ОРЫНДАУ КритериЙЛЕРІ:
Тапсырманы орындауға қойылатын шарттар:
Әр бір студент үшін тапсырма санының орындалуын оқытушы анықтайды;
Тапсырма СӨЖ дәптерінде орындалады;
Орындалған тапсырма алынған ақпарат бойынша жазылуы тиіс
Рефератты орындау және безендіру үшін қойылатын талаптар:
● реферат 4-5 бет болуы керек (қосымшалар беттің санына кірмейді);
● рефератты орындағанда әдебиеттер саны 8-10 болуы керек,
● реферат мәдениетті тілді сақтай отырып, қатесіз орындалуы тиіс;
● мәтінін жазғанда пайдаланған әдебиеттерге ңұсқауды келтіріп отыру керек,
● әдебиеттердің жазылу реті дұрыс сақталуы тиіс.
Рефераттың құрылымы:
● мұқаба бет,
● мазмұны(рефераттың тарауларын білу үшін, басталатын парағынан бастап бет нөмерлері көрсетілуі тиіс),
● кіріспе (рефераттың мақсаты мен міндеті, қойылған сұрқтардың өзектілігі көрсетілуі тиіс),
● негізгі бөлім (рефераттың осы бөлімінің әрбір тарауы бойынша қойылған сұрақтар дәлелденген алдыңғы тараудың логикалық жалғасы болып табылады, нұсқалар, сызбанұсқалар, графиктер, суреттер және т.б. келтірілген болуы керек),
● қорытынды (реферат тақырыбы бойынша дұрыс тұжырым жазылады, ұсыныстар беріледі),
● әдебиеттертізімі.
БАҒАЛАУ КритериЙЛЕРІ:
СӨЖ орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:
СӨЖ бойынша тапсырмаларды кестеге сәйкес тапсыру;
тапсырманы орындау – дұрыс орындау және сәйкесінше өңдеу, оқытушының сұрағына жауап бере білу, ұқсас тапсырманы орындай білу қабілеті;
тест-бақылауды (карт-бақылау) орындау жолымен СӨЖ-н қорғау, СӨЖ-ң зерттелінген тақырыбы бойынша оқытушының сұрағына жауап бере білуқабілеті.
Тапсырманы орындағаны үшін максимальды балл жинаудың критерийлері:
барлық тапсырмалар дұрыс орындалынса;
жазба толық, дұрыс, қажетті логикалық кезектілікте баяндалынса;
студент тақырыптың негізгі түсініктерін біледі, биогенді элементтердің биологиялық ролін және олардың қосылыстарының медицинада қолданылуын сипаттауға қабілетті;
студент басқа тақырыптарды, сондай-ақ, басқа пәндерді оқып-үйренуде алған білімін пайдалана біледі;
студент оқытушының сұрағына жылдам және дұрыс жауап бере алады.
Достарыңызбен бөлісу: |