СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСтарЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
Пән аты – химия, Him 1111
Мамандық – 5В130100 – «Жалпы медицина»
Кафедра - химия
Құрастырғандар:
1 кредит (бейорганикалық химия)
доцент, х.ғ.к. Нечепуренко Е.В.
2 кредит (органикалық химия)
доцент, х.ғ.к. Алмабекова А.А.
Алматы, 2015 ж Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік ұсыныстар жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Химия кафедрасының мәжілісінде талданып, бекітілген.
Хаттама №1, «_____» _ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор_____________________ Н.У. Алиев
СӨЖ, №1
Тақырыбы:Химиялық байланыс табиғаты. Комплексті қосылыстар. Комплексті қосылыстардың медициналық-биологиялық ролі
МАқсаттары:
комплексті қосылыстардың құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру;
Вернер теориясы негізінде комплексті қосылыстың құрылысын сипаттай білуді үйрену;
комплексті қосылыстардың медицинада қолданылуының негізін қалау;
студенттерде адам ағзасындағы темірдің, кобальттың және т.б. комплексті қосылыстардың құрылысын қарастыру арқылы химияны зерттеу мотивациясын дамыта білу;
ақпаратпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
оқыту міндеттері:
Вернердің координациялық теориясын қолдана отырып, комплексті қосылыстардың құрылысын сипаттай білу;
ИЮПАК халықаралық номенклатура ережелері бойынша комплексті қосылыстардың атауын құрастыра білу дағдыларын қалыптастыру;
комплексті бөлшектердің біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру принциптеріне үйрету;
тұрақсыздық константасының шамасын пайдалана отырып, комплексті бөлшектің тұрақтылығын сандық жағынан сипаттаудың әдістерімен таныстыру;
медициналық практикада қолданылатын комплексті қосылыстармен (хелатотерапия) таныстыру және ауыр металдар иондарымен уланғанда комплекс түзілу реакцияларын пайдалану механизмін түсіндіру;
санитарлық-гигиеналық практикада комплексонометриялық титрлеуді пайдалануға болатын мүмкіндігін көрсету (судың кермектілігін анықтау және басқалар);