Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет81/85
Дата14.02.2023
өлшемі6,68 Mb.
#168709
түріМазмұндама
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Вавилондағы ең бай адам
2 5256132993470175741, 5 сынып құстар, Психо лекция, Анатомия сессия , 13-дәріс, Логистика СРС, podgorka
«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-909-01-77
167
ең алғашқы мәліметтер бұдан 8000 жыл бұрын пай-
да болған. Ғалымдардың қала жасына байланысты 
деректі анықтаған тәсілі қызығушылық тудырады. 
Қала үйіндісінен күннің тұтылуын баяндаған жазба-
лар табылды. Бүгінгі астрономдар Вавилонда күннің 
қашан тұтылғанын есептеп шығарды, осының нә-
тижесінде вавилондық және біздің күнтізбелер ара-
сындағы байланысты анықтау мүмкін болды.
Осылайша біз 8000 жыл бұрынғы Вавилон тұр-
ғындары шумерлердің қабырғалармен қоршаған 
қалаларда өмір сүргеніне көз жеткіздік. Демек, бұл 
қалалардың қанша ғасыр бұрын салынғанын болжау 
ғана мүмкін. Ол тұрғындар сол кездің өзінде-ақ бекі-
ніске тығылған жабайылар емес еді. 
Тарихтың дәлеліне жүгінсек, олар адамзаттың 
алғашқы инженерлері, жұлдызшылары, математик-
тері, қаржыгерлері, басқаша айтқанда, жазу-сызуы 
бар алғашқы адамдар болған екен. 
Шөліркеген алқапты жұмаққа айналдырған суа-
ру жүйесі туралы еске салып өттік. Сол суарнала-
рын әлдеқашан құм басса да, олардың іздері әлі 
сайрап жатыр. Кейбір арналардың кеңдігі сонша-
лық – олардың табанымен оншақты ат қатарласып 
өте алатындай әсер қалдырады. Ауқымы бойынша 
олар Колорадо мен Юта штаттарының ең ірі суарна-
ларымен тайталаса алар еді.
Алқапты суландырумен бірге, вавилондық инже-
нерлер маңызы жағынан одан кем түспейтін жобаны 
жүзеге асырған. Тапқырлықпен жасалған құрғату 
жүйесінің арқасында олар Евфрат пен Тигр өзенде-
рінің батпақты сағаларын құрғатып, үлкен аумақты 
ауыл шаруашылығына жарамды ете білді.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ»
КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 
8-775-233-72-57
168
Ежелгі грек саяхатшысы әрі тарихшысы Геродот 
гүлденіп тұрған Вавилонды көріп, қала туралы жаз-
басын қалдырған екен. Өз еңбегінде ол бізге бұл қа-
ланың бейнесін сипаттап, тұрғындарының ерекше 
әдеттері мен салттары туралы жазып қалдырған. Ол 
жердің құнарлылығын, бидай мен арпа дақылдары-
ның мол өнімін атап өтіпті. 
Вавилонның даңқы өшті, бірақ оның даналығы 
бізге жетті. Бұл үшін біз оның жазуды игерген тұр-
ғындарына қарыздармыз. Алыста қалған ол заманда 
қағаз әлі болмаған еді. Вавилон тұрғындары өз ойла-
рын сазтақталарға ойып жазуды әдет етіпті. Жазу 
жазылған сазтақталар күйдірілген соң олар өшпес-
тей болып таңбаланып қалыпты. Бұндай сазтақта-
лардың көлемі 15-те 20 сантиметрді құраған, ал қа-
лыңдығы екі сантиметр болған.
Бұл сазтақталар сол кездің өзінде қазіргі біздің хат 
жазғанымыздай, кеңінен қолданылған. Оларға аңыз
өлең, тарихи мәліметтер, патша жарлығының мәтіні, 
меншікке деген құқық, қарыздық міндеттеме, тіпті 
шалғай қалаларға жөнелтілетін хаттар да жазылған. 
Бұл сазтақталар жазба авторларының жеке өмірінен 
де мәліметтер жеткізіп отыр. Мәселен, сазтақталар-
дың бірінде саудагердің жазбасы сақталған, онда бір 
күні бір аларманның сиырын әкеліп, оны жеті қап 
бидайға айырбастағаны, үш қап бидайдың оған бір-
ден берілгені, ал қалған төрт қап астықтың оған тала-
бы бойынша босатылатыны таңбаланыпты.
Археологтар қала үйінділерінен жақсы сақталған 
жүздеген, тіпті мыңдаған сазтақталардан құралған 
кітапханалар тапты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет