В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет77/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз
орыс философиясы, Органика тесты Жанулька (копия), treatise4936, Ðê-1 ?àé çàòòàðäû? ò?ç³ëó æûëóû í?ëãå òå? O, 1554621626, 8-2тоқсан-БЖБ (1)
оқыту міндеттері:

  • қышқылдар, негіздер және буферлік ерітінділердің сутектік көрсеткішін рН-н есептеу білудің дағдыларын қалыптастыру;

  • буферлік жүйелер және олардың жіктелуі туралы түсінікпен таныстыру және ағзадағы буферлік жүйелердің мысалында буферлік әсер ету механизмінің мәнін ашу;

  • нормада және патология күйінде болатын адам ағзасындағы әр түрлі сұйықтықтардың рН мәндерінің интервалдары туралы ақпарат беру;

  • қышқылдық-негіздік гомеостаздың мәнін және оны ағзада бір деңгейде ұстап тұру механизмін түсіндіру, ацидоз мен алкалоз күйлерін адам ағзасындағы патологиялық ауытқулар ретінде сипаттау;

  • есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.



ОҚЫТУ әдістері:
- дискуссия (қиындық туғызған сұрақтарды талқылау)
- есептер шығару;


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
Есептер (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Қышқыл концентрациясы 0,1 моль/л-ге тең ерітіндідегі глюкон қышқылының иондану дәрежесін (%) есептеңіз.

  • Аммиактың массалық үлесі 10%-ға тең ерітіндідегі аммиактың иондану (диссоциациялану) дәрежесін табыңыз. Ерітіндінің тығыздығы 0,96 г/мл.

  • рН 7,36-ға тең болғанда қан плазмасындағы фосфатты буферлік жүйенің бастапқы компоненттері қандай қатынаста болатынын анықтаңыз. Қан плазмасы үшін рК(Н2РО4-) = 6,80.

  • Норма күйінде асқазан сөлінің құрамында 0,07%-дан 0,15%-ға дейін хлорсутек қышқылы бар. Иондардың активтілік коэффициенті 1-ге тең деп ескеріп, асқазан сөлінің нормадағы өзгеру шектерінің рН мәнін есептеу керек.

  • Массасы 0,5 г аскорбин қышқылының таблеткасын суда еріткенде алынған ерітіндінің көлемі 0,4 л-ге дейін жеткізілген. Осы ерітіндінің рН-н есептеп табу керек (аскорбин қышқылы үшін Ка мәні 8,0∙10-5).

  • 100 мл қанға рН мәні 7,36-дан 7,00-ге дейін өзгерту үшін 36 мл 0,05н HCl ерітіндісін қосу қажет. Қанның қышқыл бойынша буферлік сыйымдылығын есептеу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет