В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет74/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

оқыту міндеттері:

  • Рауль заңы және одан шығатын салдарлардың, Вант-Гофф заңының физикалық-химиялық мәнін аша білу;

  • тірі жүйелердегі осмостың роліне (тургор, гемолиз, плазмолиз, деплазмолиз, биологиялық сұйықтықтардың осмолярлылығы және осмоляльдігі) қатысты мысалдарды келтіру арқылы көрнекілікті көрсету;

  • медициналық практикада изотонды және гипертонды ерітінділерді қолдану туралы ақпарат беру;

  • медициналық-биологиялық зерттеулерде еріген заттың молярлы массасын, диссоциациялану дәрежесі мен изотонды коэффициентін анықтау үшін криометрия, эбуллиометрия және осмометрия әдістерін пайдалану мүмкіндігін көрсете білу;

  • есептерді шығару нәтижелерін талдауды ұйымдастыра білу.



ОҚЫТУ әдістері:
Үйлескен түрде:
- семинар (оқытушының жетекшілік етуімен студенттер арасында оқу бағдарламасын топ бойынша талқылау);
- шағын топтарда жұмыс істеу;
- кейс-стади (ситуациялық есептерді шығару).


ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР (оқытушының таңдауы бойынша)

  • Сілтімен күйіп қалған кезде терінің күйген жерін алдымен сумен жуады, сонан соң сірке қышқылының 1%-дық ерітіндісімен бейтараптайды. Егер қышқылдың массалық үлесі 60%-ға тең болса, массасы 600г 1%-дық ерітінді дайындау үшін сірке эссенциясының қандай массасы қажет?

  • Аш адамның асқазан сөліндегі тұз қышқылының массалық үлесі орта есеппен 0,05%-ды құрайды. 0,5 л асқазан сөліндегі HCl зат мөлшерін есептеңіз. Асқазан сөлінің тығыздығы 1,005 г/мл.

  • Кальций хлориді медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылады. 100 мл 3%-дық кальций хлоридінің ерітіндісін дайындау үшін неше грамм кристалдық CaCl2∙6H2O және су қажет? (ρ=1г/мл) Ерітіндінің молярлық концентрациясы нешеге тең?

  • Жасушаны қоршап тұрған ортадағы натрий хлоридінің гемолиз басталғандағы концентрациясы эритроциттердің осмостық тұрақтылығының (резистенттілігінің) көрсеткіші болып табылады. Адамның эритроциттерінде гемолиз натрий хлоридінің 0,4%-дық ерітіндісінде басталады, ал NaCl-ң 0,34%-дық ерітіндісінде «осмостық сандырақ (шок)» болады. Ерітіндінің тығыздығы 1 г/мл деп есептеп, 37оС кезінде осы ерітінділердің осмостық қысымын есептеңіз.

  • Таза судың бетіндегі қаныққан бу қысымы 25оС-та 3,166 кПа-ны құрайды. Осы температурада 5%-дық карбамид (мочевина) CO(NH2)2 ерітіндісінің бетіндегі будың қаныққан қысымын табыңыз.

  • 20оС температурада, құрамында 6,33г қанды бояйтын заты - гематин бар 100 мл ерітіндінің осмостық қысымы 243,4 кПа құрайды. Гематиннің молярлық массасын анықтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет