Ағылшын тілінде: Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.
Тест тапсырмаларын орындау (Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Құсаинова Ж.Ж., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия (бақылау тестері - Алматы: «Эверо», 2009.- 95-114 б.)
Бақылау сұрақтары Комплекс түзуші атомдардың электронды қабатының құрылысының қандай ерекшеліктері болуы тиіс?
Нақты мысалдар арқылы ковалентті байланыстың пайда болудың алмасу және донорно-акцепторлы механизмдерін түсіндіріңіз. ковалентті байланыстың қасиеттерін сипаттаңыз. Сутектік байланыс. Молекулааралық және молекулаішінаралық сутектік байланыс.
Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыстың ерекшеліктері. Аммоний катион мысалға ала отырып, донорлы-акцепторлы байланыстың түзілу механизмін қарастырыңыз.
Вернердің координациялық теориясының негізгі ережелерін айтып шығыңыз.
Комплексті қосылыс деген не? Қандай элементтердің атомдары мен иондары комплекс түзушінің ролін атқарады? Неліктен? Комплекс түзушінің координациялық саны.
Лигандалар деген не? Лигандалар ролін атқаратын иондар мен молекулалардың электронды құрылысының ерекшеліктері қандай? Лиганданың дентанттылығы дегеніміз не? Комплексті қосылыстың ішкі сферасы неден тұрады? Ішкі сфераның зарядын қалай есептейді?
Комплексті иондар қалай жіктеледі? Комплексті қосылыстарда изомерияның қандай түрі кездеседі? Нақты мысалдар арқылы көрсетіңіз.
Комплексті қосылыстар номенклатурасының негізгі принциптері.
Комплексті бөлшектің диссоциациясы. Тұрақтылық және тұрақсыздық константалары. Комплексті қосылыстардың құрамына және тұрақтылығына қандай факторлар әсер етеді?
Хелаттар деген не? Хелаттардың медицинада қолданылуы. Ауыр металдардың улылығы немен түсіндіріледі? Ауыр металдар тұздарымен уланғанда антидот ретінде қандай қосылыстар пайдаланылады?
Металлоферменттер және басқа биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл және т.б.) құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Тесттер Веренцова Л.Г., Нечепуренко Е.В., Батырбаева А.Ә., Карлова Э.К. Бейорганикалық, физикалық және коллоидты химия: оқу құралы - Алматы: «Эверо», 2009.- 98-103 б.