«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
82
Дүкенде тек жарамсыз тауарлар ғана жатты, оларды
сату мүмкін болмады, ал жаңасын алуға алтыным
қалмады. Мен дүкенді әупіріммен бір израильдікке
төмен бағаға әрең өткіздім.
Ұзамай ауыр күндер келіп жетті. Қанша іздесем
де, жұмыс табылмады, өйткені қолымнан ештеңе
келмейтін. Жылқыларымды саттым. Құлды да сат-
тым. Тамақ пен түнеп шығар орын үшін басы артық
киімдерімді ақшаға айырбастадым, күн артынан күн
өтті, ал сәтсіздіктер қыр соңымнан қалмады.
Сол ауыр күндерде, әке, маған сенетініңді есіме
алдым. Сен мені бұл сапарға өмір көріп, ширасын,
азамат болсын деп аттандырдың ғой, сол талабыңды
қалайда орындауым керек деп шештім.
Жүрегі жұмсақ анасы жүзін орамалмен көлегей-
леп, кемсеңдей бастады.
– Сол кезде алтынның бес заңы жазылған сазтақта
есіме түсті. Ондағы ақыл-кеңесті мұқият оқып шы-
ғып, алдымен білім алуға кіріскенімде, алтынның
өзімнен алысқа кетпейтінін түсіндім. Әлгі заңның
бәрін жаттап алдым, егер де сәттілік құдайы тағы
да қолдай қалса, маған алыпұшпа тәжірибесіз жас-
тың емес, қарияның даналығы жетекшілік етеді деп
бекіндім.
Енді осында жиналғандарға әкемнің маған он
жыл бұрын берген, яғни сазтақтаға жазылған дана-
лығын тағы да оқып шығайын:
Достарыңызбен бөлісу: