IV тарау. Нуклеофильді реакциялардағы карбонильді қосылыстардың реакциялық қабілеттілігі.
1. Қымыздық қышқылының формуласы қандай?
2. Янтарь қышқылының формуласы қандай?
3. Қышқыл мен аммиак өзара әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?
4. Альдегидтер мен кетондардың құрамында қандай функциональды топ бар?
5. C4H9C(O)OC2H5 гидролиздену кезінде қандай қышқыл түзіледі?
6. Пропенальдың тотықсыздану өнімінің құрылысы қандай?
7. Қос зат: пропанон және пропанальды ажырату үшін қандай реактив пайдаланылады?
8. Пропен қышқылын гидробромдау реакциясы берілген. Реакция нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі?
9. 2R–OH + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?
10. R–CH=O + R–CH=O реакциясы берілген. Реакцияның типі, механизмі және реакция өнімі қандай?
11. Альдольды қосып алу нәтижесінде СН3СН2СН(ОН)СН(СН3)СН = О осы қосылыс түзілді. Бастапқы зат ретінде қандай альдегид алынған?
12. Этерификация реакциясын пайдалана отырып, бастапқы қандай қосылыстардан этилпропаноат алуға болады?
13. Кейбір патологиялық ауытқуларда кальций оксалатының кристалдары адам зәрінде пайда болады. Қымыздық қышқылының бар екенін қандай реактивпен анықтауға болады?
14. Бутанол-1–сивуш майының компоненті. Литий алюмогидридін пайдалана отырып, қандай карбонильді қосылыстан бутанол-1алуға болады?
15. Қышқылдардың қайсысы ең әлсіз қышқылға жатады?
16. Формальдегид қай қосылыспен әрекеттескенде құмырсқа қышқылы түзіледі?
17. Келтірілген қай қосылыстар фосфор қышқылымен күрделі эфир түзеді?
18. Метилацетаттың формуласы қандай?
19. Қандай реакциялар нәтижесінде жартылай ацеталь түзіледі?
20. Төмендегі қай қосылыстардың әрекеттесу нәтижесінде альдоль түзіледі?
21. Метил спиртінің пропан қышқылымен этерификациялау реакциясы кезінде қай қосылыс түзіледі?
22. Келтірілген реакциялардың қайсысы AN механизмі бойынша жүреді?
23. Этанальдан этан қышқылы түзілу үшін қажет реактивтер