В130100 «Жалпы медицина» Кафедра: Химия Курс: Алматы, 2015 ж Мазмұны



бет72/126
Дата14.11.2022
өлшемі1,9 Mb.
#158072
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
Байланысты:
УМКД-для-1-курса-ОМ-15-16-каз

БАҚЫЛАУ
Бақылау сұрақтары

  1. Термодинамикалық жүйе: жіктелуі, күйі, параметрлері.

  2. Термодинамиканың негізгі заңдылықтары: термодинамиканың бірінші және екінші бастамасы.

  3. Термохимия – негізгі түсініктері мен заңдылықтары (Гесс заңы және Гесс заңынан шығатын салдарлар, Лавуазье-Лапласс заңы).

  4. Тірі жүйе термодинамикасының ерекшеліктері. Термодинамикалық жүйенің стационарлы күйінің сипаттамасы. Энергетикалық қабысу принципі. Пригожин принципі.

  5. Реакцияның молекулалығы және реті.

  6. Реакцияның кинетикалық жіктелуі.

  7. Ферментативтің катализ ерекшеліктері. Михаэлис-Ментен теңдеуі.

  8. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы. Ле-Шателье принципі. Адаптивті қайта тұрғызу принципі.



Тесттер
1. «Дәнекерленген ампуладағы NaCl-нің 0,9%-дық ерітіндісі» - бұл жүйе болып табылады
1) гомогенді
2) гетерогенді
3) оқшауланған
4) жабық
5) ашық
2. Стандартты жағдайда жәй заттардан 1 моль күрделі зат түзілгенде бөлінетін немесе сііңірілетін жылу
1) жану энтальпиясы
2) бейтараптау энтальпиясы
3) стандартты түзілу жылуы
4) стандартты ыдырау жылуы
5) стандартты түзілу энтальпиясы
3. Стандартты жағдайларға сәйкес келетін параметрлердің мәндерін таңдаңыз:
1) температура t = 25oC
2) температура Т = 298 К
3) температура Т = 273 К
4) қысым р = 101,325 кПа
5) қысым р = 1,0 атм
4. Термодинамикалық процестің өздігінен жүруі мүмкін болмайтын жағдайды таңдаңыз:
1) G > 0
2) G < 0
3) H > 0; S < 0
4) H = TS
5) H < 0; S > 0
5. Стационарлық жағдайда термодинамикалық жүйеге тән тұжырымдама
1) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де алмаспайды
2) қоршаған ортамен массасымен де энергиясымен де үздіксіз алмасады
3) термодинамикалық параметрлердің мәні жағынан тұрақты градиенттері (шамалары) болады
4) жүйе энтропиясы ең аз шамаға өзгереді Si /z0
5) жүйе энтропиясы үнемі артып отырады Si /z > 0
6. aА + bB + cC = mM + nN реакциясындағы (m + n) көрсетеді
1) N заты бойынша реакцияның ретін
2) B заты бойынша реакцияның ретін
3) C заты бойынша реакцияның ретін
4) тура реакцияның жалпы ретін
5) кері реакцияның жалпы ретін
7. w = k кинетикалық теңдеуіне сәйкес келетін реакция реті
1) нөлінші
2) бірінші
3) екінші
4) үшінші
5) бөлшек
8. химиялық реакциясы динамикалық тепе-теңдікте болады, егер
1) А заты 50% -ға В затына айналған болса
2) А заты 10% -ға В затына айналған болса
3) бірлік уақытта А затының айналу жылдамдығы В затының айналу жылдамдығына тең болса
4) В затының А затына айналу процесі басталған болса
5) А затының В затына айналуы аяқталған болса
9. N2(г) + O2(г)  2NO(г) тура реакция берілген. Жүйе қысымын 5 есе арттырғанда тура реакция жылдамдығы

  1. 5 есе артады

  2. 5 есе кемиді

  3. өзгермейді

  4. 25 есе артады

  5. 25 есе кемиді

10. Ферменттер
1) жоғары каталитикалық белсенділік көрсетеді
2) ерекшелігі жоқ
3) биохимиялық реакцияларға таңдамалы түрде әсер етеді
4) температураның үлкен аумағында белсенділік көрсетеді
5) рН-тың белгілі бір мәндерінде ғана белсенділік көрсетеді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет