3.1. Калий перманганатына әсері Реактивтер: 0,1% калий перманганаты ерітіндісі, 10% сода ерітіндісі, өсімдік майы.
Пробиркаға 1 тамшы май, 1 тамшы сода ерітіндісі, 2-3 тамшы калий перманганаты ерітіндісін тамызып, шайқаңдар. Марганецтің тотықсыздануы барысында күлгін түс жоғалады, ал майдың құрамына кіретін, қанықпаған қышқылдар, этилен тәрізді тотығады.
Реакция схемасын жазыңдар:
Бақылау: Осы сабақта бағалау компетенциясы тұрады:
«Білім» бағалау компетенциясы: шағын топтармен жұмыс істеу кезінде, ауызша сұраудың жауаптарымен, ( ситуациялық есептерді шығару),ауызша сұрау (билеттер және тесттер),үй тапсырмаларын тексеру (жаттығулар, тесттер) бойынша өткізіледі..
«Дағдылар» бағалау компетенциясы: ситуациялық есептердің, жаттығулардың нәтижелеріне интерпретация жасау біліктілігіне және практикалық сабақтың хаттамаларын толтыруын бақылау бойынша өткізіледі.