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу.



ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

  • заттарды хроматографиялық бөлу процесінің және ионалмасу адсорбция процесінің мәнін, оның медициналық-биологиялық мақсатта қолданылуын түсіндіру;

  • қағаздық хроматография әдісімен темір (ІІІ) иондарын тәжірибелік жолмен анықтауды және бағаналық хроматография әдісімен иондарды бөлуді көрнекілікті көрсету;

  • электролиттің коагуляциялау қабілеті мен оның коагуляция табалдырығы есептеу дағдыларын қалыптастыру;

  • химиялық және физикалық конденсация әдістері бойынша коллоидты ерітінділерді тәжірибелік жолмен алынуын, капиллярлық талдау әдісімен коллоидты бөлшектердің зарядын анықтауды, диализ әдісімен коллоидты ерітінділерді тазартуды көрнекілікті көрсету;

  • мицелланың формуласын жаза білуге және оны құрылысын түсіндіруге үйрету



тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Беттік құбылыстар. Адсорбция. Негізгі түсініктер.
2. Хроматографиялық талдау әдісінің негіздері. Хроматографиялық әдістердің жіктелуі. Биология мен медицинада қолданылуы.
3. Disperse systems: basic concepts, classification, properties.
4. Коллоидты ерітінділерді алу және тазарту әдістері. Мицелла құрылысы. Диализдің медицинада қолданылуы.


ОҚЫТУ әдістері:
1. Үйлескен түрде:
- материалды мәселелік түрде баяндау;
- кіші топтарда жұмыс жасау (лабораториялық жұмысты орындау);
2. Компьютерлік технологияның қолданылуымен жүргізілетін оқытудың ойын әдісі


САБАҚТЫҢ ХРОНОМЕТРАЖЫНА МЫСАЛ



1

Кіріспе бөлім (ұйымдастыру кезеңі)

5 мин

2

Тақырып бойынша семинар және пікірталас

20 мин

3

Лабораториялық жұмысты теориялық тұрғыдан талқылау

25 мин




ҮЗІЛІС

10 мин

4

Лабораториялық жұмысты орындау

35 мин

5

Мицелланың құрылысын талқылау

15 мин




ҮЗІЛІС

10 мин

6

Лабораториялық жұмыстың нәтижелерін есептеу және қорғау

25 мин

7

Тақырып бойынша бақылау

20 мин

8

Сабақты қорытындылау

5 мин



БАҚЫЛАУ:
Бағаланатын құзыреттіліктер

  1. Білім.



Бақылау әдістері:

  1. Тест тапсырмаларын орындау немесе билет бойынша бақылау

  2. Лаболраториялық жұмыс нәтижелерінің безендірілуін тексеру



Бақылау сұрақтары

  1. Ионалмасу адсорбция және оның қолдану мүмкіндігін сипаттаңыз.

  2. Хроматографиялық әдістер және олардың жіктелуі. Адсорбциялық және таралу хроматография әдістері неге негізделген? Иондардың адсорбциялануға қабілеттілігі мен олардың заряды бір-бірімен қалай байланысты болады?

  3. Хроматографиялық әдістердің медициналық-биологиялық зерттеулерде және санитарлық-гигиеналық мақсатта қолданылуына сипаттама беріңіз.

  4. Дисперстілік дәрежесі, фазалардың агрегаттық күйі, дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесу сипатына қарай дисперсті жүйелердің жіктелуін сипаттаңыз. Мысалдар келтіріңіз.

  5. Коллоидты жүйелер деп жүйенің қандай түрін айтады? Коллоидты ерітінділердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттерін дөрекі дисперсті жүйелер мен шынайы ерітінділердің қасиеттерімен салыстырып қараңыз. Тиндаль конусы деген не?

  6. Коллоидты жүйелердің диспергациялық және конденсациялық алу әдістерінің мәні неде? Пептизация деген не?

  7. Мицелланың құрылысы. ҚЭҚ, электротермодинамикалық потенциал, электрокинетикалық потенциал.



Әдебиет:
Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- б.137-158.

  2. В.А. Попков, С.А. Пузаков. Жалпы химия [Мәтін]: Оқулық / Қазақ тіліне аударған С.Н.Ділмағамбетов. Жауапты редакторы Ж.Ж.Ғұмарова.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- б. 760-845.

  3. Л.Г. Веренцова ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Оқу құрал. - Алматы: Эверо, 2009.- б. 145-189.

Қосымша:

  1. Есімжан А.Е. Жалпы химия практикум [Мәтін]: Оқулық.- Алматы, 2004.- 296 б.

  2. А.С. Қожамжарова и др. Бейораникалық химия практикумы [Мәтін]: Оқу-әдістемелік құрал / КазНМУ им.Асфендиярова.- Алматы: Эверо, 2013.- 280 б.

  3. Л.Г. Веренцова, Е.В. ж.б. Бейорганикалық, коллоидты және физикалық химия [Мәтін]: Бақылау тестері / Л.Г. Веренцова, Е.В., Нечепуренко, А.А. Батырбаева, Э.К. Карлова. - Алматы: Эверо, 2009.- 212 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет