В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет115/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

Тест тапсырмалары


Ерітінділер туралы ілім

1. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) бірге тең?



  1. Қандай заттар үшін эквиваленттік фактор (fэ) ½-ге тең?

3. Қандай зат үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/3-ге тең?
4. Қандай заттар үшін эквиваленттік фактор (fэ) 1/6-ге тең?

  1. Қандай концентрация моль/кг-мен өлшенеді?

  2. Молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?

7. Эквивалентті молярлы концентрация қандай қатынаспен есептелінеді?
8. Ерітіндінің массалық үлесі қандай формулалар бойынша есептелінеді?
9. 1 литр ерітіндіде 3,65 г хлорсутек бар. Осы ерітіндінің молярлы концентрациясы неге тең?
10. Хирургияда натрий хлоридінің 10%-дық ерітіндісімен сіңірілген гипертонды таңғыштар қолданылады. Осындай 500 г ерітінді дайындау үшін қанша грамм тұз және су қажет?
11. 95 г суда 5 г глюкоза ерітілген. Алынған ерітіндіде глюкозаның массалық үлесі (%) нешеге тең?
12. Ерітіндінің қайнау температурасының таза еріткіштің қайнау температурасына қарағанда салыстырмалы жоғарылауы
13. «Н2О2 3%-дық ерітіндісі» деген ұғым нені білдіреді?
14. Судың эбуллиоскопиялық константасы 0,52о. Глюкозаның сулы ерітіндісінің қайнау температурасы нешеге тең, егер оның моляльдік концентрациясы 1 моль/кг тең болса
15. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінділер гипертонды болады?
16. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінділер изотонды болады?
17. Қан плазмасымен салыстырғанда қандай ерітінділер гипотонды болады?
18. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы ең максималды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті молярлы концентрациялары бірдей болған жағдайда?
19. Төменде келтірілген заттардың қайсысының сулы ерітіндісінің қату температурасы ең минималды болады, егер осы ерітінділердің эквивалентті молярлы концентрациялары бірдей болған жағдайда?
20. Бірдей температурада, молярлы концентрациясы 0,1 моль/л болатын ерітінділер өзара изотонды. Осы шарт қандай ерітінділер жұбы үшін сақталады?
21. Жоғары молекулалы компоненттердің қатысуы себепті пайда болатын осмос қысымының бір бөлігі қалай аталады?
22. Стандартпен салыстырғанда осмостық қысымы жоғары ерітінді қалай аталады?
23. Эритроциттерді 10%-дық натрий хлоридінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?
24. Эритроциттерді 0,1%-дық натрий хлоидінің ерітіндісіне батырғанда қандай құбылыс байқалады?
25. Төменде келтірілген тұздардың молярлы концентрациясы бірдей: 0,01 моль/л-ге тең. Ерітінділердің қандай жұбы үшін 1 литр ерітіндісінде бөлшектер саны бірдей болады?
26. Эквиваленттізат мөлшері төмендегідей қатынас деп есептеуге болады
27. Эквивалентті фактор мен заттың молярлық массасының көбейтіндісін қандай шамамен есептеуге болдады?
28. Еріген зат мөлшерінің ертінді көлеміне қатынасын қандай шамамен анықталады?
29. Еріген зат мөлшерінің еріткіш көлеміне қатынасын қандай шамамен анықталады?


Буферлік ерітінділер

1. Бейтарап ерітінді үшін қай тұжырым дұрыс болады?


2. Хлорсутек қышқылының аз мөлшерін қосқанда гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің қай компоненті әрекеттеседі?
3. Ацетатты буферлік ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын қандай формула бойынша есептеуге болады?
4. Гидрокарбонатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?
5. Фосфатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?
6. Аммиакатты буферлік ерітіндінің құрамына қандай қосылыстар кіреді?
7. [H+] < [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінділер үшін сақталады?
8. [H+] > [OH-] қатынасы қандай сулы ерітінділер үшін сақталады?

  1. 25°С температурада таза судағы сутек иондарының концентрациясы [H+] (моль/л) неге тең?

  2. Сон- концентрациясы нешеге тең, егер Сн+ = 10-4?

  3. Сұйытылған сулы ерітінділер үшін рН және рОН қосындысы нешеге тең?

  4. Ағзада реакция ортасының қышқылды ортаға қарай ығысуы не деп аталады?

  5. Ағзада реакция ортасының сілтілік ортаға қарай ығысуы не деп аталады?

  6. рОН =11 тең болатын сулы ерітіндіде сутек иондарының концентрациясы (моль/л) нешеге тең?

  7. Ортаның реакциясы қандай болады, егер рОН = 13 болса?

  8. СNаОН= 0,001 моль/л болатын натрий гидроксиді ерітіндісінің рН-ы нешеге тең?

17. Концентрациясы 0,1 моль/л болатын HCl ерітіндісі үшін қандай қатынастар дұрыс болады?
18. [H+] > [OH-] шарты қандай заттың сулы ерітінділері үшін орындалады?
19. Сірке қышқылының ертіндісіндегі сутек ионының концентрациясын қандай формуламен есептеуге болады?
20. Аммоний гидроксидінің ертіндісіндегі сутек ионының концентрациясын қандай формуламен есептеуге болады?
21. Концентрациясы 0,01моль/л КОН ерітіндісі үшін дұрыс тұжырымдар
22. Концентрациясы 0,1моль/л, ионизациялану дәрежесі=0,001 болатын бір қышқылды әлсіз негіз ертіндісінің ионизациялану Kb(моль/л) неге тең?
23. Концентрациясы 0,1 моль/л және иондану константасы Kb 10-7-ге тең бір қышқылды әлсіз негіз ертіндісінің иондану дәрежесі  нешеге тең?
24. 100 мл қан плазмасындағы химиялық байланысқан СО2 көлемдік үлесі қалай аталады?


Комплексті қосылыстар

1. [Co(CN)4(H2O)2]- ионындағы комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?


2. [CrCl2CN(H2O)3] бөлшегіндегі комплекс түзушінің тотығу дәрежесі нешеге тең?
3. Комплекс түзуші Со (III) болып табылатын комплексті бөлшектің [Co(NO2)3(NH3)3]x заряды нешеге тең?
4. Комплекс түзуші Pt (IV) болып табылатын комплексті бөлшектің [PtCl(OH)5]x заряды нешеге тең?
5. Комплексті қосылыс калийдің монобромопентанитроплатинатына (IV) қандай формула сәйкес келеді?

  1. Комплексті қосылыс натрийдің пентацианомоноамминферратына (II) қандай формула сәйкес келеді?

  1. Комплексті қосылыс пентаамминбромокобальт (III) сульфатына қандай формула сәйкес келеді?

8. [Au(CN)2Br2]- комплексті ионындағы алтынның тотығу дәрежесі нешеге тең?
9. Катионды комплекске қандай формулалар сәйкес келеді?
10. Анионды комплекске қандай формулалар сәйкес келеді?
11. Бейтарап комплекске қандай формулалар сәйкес келеді?
12. [Co(NH3)5Cl]Cl2 комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?
13. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында қай бөлшектер лигандалар болып табылады?
14. (NH4)2[Pt(OH)2Cl4] комплексті қосылысында комплекс түзуші болып не табылады?
15. Байланыс түзілу кезінде электрондар әрекеттесуші электрондар әрекеттесуші атомның біреуінен екіншісінен іс жүзінде толықтай өтіп кететін болса, химиялық байланыс қалай аталады ?
16. Байланыс түзу кезінде электрондар әрекеттесуші атомдардың біреуінен екіншісіне тек жартылай ғана ығысатын болса, химиялық байланыс қалай аталады?
17. Байланыс түзу кезінде электрондар екі атомға да бірдей дәрежеде ортақ қасиет көрсетсе, химиялық байланыс қалай аталады?
18. Сутек атомы мен электртерістігі жоғары басқа бір атомның арасында күшті полярлық коваленттік байланыс түзетін қосылыстарға тән химиялық байланыс қалай аталады?
19. Лиганда орналасатын координациялық максималды сан қалай аталады?


Атом құрылысы. Биогенді элементтер

1. Ва2+ бөлшегінде қанша электрон бар, егер барийдің реттік нөмірі 56 тең болса?


2. I- бөлшегінде қанша электрон бар, егер иодтың реттік нөмірі 53 тең болса?
3. Fe3+бөлшегінде қанша электрон бар, егер темірдің реттік нөмірі 26 тең болса?
4. Қандай заттар адам ағзасына улы қосылыстар түзеді?
5. Қандай элемент сүйек тінінің негізі болып табылады?
6. Медицинада антисептикалық құрал ретінде қандай заттардың ерітінділері қолданылады?
7. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығын жоғарылату үшін қандай заттың ерітіндісі қолданылады?
8. Медицинада асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылап, қыжыл пайда болғанда қандай заттың ерітіндісі қолданылады?
9. Қандай ион жасуша ішілік негізгі ион болып табылады?
10. Қандай ион жасуша сыртындағы негізгі ион болып табылады?
11. Қандай элемент макроэлементтер қатарына жатады?
12. Қандай элементтер органоген болып табылады?
13. Қандай элементтер микроэлементтер қатарына жатады?
14. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен «эндемиялық зоб» ауруы пайда болады?
15. Гемоглобинде қандай ион комплекс түзуші болып табылады?
16. Ағзада қандай элементтің жетіспеуінен остеопороз ауруы дамиды?
17. Фтордың артық мөлшерінен туындайды
18. Тас көмірдің шаңын жүйелі түрде жұту кезінде туындайды
19. Алюминий мен оның оксидтерін жүйелі түрде жұту кезінде туындайды


Химиялық термодинамика

1. «Бітеу ампуладағы 0,9%-дық NaCl ерітіндісі» қандай термодинамикалық жүйеге жатады?


2.Қандай термодинамикалық жүйелер гомогенді болып табылады?
3. Қандай термодинамикалық жүйелер гетерогенді болып табылады?
4. Қандай термодинамикалық жүйе қоршаған ортамен массасы мен энергиясымен алмасады?
5. Төменде келтірілген термодинамикалық жүйелердің қайсысы жабық болып табылады?
6. Қандай термодинамикалық жүйенің (заттардың бірдей мөлшері болған джағдайда) энтропия шамасының мәні минимальды болады?
7. Қандай термодинамикалық шама химиялық жүйенің реакциялық қабілетінің өлшемі болып табылады?
8.Эндотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?
9.Экзотермиялық реакцияның жүру барысында жылу мен энтальпия қалай өзгереді?
10.Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы өзгермейді?
11.Газды фазада жүретін қандай химиялық реакция барысында термодинамикалық жүйенің энтропиясы артады?
12.Адам қандай термодинамикалық жүйеге жатады?
13.Тірі ағза жасушасында қандай биохимиялық процестер жүреді?
14. Қандай заттардың түзілу жылуы нөлге тең болады?

  1. Стандартты жағдайда жай заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сіңірілетін жылу мөлшері қалай аталады?

16. «Кез келген химиялық қосылыстың ыдырау жылуы оның түзілу жылуына абсолюттік шамасы бойынша тең, бірақ таңбалары қарама-қарсы» - бұл анықтама
17. Лавуазье-Лапласс заңының математикалық өрнегіне сәйкес формуланы таңдаңыз
18. Егер судың бір моль түзілу энтальпиясы -241,6 кДж тең болса, онда судың екі молінің ыдырау реакциясының энтальпиясы неге тең болады?
19. «Химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолына тәуелсіз, тек реакцияға қатысатын бастапқы және соңғы күйіне ғана тәуелді» - бұл тұжырым
20. Түзілу жылуы нөлге тең болмайтын заттарды таңдаңыз
21.Заттың агрегаттық күйі кристалл-сұйық-газ қатары бойынша өзгеру барысында энтропия қалай өзгереді?


Химиялық реакциялар кинетикасы

1. Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз не?


2. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 тура реакция жылдамдығының реагенттер концентрацияға тәуелділігін сипаттайды?
3. Қандай теңдеу 2NO + O2 = 2NO2 кері реакция жылдамдығының реагенттер концентрацияға тәуелділігін сипаттайды?
4. A + B + B  AB2 тура реакциясы үшін қандай теңдеу әрекеттесуші массалар заңына сәйкес келеді?
5. Ферменттердің каталитикалық әсерінің ерекшелігіне не жатады?
6. Екінші ретті реакция қандай теңдеулермен өрнектеледі?
7. Тірі ағзадағы ферменттердің атқаратын қызметі
8. Қандай реакциялар үшін w = kC(O2) өрнегі дұрыс болып табылады?
9. СаСО3(қ) = СаО(қ) + CO2(г) тура химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер жүйедегі қысымды 5 есе арттырса?
10. Қандай реакция тримолекулярлы болып табылады?
11. 2NO(г) + Cl2(г)  2NOCl(г) реакциясының тепе-теңдік константасына қандай формула сәйкес келеді?
12. CaCO3(қ)  CO2(г) + CaO(қ) тура реакциясы үшін әрекеттесуші массалар заңына қандай формула сәйкес келеді?
13. Реакцияның температуралық коэффициент γ=2. Химиялық реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер температураны 35оС –тан 65оС-ке дейін арттырса?
14. Химиялық реакцияның жылдамдық константасы неге тең?
15. Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуші заттар концентрациясы сандық түрде қалай өрнектеледі?
16. Химиялық реакцияның жылдамдық константасының температураға тәуелдігі сандық түрде қалай өрнектеледі?
17. Қандай тұжырымдар ферментативті реакцияны сипаттайды?
18. Берілген реакциялардың қайсылары гомогенді?
19. Берілген реакциялардың қайсылары гетерогенді?


Тотығу-тотықсыздану процестері

1. Ерітінді-ерітінді фазаларының бөліну шекарасында потенциал секірмесі қалай аталады?


2. Қандай жүйеде тотықтырғыштық қасиеті жоғары болады
3. Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күшін есептеуге болады?
4. Қандай электродтар бірінші текті электрод қатарына жатады?
5. Қандай электродтар екінші текті электрод қатарына жатады?
6. Төменде келтірілген электродтардың қайсысы тотығу-тотықсыздану электродтары болып табылады?
7. Жүйе (+) Ag│AgNO3(0,1н)║AgNO3(0.01н)│Ag(-)
8. [H +]=10-2 тең болғанда сутек электродының потенциалы (В) нешеге тең болады?
9. рН=10 тең болғандағы сутекті электродтың потенциалы (В) нешеге тең?
10. Биологиялық сұйықтықтардың рН-н потенциометрлік анықтауда қандай электродтар қолданылады?
11. Ерітінді рН-н анықтау кезінде анықтауыш электрод ретінде қандай электродтарды пайдалануға болады?
12. (-) Fe / FeSО4 // CuSО4 / Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Fe / Fe2+ = - 0,44 В; φ0 Сu / Сu2+ = +0,34 В)?
13. (-) Zn/ZnS04 //CuS04 /Сu (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0Cu/Cu2+ = +0,34 B)?
14. (-)Zn /ZnS04 // NiS04 /Ni (+) гальваникалық элементте қандай реакция жүреді (φ0 Zn/Zn2+ = -0,76 B ; φ0 Ni/Ni2+ = -0,25 B)?
15. Металл- оның тұзының ерітіндісі фазалар бөліну беті аралығында пайда болатын потенциал секірмесі қалай аталады?
16. Мембрананың таңдамалы өткізгіштігінің салдарынан мембрана-ерітінді фазаларының бөліну беті аралығында пайда болатын потенциал секірмесі қалай аталады?
17. Гальваникалық элементтің электрқозғаушы күш дегеніміз не?
18. Нашар еритін тұзымен қапталып, сол тұзбен аттас ионы бар, жақсы еритін электролит
ерітіндісіне батырылған металл электроды қалай аталады?
19. Қандай жүйенің тотығу қасиеті жоғары?


Беттік құбылыстар

1. Беттік активтілік шамасын қандай формула бойынша есептелінеді?


2. Қозғалмалы фазалардың бөліну бетінде еріген заттың адсорбция шамасы қандай формула бойынша есептелінеді?
3. Адсорбциялық тепе-теңдік күйін қалай сипаттауға болады?
4. Адсорбция жылдамдығы десорбция жыдамдығына тең болатын жүйенің күйі қалай аталады?
5. Катиониттерді регенерациялау үшін қандай шара қолдануға болады?
6. Са2+ иондарын кетіру үшін консервілеу кезінде қанның ұюын тоқтату мақсатында қандай әдіс қолданылуы мүмкін?
7. Беттік активті заттарды таңдаңыз
8.Қандай ионның адсорбциялануға қабілеті жоғары?
9. Белсендірілген көмір бетінде молекула түрінде қай зат адсорбцияланады?
10. Қатты-сұйықтық бөліну бетіндегі адсорбцияны сипаттайтын қандай теңдеу?
11. Дюкло-Траубе ережесіне сәйкес көмірсутекті тізбекті бір –СН2- тобына ұзартқан сайын бір гомологты қатардағы заттардың сулы ерітінділерінің беттік активтілігі қалай өзгереді?
12. Қайсы топтардың гидрофильді қасиеттері болады?
13. Қайсы топтардың гидрофобты қасиеттері болады?
14. Панет-Фаянс ережесіне сәйкес күміс бромидінің бетінде қандай иондар адсорбцияланады?
15. Қандай зат беттік-активті зат қатарына жатады?
16. Беттік керілу изотермасы беттік керілу σ шамасының тәуелділігін көрсетеді
17. Беттік активтілік шамасы қандай заттың максималды?
18. Беттік активтілік шамасы қандай заттың минималды?
19. Адсорбция изотермасы бұл адсорбция Г шамасының графикалық тәуелділігін көрсетеді
20. «Қатты адсорбент бетінде оның құрамына кіретін және сол адсорбенттің кристаллды торын жетілдіре алатын иондар ғана адсорбциялана алады»
21. Бір заттың екінші бір затқа бүкіл көлемімен сіңірілу процесі қалай аталады?
22. Хемосорбция құбылысы немен сипатталады?


Дисперсті жүйелер



  1. Грануланың изоэлектрлік күйі сипаттайды?

  2. Ауырлық күшінің әсерінен ірі агрегаттардың шөгу процесі қалай аталады?

  3. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  4. Оң зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  5. Теріс зарядталған бөлшектері бар зольге қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  6. Барий хлоридінің артық мөлшерінде алынған барий сульфатының золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  7. Күміс нитратының артық мөлшерінде алынған күміс хлоридінің золіне қандай электролит ерітіндісінің коагуляциялау әсері жоғары болады?

  8. Жоғары жылдамдықпен коагуляциялайтын бөлшектер

  9. Коллоидты ерітінділерді төмен молекулалы қоспалардан тазарту үшін қандай әдістер қолданады?

10. Жартылай өткізгіш мембрана мен ағынды еріткішті қолдануға негізделген коллоидты ерітінділерді тазарту әдісі қалай аталады?
11.Тиндаль конусы қандай дисперсті жүйелерде байқалады?
12. К4[Fe(CN)6] артық мөлшерін FeCl3-ке қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?
13. FeCl3 артық мөлшерін К4[Fe(CN)6]-ға қосу арқылы Fe4[Fe(CN)6]3 берлин лазурін алу кезінде қандай ион потенциал анықтаушы ион болып табылады?
14. Коллоидты бөлшектердің ірі агрегаттарға бірігу процесі қалай аталады?
15. K2SO4 артық мөлшерімен тұрақтандырылған барий сульфаты золінің мицелласына сәйкес келетін қандай формула?
16. Теріс зарядталған зольдің коагуляциясын қандай ион тез тудырады?
17. Темір сульфидінің золі үшін қандай иондар потенциал анықтаушы бола алады?
18. Кұміс нитратымен тұрақтандырылған күміс бромиді золінің мицелласына сәйкес келетін қандай мицеллярлы формула?
19. Коллоидты бөлшектердің үздіксіз ретсіз қозғалысы қалай аталады?
20. Коллоидты бөлшектердің барлық көлемінде бөлшектер концентрацияларының өздігінен теңесуі қалай?
21. Броун қозғалысы қандай ертінділірде айқын байқалады?
22. Броун қозғалыс қандай бөлшектер үшін тән емес?
23. Дисперсті фазаның бөлшектері үшін қандай ертінділердің диффузия жылдамдығы максималды?
24. Дисперсті фазаның бөлшектері үшін қандай ертінділерде диффузия іс жүзінде байқалмайды?
25. Дисперсті фазаның бөлшектері үшін қандай ертінділердің седиментация жылдамдығы максималды?
26. Қандай ерітінділерде седиментация құбылысы байқалады?
27. Электр өрісінде дисперсті фаза бөлшектерінің зарядталған электродтарға қарай қозғалысы қалай аталады?
28. Коллоидты жүйелердің қандай қаситтері молекулалық-кинетикалық болып табылады?
29. Коллоидты жүйелердің қандай қаситтері оптикаалық болып табылады?


Жоғары молекулалы қосылыстар

1. Жоғары молекулалы қосылыстардың шекті ісінуі кезінде қандай процестер жүреді?


2. Физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісіне жалғасатын нативті ақуыздың ерекше құрылымының гидролиттік емес бұзылуы қалай аталады?
3. Жоғары молекулалы заттың төмен молекулалы еріткішті сіңіріп, массасы мен көлемі ұлғаятын, өздігінен жүретін процесс қалай аталады?
4. Полимердің ісіну дәрежесі қандай формулалар бойынша есептелінеді?
5.Ақуыз молекуласының қосынды заряды нөлге тең болатын pH мәні қалай аталады?
6. Полимердің шексіз ісінуінің нәтижесінде қандай құбылыс байқалады?

  1. Ісінудің сандық өлшеміне не жатады?

  2. Ақуыздың ең аз ісінуі рН-ң қандай мәнінде байқалады?

  3. Жоғары молекулалы қосылыстардың электролит ерітінділерінің әсерінен тұнбаға түсу процесі

  4. Жоғары молекулалы қосылыстардың бөлшектері бірікпей, тек гидратты қабаттарының бірігу процесі не деп аталады?

11. Альбумин ақуызының изоэлектрлік нүктесі тең болады: рН=4,8. рН-ң қандай мәнінде альбумин ақуызының молекулалары оң зарядталып, электрофорез кезінде катодқа қарай бағытталады?
12. Ерітіндіде ақуыздар қоспасы бар: қан γ-глобулині (pI=6,40); қан сарысуының альбумині (pI=4,64); цитохром С (pI=10,70). рН-ң қандай мәнінде осы ақуыздарды электрофорездік түрде бөлуге болады?
13. Онкотикалық қысым - бұл
14. Төменгі молекулалы заттарды (NH3, H2O, CO2, HCl) бөле жүретін, ЖМЗ –нің түзілу реакциясы қалай аталады?
15. Қандай реакция нәтижесінде белок түзіледі?
16. Механикалық әсердің нәтижесінде туындайтын сірне?
17. Полимерден сұйық фазаның бөлінуіне байланысты бастапқы пішінін сақтай отырып, сірне көлемінің кішіреюі қалай аталады?
18. Желатиннің ең аз ісінуі қандай жағдайда байқалады?
19. ЖМЗ ертінділерінің тұтқырлығына температураның жоғарылауы қалай әсер етеді?


Құқықтық компетенция бойынша тест тапсырмалары

1. Улы заттармен терең уланған жағдайда, улану дәрежесі мен зардап шеккендердің жағдайына тәуелсіз, алғашқы көмек берудің негізгі ережесіне не жатады?


2. Электр тоғымен адам зақымданғанда қандай шара жасауға тиым салынады?
3. Лабораторияда реактивтер мен химиялық заттары бар қандай сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат беріледі?
4. Органикалық табиғаты бар материалдың жанғыштығын төмендету үшін қосылатын зат немесе қоспа қалай аталады?
5. Химиялық күйік алғанда зақымдалған орынды кран астындағы ағынды сумен біраз уақыт бойы (15 минуттан кем емес) шаяды. Егер қышқылмен зақымдалған жағдайда, күйіктің орнын қандай заттың ерітіндісімен өңдеу қажет?
6. Аптасына 8 сағат бойы (демалыс күндерін ескермегенде) күн сайынғы жұмыс немесе ұзақтығы басқа (аптасына 41 сағаттан артық емес) бүкіл жұмыс стаж бойына қандай-да бір ауруларды немесе денсаулықтағы ақауды тудыра алмайтын, жұмыс істеу процесінде немесе қазіргі және келесі ұрпақтың болашағында жаңашыл зерттеу әдістерімен анықтайтын зиянды зат концентрациясы қалай аталады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет