В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет96/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

ОҚЫТУ ӘДІСІ МЕН ОҚЫТУ:
Жазбаша және ауызша сұрау.


әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Сейтембетов, Т.С. Химия [Мәтін]: Оқулық / Т.С. Сейтембетов.- Алматы: Эверо, 2010.- 288 б.

  2. Тюкавкина Н.А. Биоорганикалық химия [Мәтін]: Оқулық / Н.А. Тюкавкина, Ю.И. Бауков, С.Э. Зурабян; Қазақ тіліне аударған және жауапты ред.проф. Т.С.Сейтембетов.- Москва: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014.- 400 б.

Қосымша:

  1. Асанбаева, Р.Д. Биоорганикалық химиядан емдеу, педиатрия, санитария-гигиена, стоматология фак-ң 1 курс студент-ң өзіндік жұмысына арналған оқу-әдістемелік құрал [Мәтін]: 1-бөлім / Р.Д. Асанбаева; С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ.- Алматы, 2004.- 136 б.

  2. Алмабекова, А.А. Органикалық химиядан тесттік тапсырмалар жинағы. [Текст] / А.А. Алмабекова, Ш.Ж. Айтуғанова.- Алматы: Эверо, 2009.- 304 б.

Дополнительная

  1. Под ред.проф. Н.А. Тюкавкиной. Биоорганическая химия: руководство к практическим занятиям [Текст]: Учебное пособие.- М.: ГОЭТАР-МЕДИА, 2012.-168 с.

Ағылшын тілінде:

  1. Morris Hein, Scott Pattison, Susan Arena. Introduction to General, Organic, and Biochemistry [Text]: Book / 10th Edition.-USA: John Wiley&Sons, Inc, 2012.-1091 p.



Бақылау:
Бұл сабақта компетенцияны бағалау әдісі төмендегідей:
Компентенцияны бағалау «Білім»: аралық бақылаудың сұрақтарының жауаптары бойынша ауызша сұрау (оқытушымен әңгімелесу), жазбаша сұрау ( билеттер).
«Коммуникативті дағдылар» бағалау компетенциясы: үшін әнгімелесу кезінде студенттердін көзқарасын көрсету, сұрақтарды қоя білу және нақты жауап беру.


БАҚЫЛАУ:
Сұрақтар:

  1. Органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатура, изомериясы. Атомдардың электр терістілігі. Индуктивті және мезомерлік электрондық эффектілер. Органикалық реакциялардың түрлері. Реагенттердің түрлері.

  2. Қаныққан көмірсутектерге тән, радикальды орын басу реакциялары. Қанықпаған көмірсутектерге тән, элктрофильді орын басу реакциялары. Ароматты көмірсутектерге тән, электрофильді орын басу реакциялары.

  3. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, аминдердің және қышқылдардың қышқылдық- негіздік қасиеттері. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Аминдердің алкилдеу, ацилдеу және дезаминдеу реакциялары. Альдегидтер мен кетондарға тән реакциялар (сумен, спиртпен, тиолмен). Альдольды қосып алу реакциясы. Органикалық және бейорганикалық қышқылдармен жәй эфирлердің, күрделі эфирлердің, амидтердің түзілуі. Дикарбон қышқылдарының қасиеттері: декарбоксилдеу реакциясы және циклды ангидрид түзу.

  4. Аминоспирттер: этаноламин, холин, ацетилхолин. Дофамин, норадреналин, адреналин, олардың гормондар және нейромедиаторлар ретінде биологиялық маңызы. Гидрокси қышқылдары: гликол, сүт, алма, шарап және лимон қышқылдары. Альдегид – және кето- қышқылдары: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздық сірке, α- кетоглутар қышқылы–маңызды метаболиттер. Ацетосірке қышқылының мысалымен кето-енольды таутомерия.

  5. Бензол қатарының гетерофункциональды органикалық қосылыстары. Салицил қышқылы және оның туындылары. П-аминбензой қышқылы.

  6. Тірі ағзаның биополимерлері. Адам ағзасындағы белоктың ролі. Белок молекуласының құрлысы. Шекті және шексіз ісіну. Ісіну дәрежесі. Биополимерлер ерітінділерінің тұрақтылығын бұзатын факторлар: денатурация, қоймалжыңдану, тиксотропия, тұзсыздану, коацервация. Қанның онкотикалық қысымы жіне оның биологиялық маңызы. Галлер теңдеуі. ЖМЗ ерітінділерінің тұтқырлығы. Штаудингер және Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі. Ақуыз – полиамфолиттер. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері. Электрофорез, ақуыздар мен пептидетрді бөлетін әдіс.

  7. Ақуыздардың сапалы реакциялары: ксантопротеин, нингидрин, биурет. α- амин қышқылдарының жіктелуі. Амин қышқылдарының бифункциональды қосылыста ретіндегі химиялық қасиеттері. - амин қышқылдарының ерекше реакциялары: биполяр ион түзуі; пептидтер түзуі. Пептидтердің қышқылдық және негіздік гидролизі. Глутатион трипептидінің түзілуі.

  8. Көмірсулар, жіктелуі. Моносахаридтер, жіктелуі. Көмірсулардың стереоизомериясы. Энантиомерлер. Диастереомерлер. Эпимерлер. -,-аномерлер. Рацемат. Глюкоза, галактозала, манноза, фруктоза, рибоза, дезоксирибозаның циклооксотаутомериясы. Фишер формуласы. - және -аномерлер. Хеуорстың перспективті формулалары. Гликозидтік гидроксил.

  9. -және -гликозидтердің түзілуі және қасиеттері. Моносахаридтердің тотығуы: он, ар, урон қышқылдары. Урон қышқылдарының декарбоксилденуі. Тотығу реакцияларына негізделген сапалық реакциялар: күміс айна (Толленс) және мыс гидроксидімен (II) (Троммер) және Фелинг реактивімен реакциялар. Моносахаридтердің тотықсыздануы: маннит, сорбит, дульцит, ксилит. Гидроксил тобы бойынша реакциялар: жәй және күрделі эфирлер, органикалық және минералды (Н24, Н3РО4) қышқылдармен. Аминоқанттар: глюкозамин, галактозамин. О- и N-ацил туындыларының түзілуі.

  10. Дисахаридтер: тотықсыздандыратын (мальтоза, лактоза), тотықсыздандырмайтын дисахарид (сахароза) олардың құрлысы, қасиеттері, байланыс түрі.

  11. Полисахаридтер. Гомополисахаридтер және гетерополисахаридтер, өкілдері. Крахмал. Құрамы, крахмалдың біріншілік құрылымы. Амилозаның құрлысы. Гликоген. Құрамы. Қосалқы тіннің полисахаридтері. Гиалурон қышқылының дисахарид фрагментінің түзілу схемасы. Хондроитин-4-сульфаты, хонроитин-6-сульфатының дисахарид фрагменттерінің түзілу схемасы. Гепариннің түзілу схемасы.

  12. Гетероциктер. Жіктелуі. Пиррол, фуран, тиофен, имидидозол, пиридин, пиразол, пиримидин. Пирролдың, пиридиннің қышқылдық – негіздік, тотықсыздану, электрофильді орын басу раекциялары. Порфин, гем құрылыстары туралы түсінік

  13. Пиримидиндік негіздер: урацил, тимин, цитозин. Лактим-лактам таутомериясы. Конденсирленген гетероциклдар: пурин. Пуриннің гидрокси туындылары: а) гипоксантин және ксантин, лактим-лактам таутомериясы; б) зәр қышқылы. Зәр қышқылының қышқылдық және орта тұздары. Пуриннің амин туындылары: аденин, гуанин. Лактим-лактам таутомериясы.

  14. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер. Нуклеозидмонофосфаттың, -дифосфаттың, -трифосфаттың құрылысы. Макроэргтік байланыс. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы: қышқылдық, сілтілік гидролизі. Нуклеотидтердің циклді түрі. Циклды АМФ, ГМФ. Нуклеин қышқылдарының (РНҚ, ДНҚ) бірінші реттік құрылысы туралы түсінік.

  15. Алкалоидтар. Никотин. Кофеин. Никотин қышқылы және оның амиді (витамин В3) НАД+ және НАДФ коферменттерінің құрылымдық бірілігі. НАД+ - НАДН жүйесінің әсерінен және гидрид-ионының тасымалдануы туралы түсінік.

  16. Липидтер жіктелуі. Табиғи липидтердің құрамына кіретін, негізгі жоғары май қышқылдары. Алмастырылмайтын жоғары май қышқылдарыт (АЖМҚ) – «F» тобының витаминдері.

  17. Триацилглицирендер. Жай және аралас майлар. Қатты және сұйық майлар. Йодтық сан – майдың қанықпағандық мөлщері.

  18. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін аминспирттері және олардың арасындағы генетикалық байланыс. Фосфоглицеридтердің құрылысы. Фосфатид қышқылы. Фосфатидилсериндер, фосфатидилэтаноламиндер, фосфатидилхолиндер. Бұл қосылыстардың бифилдігі.

  19. Сабынданатын липидтердің химиялық қасиеттері: гидролизі (сабындану), тотығуы, гидрирлеу, йодпен және броммен әрекетесу рекациялары.

  20. Стериндер: холестерин, эргостерин. Жоғары май қышқылдарымен холестеридтердің, эргостеридтердің түзілуі. Д2 және Д3 витаминдерінің түзілуі.

  21. Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Дезоксихол қышқылы. Жұп өт қышқылдары: гликохол, таурохол қышқылдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет