Реактивтер: 1% крахмал ерітіндісі, Люголь реактиві.
Пробиркаға 1-2 тамшы Люголь тамызып оны ақшыл-сары түске дейін сумен сұйылтыңдар (ертіндіні келесі әдістерді жасау үшін сақтаңыздар).
Басқа пробиркаға 2-3 тамшы крахмал ертіндісін және 1 тамшы сұйытылған Люголь реактивін қосыңыздар. Ерітінді комплексті қосылысты түзе отырып көк түске боялады.
Егерде пробиркадағы ерітіндіні сулы моншада қыздырса – ерітінді түссізденеді, салқындатса қайтадан көк түске айналады.
Иодкрахмалды реакцияны, крахмалды және иодты ашуға қолданады.
№ 10 ЖҰМЫС. КРАХМАЛДЫҢ ҚЫШҚЫЛДЫҢ ӘСЕРІНЕН ГИДРОЛИЗДЕНУІ (ДЕКСТРИНДЕНУІ)
Реактивтер: 1% крахмал ерітіндісі, 10% күкіртқышқылыныңерітіндісі (9), Фелинг реактиві (8), лакмус қағазы, 10% натрий гидроксидінің ерітіндісі.
Пробиркаға 3 мл крахмал ертіндісін, 1 мл күкірт қышқылын құйып және қайнапжатқан су моншасына қойыңыздар.
Қыздыра бастағаннан 2-3 минуттан кейін қоспадан 1 тамшы ертіндіні алып, оны ішінде 2-3 тамшы сұйытылған Люголь реактиві бар (4, 5 жұм.) пробиркаға қосыңыздар. Крахмалы бар пробирканы қыздыра отырып, әрбір 1-2 минут сайын, 2-3 тамшы сұйытылған Люголь реактиві бар, пробиркадан басқа пробиркаға 1 тамшыдан ертінді алынып отырады. Алынған пробиркалардан иодпен реакция кезінде сынауықтардың түстерінің өзгереберетіндігін байқауға болады.
Осыдан кейін ерітіндіні суытып, лакмус арқылы сілтімен нейтралдап, Фелинг реакциясын жүргізіңдер (3 жұм.). Крахмалдың гидролизі кезінде бірқатар аралық өнімдерге – декстриндерге ыдырайды. Бұны схема ретінде былай көрсетуге болады:
Крахмал жәнеоныңдекстринденуөнімдері
|
Иодпен боялады
|
Крахмал
|
Көк түске
|
амилодекстриндер
|
Күлгін, қоңыр-күлгін
|
эритродекстриндер
|
ал-қызыл, қызғылт-сары
|
флаводекстриндер
|
Ашық сары
|
а хродекстриндер
|
Иодпенбоялмайды
|
Мальтодекстриндер
|
Мальтоза
|
глюкоза
|
Достарыңызбен бөлісу: |