Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері
Мақсаты: Валюталық бағамдар өзгерісінің әсерінің мәнін толық ашу
1. Валюталық бағамдар түсінігі
2. Валюталық бағамдар өзгерісі
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн, экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда, импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен;
Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына ауысуы дем бередi.
Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi. Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесi;
Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те әсер етедi.
Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |