В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет114/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

Органикалық химия

  1. Ақуыздар құрамына кіретін 20 α-амин қышқылдарына (тривиальды және ИЮПАК номенклатурасы бойынша) атау беріңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын анықтаңыз.

  2. 20 α-амин қышқылдарының мысалында трипептидтің түзілу реакциясын жазыңыз, пептидті топтың құрылысын бейнелеңіз. Осы амин қышқылдарының қышқылдық-негіздік сипатын белгілеңіз. Қандай әмбебап реакцияның көмегімен α-амин қышқылдарының бар-жоқтығын дәлелдеуге болады? Мысалы:

  1. лей-про-глу (2-амино-4-метилпентан қышқылы, пирролидин-2-карбон қышқылы, 2-аминопентанди қышқылы);

  2. лиз-три-вал (2,6-диаминогексан қышқылы; 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы, 2-амино-3-метилбутан қышқылы);

  3. асп-мет-гис (аминобутанди қышқылы; 2-амино-4-метилтиобутан қышқылы, 2-амино-3-имидазолилпропан қышқылы);

  4. иле-фен-тре (2-амино-3-метилпентан қышқылы, 2-амино-3-фенилпропан қышқылы, 2-амино-3-гидроксибутан қышқылы),

  5. вал-цис-три (2-амино-3-метилбутан қышқылы, 2-амино-3-меркаптопропан қышқылы, 2-амино-3-индолилпропан қышқылы).

  1. Лизин (2,6-диаминогексан қышқылы); гистидин (2-амино-3-индолилпропан қышқылы) мысалға ала отырып ішкі тұзының, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

  2. Аспарагин қышқылы (аминоянтарь қышқылы); триптофан (α-амино-β-индолилпропион қышқылы мысалға ала отырып амидтердің түзілуі, дезаминдеу, декарбоксилдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

  3. Цистеин (2-амино-3-тиопропан қышқылы); треонин (2-амино-3-гидроксибутан қышқылы) мысалға ала отырып тотығу, күрделі эфирлердің түзілуі, дезаминдеу реакцияларын жазыңыз. Реакциялар өнімдерін атаңыз. Бұл қышқылдарының қышқылдық-негіздік касиеттерін анықтаңыз.

  4. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларын жазыңыз. Ацетосірке қышқылының этил эфирінің таутомерлік формаларының болатынын химиялық реакциялар көмегімен екі форманың болатынын дәлелдеңіз. Ацетосірке қышқылының декарбоксилдену реакциясын жазыңыз. Қандай аурумен ауырғанда қанның және зәрдің құрамында осы декарбоксилдену өнімін анықтауды жүргізеді?

  5. Сәйкес келетін амин қышқылынан коламинді алу реакциясының схемасын жазыңыз. Амин қышқылы - сериннен холиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Нейромедиатор – ацетилхолиннің түзілу реакциясын жазыңыз. Оның биологиялық ролі.

  6. Пиридиннің туындыларын жазыңыз: β–метилпиридин, никотин қышқылы, никотинамид. Никотинамид ядросы қандай коферменттің құрамына кіреді? "РР" дәрумені жеткіліксіз немесе жоқ болған жағдайда қандай ауру дамиды? НАД+ коферментінің тотығу-тотықсыздану процестеріне қатысу қабілетін немен байланыстыруға болады? Оның қатысуымен жүретін схемасын жазыңыз.

  7. Пиримидин негіздері: урацил, тимин, цитозин. Лактам-лактимді таутомерия.

  8. Пурин негіздері: аденин, гуанин. Лактим-лактамді таутомерия.

  9. Нуклеотидтер. АМФ (аденозин-5/-монофосфат), ГМФ (гуанозин-5/-монофосфат), ТМФ (тимидин-5/-монофосфат), ЦМФ (цитидин-5/-монофосфат), УМФ (уридин-5/-монофосфат), АТФ (аденозин-5/-трифосфат) құрылысы. Байланыс типтерін атаңыз, биологиялық ролі.

  10. Нуклеотидтердің циклді формалары. Циклді АМФ, ГМФ, биологиялық ролі.

  11. Нуклеотидтердің гидролизге қатысы. Қышқылдық және сілтілік гидролиз. Гидролиз реакциясының өнімдерін атаңыз. Гидролиз реакцияларында N – гликозидті және күрделі–эфирлік байланыстар арасындағы айырмашылықты белгілеңіз.

  12. Моносахаридтер: глюкоза, галактоза, манноза, рибоза, дезоксирибоза, фруктоза. Энантиомерлер, диастереомерлер. Моносахаридтердің жіктелуі және цикло-оксо-таутомериясы (Фишер, Хеуорс формулалары).

  13. Сірке және ортофосфор қышқылынан гликозидтер мен күрделі эфирлердің түзілуі. -D-рибофураноза және -D-фруктофуранозаның фосфор қышқылымен күрделі эфир түзу реакцияларын жазыңыз.

  14. Моносахаридтердің –он, -ар және –урон қышқылдарын алу. Галактозаның галактурон қышқылына дейін тотығып, келесі кезекте декарбоксилдену реакциясын жазыңыз.

  15. Маннозаның гидрлеу реакциясы. Фруктозаның тотықсыздану реакциясы.

  16. Дисахаридтер. Мальтозаның, лактозаның құрылысы. Бастапқы моносахаридтерді және реакция нәтижесінде түзілетін гликозидті байланысты көрсетіңіз. Цикло-оксо-таутомерия. Гидролиз реакциясы. Мальтоза мен лактозаның тотықсыздандыратын қасиеттері болады ма?

  17. Сахароза. Құрылысы. D-фруктоза мен D-глюкозаның қалдықтарында көміртектің аномерлі атомының конфигурациясы қандай? Неліктен сахарозаның цикло-оксо-таутомерияға қабілетті еместігін түсіндіріңіз. Сахарозаны фруктозадан қандай реакцияның көмегімен ажыратуға болады? Реакцияның схемасын келтіріңіз.

  18. Сахароза мен мальтозаның: 1) Фелинг; 2) гликозидтердің түзілуі 3) жай және күрделі эфирлерді түзу реакцияларындағы ұқсастығы мен айырмашылығы?

  19. Алмастырылатын және алмастырылмайтын жоғары май қышқылдары. Құрылысы.

  20. Йод саны деген не? 1) 1-олеодипальмитиннің; 2) 1,2 –диолеопальмитиннің түзілу реакциялары. Осы майлардың қайсысында йод саны жоғары болады? Неліктен? Берілген липидтердің құрамында қанықпаған қышқылдардың бар екенін қандай реакция арқылы дәлелдеуге болады?

  21. 1,2-диолеостеариннің құрылымдық формуласын жазыңыз және майдың консистенциясын анықтаңыз.

  22. 1-линолеодистеариннің қышқылдық ортада түзілу реакциясын жазыңыз.

  23. 1-олеоил-2-пальмитоил-3-стеароилглицериннің сілтілік гидролиз (сабындалу) реакциясының схемасын жазыңыз.

  24. 1-пальмитоил-2-линоленоилфосфатидилэтаноламиннің қышқылдық гидролизі.

  25. Құрамында пальмитин және арахидон қышқылдарының қалдықтары бар фосфатидилхолиннің қышқылдық гидролиз реакциясының схемасын жазыңыз.

  26. 1-пальмитоил-2-олеоилфосфатидилсериннің сілтілік гидролиз реакциясы.

  27. Фосфоглицеридтердің құрамына кіретін азотты қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты дәлелдейтін реакцияларды жазып, атаңыз.

  28. Холан туындылары (өт қышқылдары). Хол қышқылының таурин және глицинмен өзара әрекеттесу реакцияларының схемасын келтіріңіз. Хол, гликохол және таурохол қышқылдарының биологиялық маңызы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет